"Былғары шикізаттары және жартылай фабрикаттардың экспертизасы" таңдау компонентінің



бет20/20
Дата08.11.2019
өлшемі0,61 Mb.
#51448
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
былғары экспертиза


Қышқылдық бояулармен бояу. Қышқылдық бояу молекулалары қылшыққа нашар сіңетін болғандықтан олар көпке дейін түкті жабынды бояу үшін қолданылмай келеді. Былғарыны, жүнді, қышқылды бояғыштармен бояу үрдісі жоғары температурада жүргізіледі, ал ондай температура, мех жартылай фабрикатының сапасын бұзуға себеп болады. Сондықтан тәжірибелер негізінде қышқылдық бояғыштар мен мехты терең және қанық бояудың мейлінше төмен температурасы анықталды, ол 40-60°С тең. Бұл әдіс бойынша жартылай фабрикатты бояуға дайыңдаудың маңызы зор. Бояғыштың қылшыққа сіңуін жылдамдату үшін түкті жабынды тотықтырғыш, тотыққыш және көп функциональды заттар бар ерітіндіде өңдейді. Ашық түсті бояу алу үшін пигменттенген түкті жабындыны қосымша катализдік әдіспен ағартады. Бұдан кейін қылшықтың бояумен химиялық әрекеттесуі күшейеді, бояудың жұғымдылығы жоғарылайды. Мұндай әсерді қылшықты тотыққыштармен, мысалы натрий дитионитімен өндеуде де алуға болады.

Түкті жабынды хлор қосылысымен, мысалы, хлораминмен қосымша хлорлау да қышқылдық бояумен бояу кезінде жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, полиакролеинмен өңдеуден соң қышқылдық бояумен бояу кезінде қылшық құрылысында кератин-полиақролеин бояғыш типтес берік комплекс түзіледі. Бұл комплекстің түзілуі бояудың жақсы сіңуін және оның әртүрлі сыртқы әсерге тұрақты болуын қамтамасыз өтеді.



29-лекция Аралас илеу кезіндегі илегіштердің колагенмен әрекеттесуінің ерекшеліктері.
Ақуыздың құрылымдық элементтері арасында қосымша көлденең байланыстар орнайтындықтан, алдымен хром қосылыстарымен илейді, соңынан колагенмен байланысы мықтырақ болуы үшін таннидпен иін жетілдіреді.

Жартылай фабриқатты қатионды хром комплекстерімен өңдегенде, таннидтер теріні хромның анионды комплекстерімен илегенге қарағанда көбірек фиксацияланады. Оның себебі хромның қатионды комплекстері ақуыздың қарбоксил тобымен көбірек байланысады да, амин топтарының ақтивтілігін арттырып, олардың таннидтермен байланысын жеңілдөтеді. Осының салдарынан колаген тізбелерінің арасындағы қосымша көлденең байланыстар көбейе тұседі, ал ол хромтаннидпен иленге былғарының тозуға төзімділігін жоғарылатады.

Аралас илеудің кейбір әдістері. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының "Былғары және мех технологиясы" қафедрасында аралас илеуде бүркемеленген көпкомпонентті илегіштерді қолдану арқылы бірнеше әдістер жүргізілуде:


  1. Төменгі сортты қой терілерін натрий ацетаты, уротропин және глутар альдегидімен бүркемөленген хром мен алюминий қосылыстарымен илеуде физиқалық-механиқалық көрсөткіштері жоғары сапалы былғары алуға болады.

  2. Тұсі ақшыл ұлтан былғарысын шығаруда, бүркемөленген алюмотитан және алюмоцирконийтитан қосылыстарымен пикельсіз илеуді қолданып, бейтараптайтын химиялық заттарды үнемдеуге болады. Соның нәтижесінде бұл әдіс шайынды су құрамындаш химиқаттардың концентрациясын азайтуға мүмкіндік жасайды.

3. Юфть былғарысын шығаруда бүркемөленген хром-цирконий, хромтитанцирконий және алюмотитан қосылыстарымен илеу арқылы жоғары эксплуатациялық қасиеттері бар юфть былғарысын жасаудың әдістері құрастырылған. Бұл әдіс ыстық вулқанизациялауды қолданып аяқ киім жасауда юфть былғарысының термотөзімділігін жоғарылатады.

Формальдегидті қолдану арқылы аралас илеу. Формальдегидті аралас илеуте қолдану екі жағдайға байланысты:

  1. Жарғақ құрылымын таннидпен немесе хромтаннидпен илеу алдында фиксациялау (тұрақтандыру).

  2. Көнге арналған былғары шығаруда илеуді аяқтау үшін формальдегид қолданылады. Сонда ұлтан былғарысының терге төзімділігі артады.

Алюминий қосылысымен иленген "лайканы" формальдегидпен өңдесе, жууға төзімді болады. Аралас илеу барысында, кей жағдайларда технологиялық үрдіс жылдам жүріп, былғары жасаудың өзіндік құны кемиді. Илегіш қосылыстар былғарыға, тері өзеңі мен жүн талшықтарына ерекше қасиет береді. Мысалы, хром қосылыстары жартылай фабрикаттың термотөзімділігін және оның талшықтарының серпімділігін арттырады.

Әртүрлі илегіш заттар былғарыға сол илегіштің өзіне ғана тән белгілі бір қасиеттерді бере алады. Мысалы, тек таннидтердің өзі былғарының тығыздығына, қаттылығына, беріктігіне әсері әртүрлі екені белгілі. Олай болса, әртүрлі илегіштік әсері бар таннидтер, хром қосылыстары, майлы заттар және синтетикалық илегіштердің былғары қасиетіне ықпалы да бірдей болмайды.

Кейбір илегіш заттардың былғарының жақсы қасиеттерін жоғарылатуымен бірге өздеріне тән кемшіліктері де бар. Қайсыбір илегіштер ол кемшішктерді жоюға қабілетті, сонымен бірге, сапаға дұрыс және бұрыс ықпал етуі мүмкін. Екі немесе бірнеше илегіш заттарды қолдану бір ғана илегішті қолданумен алуға болмайтын былғары қасиеттеріне қол жеткізеді. Осы негізде аралас илеу пайда болды.

Жартылай фабрикатты хромдау. Жартылай фабрикаттың өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін күлсіздендіру үрдісі толық өткен көнде, пикельдеу жылдам жүруі тиіс, қышқылдың мөлшері көн кесіндісінің сыртқы қабатының рН көрсеткішін 3,6-3,8-ге дейін, ал ішкі қабатының рН көрсеткішінің мөлшерін 5-6-ға жеткізсе жеткілікті деп есептеледі.

Пикельдеуден кейін, көнде хромдау жүргізілгенде хромның өзең қабаттарына бірден таралуының маңызы зор, сондықтан хромдаудың соңында негіздікті көтереді. Ал, тұзбен өңдеуден кейін хромдау жүргізілсе, онда төмен негіздіктегі хром ерітіндісі қолданылады. Барлық жағдайда ескеретін нәрсе жартылай фабрикаттың рН көрсеткіші 4,5-5 аралығында болуы керек.

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған жартылай фабрикатты хромдауда, оның мөлшері Сг2О3-ке есептегенде, орташа есеппен былғары массасының 0,7%-нен кем болмауы керек.

Ал, юфть былғарысына (хромтаннидпен иленген) хромдауға көтетін хром қосылыстарының мөлшері Сг2О3-ке есептегендегі көн салмағының 0,4—0,45%-дей болуы керек. Бұл кезде жартылай фабрикқаттың өткізгіштігі артып; юфтінің жиырылу температурасы 90-93°С-ке дейін жетеді.

Хромдауды, әдетте пикельден қалған ерітіндіде жүргізеді, алдын-ала қажетті негізікте дайындалған қаныққан хром ерітіндісін барабанға құяды, хромдаудың температурасы 18-30°С. Хромдаудың соңында ерітіндінің негіздігін натрий карбонатымен немесе сульфитімен жоғарылатады. Жартылай фабрикаттың жиырылу температурасы 76°С-ден төмен болмауы керек.

Хромдаудан кейін жартылай фабрикатты тыныштықта ұстаудың дұрыс та, бұрыс та жақтары бар. Бұрыс жағы: еңбекті көп шығын етіп, орын алып, уақытты өткізіп алуға болады. Ал тыныштықта ұсталмаған және бейтараптау жүргізілмеген көнде, ондағы хром мөлшерінің 50%-ға жуығы шайылып көтеді.

Хромның шайылу дәрежесі таннидпен илеу кездегі, таннидтер табиғатына да байланысты. Мысалы, емен таннидтерімен салыстырғанда, шырша таннидтері хромның көбірек шайылып кетуіне ықпал өтеді. Ерітінді өте қышқылды болып, иін қанықтыру ұзақ жүрген кезде де хром көбірек шайылады.

Таннидтермен және синтетиқалық илегіштермен иін қанықтыру. Алдын-ала хромның қатиондық комплекстерімен, сонан соң таннидтермен иін қанықтыруда, байланысқан таннид мөлшері көбейеді. Себебі, хром мен колагеннің қарбоксил топтарының байланысы, таннид пен колагеннің амин топтарының реақциясын оңайлатады. Соның нәтижесінде, тек таннидпен илеу әдісімен салыстырғанда сумен шайылатын заттардың мөлшері азаяды. Күлсіздендіруден бастап дайындық үрдістерін бір барабанда жүргізген кезде тексеруді күшейту керек, әсіресе, пикельдеу мен хромдауда химиялық заттардың концентрациясын (үрдістің алдында және соңында), температураны, СК-ті, үрдістің ұзақтығын және жартылай фабрикаттың рН көрсеткішін қадағалау керек. Хромдаудан кейін жартылай фабрикаттың жиырылу температурасы тексеріледі. Таннидпен илеуден кейін жартылай фабрикаттың көлденең қиындысында илеудің өткен-өтпегендігі тексеріледі.

30-лекция Уату үрдісі
Теріні құрғатылғаннан соң міндетті түрде соққылаудан өткізген жөн. Ол өнімді тігу мен тиеу үшін, жұмсақтықтық әсер береді. Уату дегеніміз - теріге белсенді механикалық әсер ету. Оны қолмен, таяқпен ұрғылап, аяқпен таптап, ені мен ұзындығы бойынша созғылау арқылы өткізеді. Терінің ұзындығы мен енін керіп, созып тастауға болады.
Ашытқымен өңдеу

Ашыту деп - мех жартылай фабрикатын, нан ашытқыларымен өңдеуді айтады. Бұның ерекше әсер қалдыру себебі, тері өте жұмсақ және тері тінінің иілімдігінде. Бірақта кері жақтары да бар: үлкен уақыт қажеттілігі, ашытқымен жүнді жабынның кірлеуі, қолданатын заттардың қымбаттылығы. Сол себепті, қазіргі таңда бұл тәсілді жоғары сортты қаракөл және бұлғын терілерін өңдегенде ғана пайдаланады.

Ашыту үшін құрамында крахмал, ақуызды заттар, қант, протеолитті және диастатты ферменттері бар ірі тартылған сұлы немесе арпа жармасын пайдаланады. Ашытудан өткен былғары тіні жұмсарып, соның әсерінен жоғары созымдылық қасиетке ие болады.

Ашыту дегеніміз не? Мех өңдеу әдісіне ащы болтушканы пайдалану арқылы жүреді. Болтушканы суға ұн мен ас тұзын қосып жасайды. Сұлыдан жасалған болтушка температурасы 35-39°С кезінде сүт қышқылы ашу басталады. Ашу үрдісі былай жүргізіледі: ұн крахмалы фермент әсерінен қантқа айналады да, сүт қышқылы бактериялар әсерінен органикалық қышқыл түзіледі. Қышқыл қосылған сайын шектелген қышқылдыққа жеткенше қышқылдана береді, осыдан соң бактериялар жойылады, қышқылданған ашытқыға ас түзын қосу нәтижесінде теріге күкірт қышқылы сияқты әсер ететін пикель алынады. Ашытудағы ферменттің әсерінен өзеңнің талшықты құрамы борпылдақтанады, ал оған органикалық қышқыл ашытқысын қосып, жұмсартылған, борпылдақ, созылмалы өзең алады.

Мехтік терілерді ашыту кезінде үрдістің басталуынан 2 сағат өткеннен кейін тұздың мөлшерін тексереді және қажетті болғанда оны бастапқы концентрацияға дейін күшейтеді. Ашыту үрдісінде, 1-2 рет ерітіндінің қышқылдығының өсуін бақылайды. Ашытудың соңында оның қышқылдығы сірке қышқылына санап есептегенде 10 г/л төмен болмауы керек. Қышқылдық жеткіліксіз болса терінің толық пикельденуі және микрофлораның өсіп - өнуінің ауытқуы пайда болуы мүмкін. Қышқылдықтың төмендеуі төмен сапалы ұнды пайдалану және температура режимінің тұрақты болмауының, салдарынан пайда болуы мүмкін. Ашытқы ерітіндісіндегі, ұнның тұнғаннан кейін, натрий хлоридінің мөлшерін, қышқылдықтың жалпы мөлшерін, ұшын кететін және ұшпайтын қышқыл мөлшерін, рН, анықтайды. Сонымен қатар ашыту үрдісінде ерітіндідегі натрий хлоридінің және қышқылдардың мөлшерін керекті мәніне келтіріп түзетеді. Мөлшерін керекті мәніне келтіріп түзетеді.

Қышқылдың жалпы мөлшерін анықтау үшін (сірке қышқылына есептегенде) 10 см3 сүзілген ашытқыны конус формалы шыны ыдысқа салады да фенолфталейннің қатысуыменен әлсіз қызғылт түске дейін 0,1 н сілті ерітіндісімен титрлейді. Қышқылдың жалпы мөлшерін сірке қышқылы бойынша есептегенде мына формуламен шығарады:



бұл жерде а - титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітіндісінің мөлшері, см3; К - сілті ерітіндісінің титріне түзетпе; 0,006 - 1 см3 0,1 н сілті ерітіндісіне сәйкес, сірке қышқылының мөлшері, г.

Ферментті әлсіз қышқыл ортада пайдаланады. Сондықтан ашытқыға шамамен 2-2,5 г/л алғашындағы қышқылдықты араластырады, 1-ші сірке қышқылын, сосын қышқылдығьн жоғарылата береді. Ашықыдағы теріні жылы қоймаларда ұстайды, ал 4-5 күннен соң қышқылдығы 10-12 г/л -ге жетеді.

Ұшпайтын қышқыл мөлшерін анықтау кезінде 10 см3 сүзілген ашытқы ерітіндісін конус формалы шыны ыдысқа салып, 400 мл тазартылған су қосады да ашық ыдыста бастапқы көлемге келгенше қайнатады. Содан соң ерітіндіні суытады және фенолфталейннің қатысуымен әлсіз қызғылт түске бояғанға дейін 0,1 н сілті ерітіндісімен титрлейді. Ұшпайтын қышқылдардың мөлшерін жалпы қышқылдардың мөлшерін есептегендей есептейді.

Ұшпа қышқылдардың мөлшерін, қышқылдардың жалпы мөлшері және ұшпайтын қышқылдардың мөлшері арасындағы айырмашылық арқылы есептейді. рН-ты индикатордың көмегімен немесе потенциометрмен анықтайды.

Қолмен ұстап, көзбен көру арқылы органолептикалық бақылау; ашытудан кейін тері жоғарғы илгіштікке және кейбір құрғақтыққа ие болуы керек. Шел қабаты жағынан бүктеген және қысқан кезде ақ жолақ (сушинка) пайда болады, ал түкті жабынының өзеңмен байланысы ашытудан кейін әлсірейді, әсіресе терінің қолтық жақтары. Ашытуды микроскоппен бақылау өзеңнің боялған тіліктерін микроскоппен қарау аркылы жүргізіледі.



6 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1 Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.

2 Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. - Алматы, 2010.

3 Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006.

4 Фирсова Н.М. Выделка меха, овчин и кожи. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет