Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
 
Педагогикалық технология
– оқыту, тәрбиелеу және дамыту 
шарттарының міндетті жиынтығын тудырушы, білім берудің біртұтас 
тұжырымдамалық негізі, мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен 
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара байланыстағы тәсілдері, 
формалары мен әдістерінің жүйесі. 
Рефлексивтік технология
- мұғалімнің іс-әрекеттері мен олардың іске 
асуының реттелген жүйесі және педагогикалық өзара әрекеттесуде өзін-өзі 
талдауға бағытталған процесс,нәтиже. 
Мәдениет
- мәдениет адамның өзін - өзі тануы мен танытуын қамтитын 
әрекет.
 
 
 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР – Қазақстан Республикасы 
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты 
ЖОО – жоғары оқу орны 
СШҮ– спорт шеберлігіне үміткер,
СШ – спорт шебері 
ҚазСТА-Қазақ спорт және туризм академиясы 
БТ-бақылау тобы 
ЭТ-эксперименттік топ 
ДШжС-дене шынықтыру жәнеспорт 
ДСҚ-дене шынықтыру-сауықтыру қызметі 
КҚ – кәсіби қызмет; 
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт; 
ҒЗЖ – ғылыми зерттеу жұмыстары 
ТМД-тәуелсіз мемелекеттер достығы 
БДД-біздің дәуірімізге дейін 
ҒЗИ-ғылыми зерттеу институты 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің көкейкестілігі. 
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс 
жаңа технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен 
ерекшеленеді. Бұл ретте еліміздің білім жүйесінде айтарлықтай инновациялық 
серпілістер жасалды. Осыған орай еңбек нарығының талаптарына сай дені-сау, 
ой-өрісі, шығармашылық әлеуеті дамыған, білімі мен біліктерін өмірдің 
өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана, дұрыс шешім қабылдай білетін, 
өзін-өзі бағалай, басқара алатын мамандарды даярлаудың отандық жүйесін 
жасау мемлекеттің негізгі міндеттерінің қатарынан саналады. Бұл мәселе білім 
саласының жұмысын реттейтін құжаттарда белгіленген. 
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], 
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2021-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» [2], «Педагог мәртебесі 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңы [3], Елбасының «Қазақстанның үшінші 
жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында 
[4], Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның 
тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім беру саласында 
мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке тұлғаның білімділігін 
ынталандыру және білім берудің дамытушылық сипатын арттыру мәселелері 
айқындалып, басымды міндеттер ретінде қабылданған [5].
Республикамыздағы білім беру ұйымдарына және әртүрлі қолдану 
салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша 
мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындауда білімділігі мен 
қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды 
жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби 
даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру көкейкесті мәселе 
болып отыр.
2014 жылы қабылданған ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» 
Заңында дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау және оны 
ғылыми-әдістемелік, 
ғылыми-техникалық 
қамтамасыз 
ету 
жолдары 
нақтыланған [6]. Денсаулығы мықты, дене сапалары, бітімі қалыптасқан адам 
ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық 
бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Демек, дене 
мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола 
отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне 
себепші болады. 
Дене тәрбиесі - білім беру үрдісінің категориясы ретінде көпқырлы жүйе 
болып есептеледі. 
Ол 
– қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, жеке 
тұлғаның жан-жақты әрі қуатты болып өсуінің кепілі. Осы арқылы өндірістік 
және шығармашылық еңбекке төзімді, ерік-жігері мол, өз елін сүйетін патриот, 
адамгершілік қарым – қатынас жасау тәсілдерін меңгерген, салауатты өмір 
сүруге бағытталған тұлға қалыптастыру мүмкіндігіне қол жеткізіледі. 



Кез-келген күрделі жүйе дамиды, ерте ме, кеш пе рефлексия феномені 
туындайтындай жағдайға жетеді, яғни, адам өз әрекетін ойында қорытып, оның 
барысын бақылап, реттеп, нәтижесіне баға бере отырып, өткен тәжірибеден 
қорытынды шығарады, алдағы әрекетін жоспарлайды. 
Болашақ дене шынықтыру мамандарына спорттық әрекеттерде: оқу –
жаттығу жиындарында, жарыс – сайыстарда, оқушылармен білімдік, тәрбиелік 
жұмыстарда, олармен нәтижелі қарым-қатынас орната алуда өзін- өзі 
ұйымдастыру, өзін - өзі жүзеге асыру, өзін - өзі бағалау, эмоциясын басқара алу
сынды іскерліктер қажет. Олар - адамның өз әрекетіне, ойларына, 
бастамаларына қайта-қайта назар аудару, сырттай бақылаушы позициясына 
тұра алу қабілеті немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет