Білікті маман даярлаудың кепілі дуальды оқыту



Дата22.06.2017
өлшемі81,58 Kb.
#19775
ОӘЖ.374.42.(569)
Білікті маман даярлаудың кепілі - дуальды оқыту.
п.ғ.к., Г.Т.Токкулова

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан қаласы
Бүгінгі білім әлемінің шығар шыңы мен алар асуы биік екенін, оған қол жеткізудің мүмкіндіктері тек ізденісте екенін мойындау бүгінгі күннің еншісінде.

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ білімге ден қоюдың оны ғылыми тұрғыда Білім – тек ғылымның іргетасы емес, шетелдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орыналуы, оның білім жүйесінің дегейіне, даму бағытына байланысты. Білікті мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт талабы екендігі айтылған [1]. Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерделенді. Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальдық жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылды.

Сонымен қатар халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірибелі, білімді, үлкен сыннан өткен кадрлардың қолында екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден – бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселесі екенін көрсеткен [2]. 
Бәсекеге қабілетті  және мықты Жалпыға Ортақ  Ең­бек Қоғамын құру идеясы ҚР Пре­зидентінің саясатындағы бас­ты бағыт – әр қазақстандыққа қамқор­лықты одан әрі дамыту болып табылады. Қазіргі жағдайда нақты өндірістік   секторды, Жалпыға Ор­тақ  Еңбек Қоғамын тұрақты дамыту ғана жаһандық дағдарыстың себептерінің бірі болып отырған әлеуметтік масылдыққа балама бола алады.

Дуальды жүйе кәсіпкерлер мен оқу орындардың арасындағы қарым-қатынастың арқасында пайда болған тәсіл. Сондықтан бұл жүйе қазір өзінің құндылығымен Германияны былай қойып, көптеген елдердің назарын өзіне аударып отыр. Осы ретте дуальді жүйені Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет - Қазақстанның бірінші болып қолға алынуы өте орынды.Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – педагогикалық –мемлекеттік және жеке меншік мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, заманауи оқу үдерісін, инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгерген дайын педагог мамандар даярлау.

Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесінде халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден-бір жолы – елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізуі.



Дуальды оқыту жүйесінің маңыздылығы мынада: 

- Университет бітірушілерінің кәсібіи мамандыққа дайын болуы; 

- Оқу орнының беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы; 
- Мектеп бітірушілерінің қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу; 
- Мамандықты тереңірек ойланып таңдауы, шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; 
- Дуальды жүйе бойынша оқытылатын студенттің кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылауы; 
- Университеттің мамандар дайындау деңгейінің жоғарылауы; 
- Оқу орнынан соң жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы; 
- Жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту, олардың сұраныстарын қанағаттандыру, өзара әрекеттесу аясын кеңейту; 
-Білім беру мекемелерінің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату [3]. 

Дуальды оқытудың тиімділігі студенттердің қызығушылығы мен білім беру мекемелерінің сұраныстарына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттырды.    Дуалды оқыту жүйесі бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Жұмыссыздық жойылып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде үлкен жетістіктерге жетеміз. Білім беру мекемелерінде, оқу орнында болсын осы мамандыққа деген сұраныс көбеюмен қатар білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады. Жұмыс берушілердің сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары сапалы маман даярлауда, оқу орнындарында өзінің оқу жоспарындағы жеке білім беру траекторияларының модульдеріне қосымша пәндерді жоспарлап оқытуды қажет етеді. Дуальды оқыту жүйесі бойынша кос мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игеруде, оқу-практикалық тәжірибиедегі уақыттарын тиімді пайдалануда білім ошақтарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.

Алайда бүгінгі таңда дуальды оқыту жүйесіне білім ошақтарының бәрі бірдей келісе бермейді, сол үшін оларға жеңілдіктер жасаған дұрыс. Германияда жұмыс беруші орындар оқу орындармен байланыс орнатып, студенттерді оқытса, Үкімет тарапынан жеңілдіктер алады. Біздің елде де солай жасасақ жұмыс беруші мекемелер мен білім ошақтары дуальды оқыту жүйесіне деген қызығушылықтарын арттырар едік. Германияда жұмыс берушілер оқу орындарымен заңды түрде жұмыс істейді[4].

Түркістан қаласындағы Гуманитарлық техникалық колледждің 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда дуальды оқыту мәселесі бойынша келелі мәселелер көтерілді, мен өз кезегімде жоғары оқу орнында педагогикалық мамандықтарда дуальды оқыту жүйесінің элементтерін ендірудің жолдарын қарастырып жатқанымызды, 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына дуальды оқыту жүйесінің элементтерін толығымен ендіру шаралары басталғаны айтылды.

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситетінің материалдық-техникалық база­сының деңгейі өте жоғары. Біздің мамандығымыздың қоғамдағы алар орны мен біз дайындаған мамандардың, тұтынушылардың бүгінгі сұранысына сай сапалы болуын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Міне, осы тұрғыдан Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Білім технологиялары кафедрасының кезекті отырысында дуальды білім берудің тиімділігі ұсынылып, факультет деканының қызмет хаты негізінде 5В010100 - Мектепке дейнігі оқыту мен тәрбиелеу және 5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарына келісім шарт түзілген мекемелерде дуальды білім беру жүйесі элементтері бойынша оқытуға ППМ-411,411Ф тобына рұқсат алдық. Түркістан қаласындағы №23 жалпы орта мектеп директорымен 07.10.2015ж. №15/748 екі жақты студенттердің дуальдық оқыту үдерісін ұйымдастыру туралы 2 жақты келісім-шарт түзілді.Студенттерге мектептің, яғни жұмыс орнының талаптары түсіндіріліп, мектеп ережесімен толық таныстыру жұмыстары жүргізілді. 2 курсты бітірген студент өзінің болашақ мамандығының қыр-сырын ұғынып қана қоймай толыққанды меңгеру мақсатында,тәжірибе жинақтау үшін өзінің болашақ жұмыс орнын да сайлау керек.Педагогикалық мамандықтарда 3 курстан бастап әдістемелік пәндер жүретіндіктен бастауыш сыныптардағы «Өзін-өзі тану» пәнінен дуальды оқыту элементтерін бастадық. Бастауыш сыныптарды «Өзін-өзі тану» пәні аптасына 1 сағат болғандықтан, мектептегі 1-4 сыныптар арасындағы сабақ кестесін алып, сол бойынша өзіміздің сабақ кестемізбен сәйкестендірдік. Дүйсенбі, сейсенбі күндерінде кестеге практикалық сабаққа (№23 мектеп) көрсеттік, сол күні пән мұғалімі және студенттер мектепте болады. Суденттерді мектеппен, сыныптармен, мұғалімдермен таныстырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің жоспары бойынша пән оқытушысы сабақ көрсеткен соң сол сыныптың мұғалімі сабақты өткізу тәсілін, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін көрсете отырып ашық сабақ берді.Оқытушы 1 сағат емес 2-3 сабақ қатарынан студенттермен бірге сабаққа қатысады. Бір күнгі 4 сыныптағы сабаққа 16 студентті 4 студенттен бөліп отырғыздық. Студенттер 4 апта сабақ көргеннен соң мұғаліммен бірлесе отырып сабақ өтуді, қысқа мерзімді сабақ жоспарлауды, Блум таксономиясының әдіс-тәсілдерін, проблемалық т.б.әдістерді өз бетінше ізденіп, өзара сайысқа түсіп сабақ өткізді.Сонымен қатар олар портфолио жинақтап, өзін – өзі бағалауды толығымен меңгерді. Әр сабақтан соң сабақ талданды мақсатына жету жолдары айқындалып, сыни көзқараста болды. Педагогикалық мамандықтарда дуальды оқытудың тиімділігі толығымен дәлелденді. Әрине бұл дуальды оқытудың элементтері ғана, ал егер оны толығымен ендірсек берері мол болар еді.Студенттер, ата-аналар, жұмыс берушілер басқа да пәндерді осылай ендірсек деген үлкен қызығушылық білдіруде, себебі қазіргі оқу жоспарында практикалар шектеулі, демек мектеппен байланыс аз, міне осындай олқылықтың орнын дуальды оқыту жүйесі толтыратынын тәжірибе дәлелдеп отыр.

5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы 2017 жылдың 24-25 сәуір күндері Халықаралық аккредиттеуден өту барысында, Халықаралық сарапшы ММУ-нің профессоры п.ғ.д., Березина Тамара Ивановна студенттермен өткен лекция сабағымызға қатысып, №23 метепте болып, дуальды оқытудың тиімділігін аса ризашылықпен жоғары бағалап қорытынды беріп кетті. Бұл тәжірибені тарату керектігін атап өтті.

Біз үшін дуальды оқыту не береді деген сұраққа жауап мынадай:

- Маман ретінде өзін-өзі тани, таныта білген студентке сұраныс болады;

-Мектеп басшылары, жұмыс берушілер 4 курстағы өндірістік практиканы өз мектебінде өтуіне сұраныс береді;

-Студент өзін-өзі маманмын деп сезіне алады;

-Басқа мекемелерден сұраныстар түседі;

- Білімді, білікті студент жұмыспен қамтылады.

Яғни дуальды оқу жүйесі бойынша, студент аптаның 2 күнінде мекемеде тәжірибе жинап, қалған 3 күнінде оқу орнында теориялық білім алмақ.

Бұл жүйенің мән-жайымен танысып, толықтай түсіну үшін еліміздегі оқу орындары арасында ортақ жүйе болу керек. Жаңа жүйенің пайдасы мол. Оны оқу орындары мен жұмыс беруші ұйымдардың барлығы енгізуі қажет себебі, бұл жүйе нақты мамандықты игеруге бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған.

Маманды қайта даярлауға, педагог ретінде ұзақ, жаңадан бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауы.

2.Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам : Н.. Назарбаевтың сөйлеген сөзінен / Н. Назарбаев //Егемен Қазастан. - 2012. - №380-382, 10 шілде. - Б. 1-6 :

3. Ахмедиева Г. С.ШҚО, Үржар ауданы, Таскескен ауылы, "Үржар колледжі" Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі.



4. Жолшораева Б.Дуальды оқытудың тиімділігі- еңбек нарығына дайын жұмысшы маман.Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің өндірістік оқыту шебері:
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет