Бүгінгі студент ертеңгі маман


Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды



бет2/9
Дата24.11.2023
өлшемі39,17 Kb.
#193349
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ педагог психологтардың кәсіби құзіреттілігінің негіздері
ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, 3. Костанайский инженерно-экономический университет им. М. Дулатова, УМК системотехника АУ 331 рус, кәсіби бағ шет тілі құқықтану 2022
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін кіші.
Жоғарыда аталған міндетті шешу жә-игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. Мұғалім кадрларын кәсіби оқыту жүйесінде педагогикалық практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:

  • студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;

  • нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін тереңдету, бекіту;

  • болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.

Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсетне қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет