Бүгінгі студент ертеңгі маман


Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді



бет7/9
Дата24.11.2023
өлшемі39,17 Kb.
#193349
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ педагог психологтардың кәсіби құзіреттілігінің негіздері
ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, 3. Костанайский инженерно-экономический университет им. М. Дулатова, УМК системотехника АУ 331 рус, кәсіби бағ шет тілі құқықтану 2022
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі балалардан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтау талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-әрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады» [1].
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызметте кеңес беру бағыты бойынша қызметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, атааналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет