Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет7/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
ерттеудің жетекші идеясы. 
Болашақ дене шынықтыру пәні 
мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін қалыптастыру – заман талабына сай 
мамандығының қоғамдағы мәнін түсінетін, құзыретті, өз кәсіби әрекетін 
талдау, өзіндік баға беру, түзету іскерліктері дамыған маман тұлғасын 
қалыптастыруды нәтижелі етеді. 
Зерттеудің теориялық 

әдіснамалық негіздерін 
тұлғаның іс-әрекетте 
қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер, 
тұжырымдамалар, жеке тұлға теориясы, шығармашылық теориясы, ақыл-ой іс-
әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; рефлексия теориясы; өзін өзі дамыту 
туралы тұжырымдамалары; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, 
инновациялық технологиялар туралы педагогика мен психологиядағы 
теориялық қағидалар, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру туралы ғылыми 
тұжырымдамалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері құрайды. 
Зерттеу көздері: 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы,
Қазақстан 
Республикасының 
«Білім 
туралы» 
Заңы, 
«Қазақстан 
Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2021 - 2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан Республикасы 
жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы», ҚР «Педагог мәртебесі 
туралы» Заңы, басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар 
мемлекеттік құжаттар; зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, 
алыс және жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері, диссертанттың осы 
жүйедегі тәжірибесі. 
Зерттеу әдістері. 
Қойылған міндеттерді шешу үшін бірқатар теориялық 
және эмпирикалық әдістердің кешені қолданылды.
Теориялық әдістер:
арнайы ғылыми және психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерді, зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық, 
баспаларда жарияланған материалдарды талдау, педагогикалық тәжірибелерді 
зерделеу. Эмпирикалық әдістер сауалнама, мақсатты түрде бақылау, 
педагогикалық эксперимент, психологиялық диагностика тәсілдері. 
Математикалық әдістер: ранжирлеу, шкалалау, диаграмма және 
статистикалық әдістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет