Бүгінгі студент ертеңгі маман


Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады



бет4/9
Дата24.11.2023
өлшемі39,17 Kb.
#193349
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ педагог психологтардың кәсіби құзіреттілігінің негіздері
ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, 3. Костанайский инженерно-экономический университет им. М. Дулатова, УМК системотехника АУ 331 рус, кәсіби бағ шет тілі құқықтану 2022
Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді. Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан мұғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу бұл мұғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психологиялық педагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс. Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жете меңгере алмағандығын ерім көрсетіп отыр.
Оған мыналар жатады:

  • ұстаз қызмегіңдегі мақсат қоя білу ісі;

  • білімнің мазмұнын игеру ісі;

  • оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;

  • сабақ өткізудің әдістемелік жагын ұйымдастыра білу ісі;

  • оқушылармен жақсы қарым – қатынас жасай білу ісі (коммуникативтік әрекет);

  • оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;

  • оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.

Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

  • оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;

  • оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет