Бүгінгі студент ертеңгі маман


Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады



бет3/9
Дата24.11.2023
өлшемі39,17 Kb.
#193349
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Болашақ педагог психологтардың кәсіби құзіреттілігінің негіздері
ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, ОШ ТЖБ География 8-сын қаз, 3. Костанайский инженерно-экономический университет им. М. Дулатова, УМК системотехника АУ 331 рус, кәсіби бағ шет тілі құқықтану 2022
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады. Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі

  • жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көп сатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалық, қарым

  • қатынасқа түскен өзге жандардың да өз - өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.

Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығыда. Өзін өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалық, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар мұғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық процестің кез келген буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу мұғалімге өзінің педагогикалық қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі. Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі – педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің бі-лім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет