Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
рефлексия 
арқылы жүзеге асады. 
Рефлексивті мәдениет
белгісіздік деңгейі жоғары жағдайларда әрекет 
етуге дайын болу, шешім қабылдаудағы икемділік, инновацияларды жүзеге 
асыруға деген ұмтылыс, кәсіби мәселелерді шешудің жаңа, стандартты емес 
жолдарын іздеуге үнемі назар аудару сияқты құрамалардан түзілетіндіктен, 
студенттердің болашақ педагогикалық әрекеттерінде туындайтын міндеттерді 
шешуде кәсібилік танытуын қамтамасыз етеді. Сондықтан жоғары оқу 
орындарында 
болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімдерін 
даярлауда 
философиялық, психологиялық – категория болып табылатын «рефлексия», 
«рефлексиялық мәдениет» ұғымдарының мәнін түсініп, оны өз педагогикалық 
әрекетінде басшылыққа алуды меңгертуге жағдай жасалуы тиіс.
Ғылыми еңбектерді талдау спорт педагогтарын даярлау мәселесінің 
әртүрлі астарларының зерттеу нысанасына алынғанын көрсетті. Елімізде 
денешынықтыру мамандарын даярлау (1999-2010жж) мәселесінің әртүрлі 
теориялық және қолданбалы астарлары: А.Қарақов (студенттердің дене 
тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану) [7], Е.А.Алимханов 
(ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері [8],
Х.К.Унтаев (қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні) 
[9], А.Қ.Тшанов (бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-
педагогикалық дайындау) [10], Ә.Ж. Тастанов (оқушылардың жас 
ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негіздері) 
[11], Б.И.Орумбаев (дене шынықтыру оқытушысын нарықтық жағдайда жұмыс 
жасауға даярлау) [12] т.б.
еңбектерінде қарастырылады. 
Зерттеу барысында рефлексияны ғылыми түрде зерттеу классикалық 
философия өкілдері И.Фихте [13],Ф.Шиллинг [14]
,
И.Кант [15]
,
Р.Декарт [17], 
Дж. Локк [18] т.б. еңбектерінде танымның ерекше түрі, адамның өзінің ақыл 

ой әрекетін сыртқы әлем сияқты тануы, өзін 

өзі іздеуі, ойлау туралы ойлау, 
сананың жаңа (сараптамалық) жағдайы, білім туралы ойлау ретінде, ал ұлы 
ғұламаларымыз әл-Фараби [19], Ж.Баласағұн [20], Х.Дулати [21], М.Қашқари 
[22], А.Құнанбаев [23] адамның өзін - өзі тануы және нені білгісі келетінін 
ұғынуы, әрбір ісіне қорытынды жасап, өкінбей өмір сүру үшін жасайтын ой 
әрекеті тұрғысынан қарастырылғандығы анықталды.
 
Рефлексия адам психикасының жетілу деңгейін көрсететін, оның 
әрекетінің құрылымының компоненті болғандықтан, бұл сапаны дамыту 



психология 
ғылымында 
Л.С.Выготский 
[24], 
С.Л.Рубинштейн 
[25],
В.В.Давыдов [26], М.А.Холодная [27] т.б. еңбектерінде тұлға теориясы, 
интеллект теориясы, сана мен өзіндік сананы қалыптастырумен байланыста 
зерделенеді. 
Отандық психология саласының белгілі ғалымдары: Ж.Аймауытов [28], 
М.Мұқанов [29], Т.Тәжібаев [30], Ә.Алдамұратов [31], Қ.Жарықбаев [32] т.б., 
тұлғаны дамыту, дәстүрлі мәдениет өкілдерінің когнитивтік эмпатиясы мен 
рефлексиясы мәселелері аясында; С.М.Жақыпов [33], Ж.И.Намазбаева [34],
Н.Қ.Тоқсанбаева [35] және т.б. рефлексияны тұлғаның ішкі және сыртқы 
дамуын қамтамасыз ететін зияттылығының белгісі ретінде, оқыту үдерісінің 
психологиялық құрылымы, танымдық әрекет, бірлескен танымдық әрекет 
қарым-қатынас психологиясы шеңберінде әр қырынан қарастырады. 
ТМД ғалымдары: Н.В.Баженов, В.И.Давыдов [36], С.М.Кетько [37], 
А.А.Найн [38], С.Н.Писаренко [39], О.С.Погребная [40], Э.Боно [41], т.б. 
еңбектерінде рефлексия маманның тұлғалық сипаттамалары ретінде білім 
алушылардың кәсіби мәнді сапаларын реттейтіндігі, осыған орай, болашақ 
дене шынықтыру мамандарына басқа да кәсіби сапаларымен бірге оқу-
жаттықтыру әрекеттерінің бірден-бір салалары ретінде эмоционалды көңіл-
күйінің рефлексиясына ие болу міндет екендігі көрсетіледі. 
Қазақстанда рефлексивті мәдениетті қалыптастырудың педагогикадағы 
теориялық және практикалық аспектілері Ш.Х.Құрманалина (колледж 
жағдайында 
бастауыш 
сынып 
оқытушыларын 
кәсіби 
даярлаудағы 
рефлексияның мәні) [42], Б.А.Тұрғынбаева (педагогикалық рефлексия 
мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту құралы ретінде) [43], Ә.С.Әмірова 
(жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың шығармашылық іс-
әрекетін арттырудағы рефлексияның маңыздылығы) [44], А.Қ.Рысбаева 
(жоғары оқу орны оқытушысының әлеуметтік құзыреттілігі мен интербелсенді 
әдістерді оқу-тәрбие процесінде қолдануда рефлексияның мәні мен маңызы) 
[45], 
Б.Қасқатаева 
(болашақ математика оқытушысының рефлексия 
құзырлылығы) [46], М.В.Семёнова (жоғары оқу орындарында болашақ 
педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда рефлексияны қолдану) 
[47], С.И.Ферхо (оқытушылардың оқу процесінде рефлексияны пайдалана білу 
құзыреттілігі) [48] және т.б. ғалымдар еңбектерінде көрініс береді. 
Біз зерделеген шетелдік еңбектерде рефлексияның кәсіби қызметтегі орны 
мен рөлі айқындалды. Атап айтсақ, Д.В.Жуина өз еңбегінде магистранттардың 
таңдаған мамандығы бойынша кәсіби қызметінің мәнін түсінуі және кәсіби 
рефлексия жасауға баулу жолдарын сипаттайды [49]

С.Марьета, С.Барбара 
мұғалімдердің кәсіби дамуы контекстіндегі сыни рефлексияның әртүрлі 
анықтамаларын қарастыра келе, оған терең ойлау қабілетін жатқызады. 
Сонымен қатар мұғалімдер мен тәрбиешілердің алдында тұрған кедергілер мен 
проблемаларды шешуге сыни рефлексияның өте маңызды екендігіне 
тоқталады [50].
 
Л. Ковач пен С. Корри тәжірибеде өз жұмысы туралы ойлау қабілетін 
білікті кәсіби маманның өмірлік маңызды құзыреттілігі ретінде қарастырады 



[51].
Н. Цангариду және Ирен зерттеулерінде мектепке дейінгі білім мен 
бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабақтарына қатысты мұғалімдердің 
рефлексиясы талданып, оның бұл сабақтарды жетілдірудегі мүмкіндіктері 
сараланады [52]
.
Ф. Дервент - рефлексивті ойлауды болашақ дене шынықтыру 
мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық практикасында пайдалану жолдарын 
қарастырады [53].
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауға қатысты осындай 
іргелі және қолданбалы зерттеулердің, рефлексивті мәдениетке деген жалпы 
қызығушылықтың болғанына қарамастан, студенттердің бұл кәсіби сапасын 
қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі 
анықталды. Жоғары оқу орынындағы педагогикалық тәжірибені талдай келе,
- дене шынықтыру мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындарының 
болашақ педагог тұлғасының әлеуметтік жетілуіне бағдарлануы мен оның 
кәсіби-педагогикалық дайындығына жеткілікті көңіл бөлінбеуі арасындағы
- қазіргі мектепке өзін-өзі жетілдіре алатын, өзгермелі жағдайларға 
бейімделе білетін, өзін-өзі бағалай отырып, ішкі мүмкіндіктерін іске қосуға 
қабілетті дене шынықтыру мамандардың қажеттілігі мен ЖОО жағдайында бұл 
сапаларды дамытудың дидактикалық тетіктерінің жасалмауы арасындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет