Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті


«Біз бауырларымыз крестьяндардың хәлін: жерден



бет19/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
«Біз бауырларымыз крестьяндардың хәлін: жерден тарығып, қиналып отырғанын әбден түсінеміз. Өзіміз қысылып, қымтылып, оларға жер беруге дайынбыз. Бірақ артық жер жоқ. Қазіргі уақытта переселен келтіру қазақ, қырғыз халқын қонысынан көшіру жөнімен жүргізіліп жатыр. Қазақ, қырғыздар жерден ғана көшірілмей, үй-жайынан да қуылып жатыр. Қазақ, қырғыз қашан да болсын оппозициялық фракцияларды қол-дайды»2 — деді.


3 «Айкап», № 3, наурыз 1912 жыл, 50—51-беттер. і «Айқап», № 11, 1911 жыл. 2 Бұл да сонда.


Яғни Б. Қаратаев, М. Сералин патша өкіметінің Қазақстанға переселен келтіргенде қазақстанды қонысынан көшіруіне, үйжайларынан айдап шығуына қарсы болды. Бұлар өте орынды еді, орынды да.
Рас, мейлі Қаратаев болсын, мейлі Сералин болсын патша өкіметі тұсында, патша өкіметі құрған Думанын мәжісілісінде бұл ойларын батыл, ашық, айта алмас еді. Сондықтан да Қаратаев «патша өкіметі переселен келтіруді қазақ, қырғыз халқын қонысынан көшіру жөнімен жүргізіп жатыр» деу орнына: «Қазіргі уақытта переселен келтіру қазақ, қырғыз халқын қонысынаи кешіру жөнімен жүргізіліп жатыр» — дейді; «патша өкіметі переселендерге бос жатқан жерлерді алып бермей, халық пайдаланып отырған жерлерді алып беріп жатыр» деу орнына: «Артық жер жоқ, қазақ, қырғыз қонысынан, үйжайынан қуылып жатыр»,— деді; қазақ, қырғыз «патша өкіметінің агірарлық саясатына наразы» деу орнына: «Қазақ, қырғыз... оппозициялық фрак-цияларды қолдайды»,— дейді. Яғни жалпылап, сөйлемді иесіз етіп қүрап, барлық ойын бүркемелеп, астарлап айтқан.
Қаратаев екінші Дума мәжілісінде (Дума мәжілісі 1907 жылы, маусым айында болған), осы үзінді келтірілген сөзін сөйлейтіннен біраз бүрын, 1907 жылы, ақ-пан айында большевиктердің сол кезде Орынбарда, татар тілінде шығып түрған «Урал» (редакторы X. Ямашев болған) деген газетінде «Қырғыздардан Россия халқына ашық хат» деген үндеу жарияланған.
Хат авторы патша өкіметінің қазақ жерін заңды, заңсыз тартып алып жатқанын әрі толық, әрі дәл етіг керсеткен, зарлап айтқан. Сөйтіп, «Біз жоғарыда жазылған сөздерді орыс халқына дұшпандықтан айтыып отырғанымыз жоқ. Орыс халқы бізге дұшпан емес. Біздің бәріміздің дұшпанымыз бір; ол — әуелден самодер-жавное правительство дүр», — деген.
Мұнан кейін жер мәселесін екінші Думаның әр халық мүддесіне сай етіп шешуін талап еткен. Бірақ Дума жер мәселесін олай шеше алмайды; патша әкіметі құрымай, жер мәселесі дұрыс шешілмейді — дегенді айтқан. Хатқа: «Қырғыздардың уполномеченный» деп қол қойған («Урал», 10, 7 ақпан, 1907 г.).
Біз осы хаттың авторы Қаратаев пен Сералин екеуінің бірі бола ма, өте-мөте Бақытжан Қаратаев боламадеп ойлаймыз. Ол өзінің шын кезқарасын, негізгі ойпікірін жасырын шығатын большевиктік газетте ашық айтып, Дума мәжілісінде өкіметтен именіп, бүркемелеп айтып тұр ғой дейміз. ӨйткенІ бір жағынан, Қаратаевтың сөзімен хаттың үні, рухы, бағыты бір. Екінші жағынан, Б. Қаратаев депутат, «Қырғыздардың уполномоченый» деп соньщ ғана қол қоюы мүмкін ғой. Екінші, жұртқа мәлім, ол кезде патша өкіметі қазақ сияқты ұсақ ұлттарды күштеп орыстандыру, олардың халықтық ұлттық қалпын жою саясатын жүргізді. Мүхаметжан қазақтар мужик қалалары арасында бытырап қалады, мужиктармен бір общество болып кетеді дегенде патша өкіметінің қазақты орыстандыру, қа-зақтың халықтығын жою саясатына қарсы -болды. Ол «...Қала салып, бір жерде қазақ басын қосып қалса, халық халықтығын жоғалтпас еді»1, — деді.
Яғни М. Сералин қазақтар орыс қалалары арасында бытырап қалса, орыстармен бір общество болса, халықтығын жояды да, ал орыстармен қатарласа, орыс қалаларымен араласа қала салып отырса, халықтығын жоймайды деп үқты. Асылында қазақтардың орыстар-мен араласып тіршілік етуіне қарсы болды. Мүны тағы мынадан көруге болады:
«Айқап» журналының 1914 жылғы 3-санында М. Се-ралиннің «Шәһр Троицкі, 15 ақпан 1914 жыл» деген бас мақаласы, Ә. Бөкейхановтың «Дума депутаттарына ашық хаты» басылған.
Бөкейханов хатында: өкімет, қазақтың бірқатар оқығандары қазаққа отырықшы бол, қала сал деп жа-тыр. Бүл қазақ, арысты аралас отырғызу, қазақты мү-сылман дінінен шығару, орыстандыру болады дегенді айтқан.
М. Сералин мақаласында Бөкейхановтың бұл пікіріне қарсы шыққан. «...Мұнда бояуды қойылтарлық, оншама шаруаны үркітерлік іс жоқ... Россияда бірнеше губернаторда неше жүз жылдардан бері қарай орыстармен аралас тіршілік қылып келе жатқан мұсылмандар бар. Бүлардың мүсылмандығы Ғарапстан мұсылмандарынан кем емес. Кейбір жақтарынан тіпті күштірек те», — деген.
Мүхаметжан Сералин «Келешек заманымыздың қамы» деген мақаласында. «Қазақтың осы күнгі қалпы екі жолдын, айрығына келіп тоқтаған, қай жолға түсерін анық білмей дағдарған жолаушы секілді. Низам қазақтың алдына екі түрлі жол салып қойған: бірі — кочевой норма, яғни еркек, әйелге бірдей қаз басқан жан басына он екі десятина жер алу, екіншісі — переселенческая норма. Ол бойынша қазбасқан еркек кіндікке он бес десятинадан жер алып, қала салып, отырықшы болу.
Бұл екі жолдың кейінгі нәсілсініп үшін қайсысы қолайлы болады деп ой жүргізбеген қазақ аз болса керек. Ақылы бүтін әр қазақтың басында осы ой бар. Бірақ мұның тиянақты шешуін көрсеткен адам әлі жоқ»2 — дейді.
Сералин осы мәселені шешу үшін қазақ съезін шақыруды талап етеді. Осындай екі талай кезде бүрынғы ел ағасы адамдар съезд шақырып, кеңескен. Әбілхайыр Россияға қосыларда осылай еткен. Біз де қазір солай етейік — дегенді айтады.
М. Сералиннің бұл үсынысын сол кездегі қазақ оқұғандарының біразы қолдады да, біразы қолдамады. Қолдамағандары мынадай дәлел келтірді:
Қазір заман тар. Съезд шақыруға өкімет рүқсат бермейді. Берсе, тиісінше, жарытымды сөйлесуге, сөз қылған мәселелерімізді өзімізше шешуге өрік бермейді.
Қазақ болып бас қоссақ, біз кемшілікте отырған жетім жүрт өкіметпен екі араны сөз қылмай қоймаймыз. Мұны осы күнгі газет тілінде политика дейді.
Жұрт ісін жалпы жүрт болып істемейді, жүрттың білімді, алдыңғы қатарлы адамдары істейді. Қазақтың ондай адамдары бас қосса, іс қылса болар еді. Он-дайды әшкере, жария істеуге болмайды дегенді айтады.
Яғни бұлар қандай жұмысты болсын құпия жүргізу керек деп білді, әшкере жұмыс жүргізуден бас тартты. Ал съезд шақыруды қолдаған оқығандар, керісін-ше, құпия жұмыс жүргізуден қашты, өкімет, заң ерік берген көлемде әшкере жұмыс жүргізуді көрді. Съезд бола қалса, бетегеден биік, жусаннан аласа болады. Патшаның жүртқа әйгілі 1906 жылғы 4 наурыздағы жарлығы бойынша жұмыс жүргізеді. Осы жарлық бойынша съезд шақырып, өздерінің мектеп, клуб, пансион, түрлі серіктік ашу, жерге орналасу, қала болу сияқты істерін жүзеге асырып жатқан елдер бар. Біз де солай істейік дегенді айтты.
Сөз жоқ, ол кезде Мүхаметжан Сералиннің отырықшы болайық, жерге орналасайық, қала салайық деген ұсынысы да, қазақ съезін шақырайық, онда өкімет, зақ ерік берген мәселелерді болса да қарап, шешейік деген үсынысы да әрі орынды, әрі өте прогресшіл ұсыныстар еді. Өйткені бұлар халықтың шаруашылығы мен мәде-ниетінің өркендеуіне, саяси сана-сезімінің оянуына, өсу-іне себеп болушы еді.
Сонымен, «Айқап», Мұхаметжан Сералин қазақ халқының отырықшы, қала болуын жақтады. Халық-тың оянуы, саяси, мәдени, шаруашылық жақтан өркен-деуі — бәрі соған байланысты деп білді.
«Біз қазаққа қала сал деп үгіт айтсақ, айрықша халықтың түпкілікті қонысқа ие болғандығын, кәсіпшіл болмақ, өнерлі болмақ, оқымысты, ілімді болмақ, отырықшы болғанда ғана табылатындығын шамалап айтқан едік»1.
«...50—60 үй бір жерге жиналып, қышлақ (орысша селение) болса, орталарының, ынтымақпен, зор арық қазып алса, қанша егін салатүғын: жоңышқа егетұғын, қауын салатүғын жерге қожа болар еді. Төрт-бес үйдің қолынан келмейтұғын іс көптін, қолынан келетұғындығын әркім біледі. Бұл — бір.
Екінші, терт-бес үйдің орталарынан молда үстап, бала оқытуға шамалары келмейді. Егерде қышлақ бо-лып, 50—60 үй бір жерге жиналып отырса, оларға ор-таларынан молда үстап, бала оқыту оңай. Төртбес үйге бола өкімет школа ашпайды. Бүл да анық. Баласын алыс жерге жіберіп отыруға кедей жатақтың халі кел-мейді... 50—60 үй бір жерде болған соң оларға ортасынан қазына хисабына өкімет бір русско-туземная школа ашып беруге тартынбайды...
Дүниеде, тіршілік ету бір мал бағу мен балық аулауға ғана тіреліп түрған жок. Тіршілік үшін қилы-қилы жолдар бар...Шәһрлы Россия халқын, олар ішінде сарт, ноғай, жәһут, армян, поляк сияқты түрлі халықтарды көрсең, бүлардың тіршілік қасиеттері әр түрлі; әр қайсылары өздерінің қолдарынан келген шаруаларымен күн көре-ді: біреу қол өнерімен, біреу өзін қолдаумен күн көреді; біреулері саудагер, біреулері делдал, біреулері при-казчик, біреулері дәрігер, оғайри-оғайри кәсіптермен күн көріп жатыр. Қарап түрсаң, солардың дүниеде ау қат кешірулері бізге қарағанда көп артық. Олар таза, көркем һәм қымбат киім киінеді. Таза үйде мекен ете-ді. Таза һәм тәтті тағам ішеді. Олар ешкімнен зорлық, зомбылық һәм қорлық көрмейді. Олардың хақысына ешкім тимейді.
Ертеден кешке дейін сөйлеп келгенде сөз ақыры екі нәрсеге тиянақтайды: қала сал, жиылып отыр, аз да болса, жақсы жерің қолында қалады. Мектеп, медресе сал, школа аш, балавды оқыт, замана өнерінен сыбаға ал. Сонда адам болып, қатарға қосыларсың, халық бо-ласың. Әйтпесе дүние жүзінен жоғаласың», — деді'.
«Айқап», № 20, қараша 1913 жыл, 419-бет.


Ал, қазақтың бір қатар оқығандары, кейін «Қазақ» газеті маңына жиналған, алашорданың басшысы бол-ған бір қатар адамдары бүған, отырықшы, қала болуға қарсы шықты: қазақ халқының бүрынғыша көшпелі, мал өсіруші жұрт болуын жақтады.
Олар отырықшы, қала болудың қажеті жоқ. Өйткені сл елдің ежелгІ қалпын бұзады, шаруашылығын, кәсібін негізінен езгертеді. Отырықшы болу — егінші-лікке айналу болады. Қазақ жері егін салуға қолайлы емес, тек мал өсіруге ғана қолайлы. Отырықшы болып бір жерге жыл сайын егін салған соң ал жер қартаяды, арыктайды, енімді аз беретін болады. Халықтың шаруашылығы төмендеп кетеді.
«Қазақ халқының егіншілікке айналмай, бұрынғыдай мал өсіру кәсібінде болуы, бірінші — өзіне, екінші — мемлекетке зор пайда келтіреді. Әскерге атты, заводтарға шикі затты қазақ шаруашылығы береді», — деді'.
Асылында бүл екі түрлі көзқарас, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың көзқарасы, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың еңбекші кемшілігінің көзқарасы, мүддесі еді де, екіншісі қазақтың байлары мен феодалдарының көзқарасы, мүддесі еді.Өйткені еңбекші бұқараның негізгі күн керісі жер еді, олар егін салып қана күн кере алатын еді; жөрден айрылса, екі қолын тебесіне қойып, тентіреп кететін еді. Сондықтан да олар отырықшы, қала болып, егін салып жерге ие болып қалуды арман етті. Ал байлар, феодалдар жерден айрылса, малмен күн көретін еді; олардың мал бағуға жарарлық жерден айрылмасына кездері жететін еді. Мүның үстіне, халық отырықшы, қала болса, бұрынғы қалпы, бұрынғы шаруашылығы көп өзгеріске ұшырайтын байлар мен феодалдар еді. Еңбекші бұқара: кедей мен жатақтар осы кезде-ақ отырықшылыққа, егііншілікке бет алып қалған еді. Сондықтан да байлар мен феодалдар бұрынғы көшпелі, мал өсіруші қалыптың сақталуын жақсы көрді, арман етті.
Мұхаметжан Сералин «Аштық қақында» деген мақаласында: «...Жаздай жауын болмағандықтан егін, пішен шықпай, шаруа жайсыз халге қалып тұр. Байлардын, малын асырап шығатын шөбі жоқ, кеденлердің малы түгіл өздері ауқат ететүғын азығы жоқ. Бүл жоқтық қазіргі малдың сүті бар болғандықтан оншама халыққа білінбей түр. Бірақ күз кіріп, қар түсе бастаған кезде ашаршылық кедейлерге біліне бастаса керек...
Жоғарыда айтып едік, іс басында ауқаттылар түр-ды деп. Олар өздері тоқ болған соң былайғы бүқара халықтың ашын, тоғын ойлай қоймайды.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала ешнәрсені ойламайды —
деген ғой», — дейді.
Егін шықпай қалған елге қазынадан берілетін қарыз жәрдем ақша бар екенін айтып, іс басындағылардың соны сұрап алып, халыққа таратып беруін талап
етеді.
М. Сералин «Шәһр Троицкі, 31 шілде, 1913 жыл» деген мақаласында қазақ арасындағы жетім-жесірлерге қамқорлық көрсету, жәрдем ету мәселесін дербес сөз етеді.
Осылай Мұхаметжан Сералин көптеген мақалаларында бұқара халықтың мұң-мұқтажын, зәру кажетін баса айтады, маңызды, күрделі мәселелерді еңбекшілердің, халықтың мүддесі, көзқарасы тұрғысынан баяндап, шешеді.
«Айқап» журналының, онда Мұхаметжан Сералиннің мықтап қолға алған, көп сөз қылған маңызды, күрделі мәселелерінің бірі — оқу, ағарту, өнер, ғылым, мәдениет, тіл, әдебиет мәселелері болды. Бүл мәселелер жөнінде Мұхаметжан сөз арасында жоғарыда көрсе-тілген мақалаларында да айтқан еді. Ал «Біздің жастарымыз», «Шәһр Троицкі, тамыз, 1911 жыл», «Шәкірт-тер халінен», «Шәһр Троицкі, наурыз, 1912 жыл», «Шәһр Троицкі, қыркүйек, 1912 жыл», «Айқап» басқар-масының бір өтініші», «Басқармадан өтініш», «Рүстем—Зорап», «Роман жарысы туралы» деген мақалаларында арнай тоқталып, баса айтады.
Мысалы, «Шәһр Троицкі, тамыз, 1911 жыл» деген мақаласын Сералин қазақтың оқыған адамдарын халық қамын ойлауға, халыққа қызмет істеуге, халықтың мәдениеті өркендеуіне жәрдемдесуге шақырады.
«Қолымыздан келген қадары халық үшін тырбанайық... Біздер өз міндетімізді басымыздан атқарып, келешек заманда ғалым адамдардың шығуына қазірден негіз (почва) әзірлей барайық. Надандық астында езіліп жатқан бишара халқымыз бір заманда аяққа ба-сып, сүйікті отанымыз болған Россияның... пайдалы, қатардағы граждандарының бірі болуына тырысайық» — дейді К
«Шәһр Троицкі, наурыз, 1912 жыл» деген мақаласында Мұхаметжан орыс, өзбек, татар, армян, поляк халықтарының шаруашылығы, тұрмысы, күн көрісі қа-зақ халқының шаруашылығынан, түрмыс, күн көрісінен әлде қайда жақсы екенін айта келіп, «Бұл неден?» деп сұрау қояды. Оған өзі былай деп жауап береді:
«Бұлардың барлығының себебі жалғыз-ақ нәрсе, ол нәрсе — ғылым.
Ғалымдар дүние тіршілігін бір соғыс майданына ұқсатады. Ол соғыс майданын шаруашылық соғыс (орысша: экономическая война) деп атайды. Бұл соғыста қан төгілмейді, ләкен қан төгілген соғыстан да ғақбыты жаманырақ. Шаруашылық соғысында кәсіп, өнер бәсекесі қанды соғыстағы зеңбірек, мылтықтан да бетер адам баласын қырады. Бұл соғыста адамы көп жеңбейді, білігі, ғылымы, өнері артық жүрт жеңеді. Со-ның үшін мейлі жатақ, кедей бол, мейлі көшпелі бай бол енді келешек заман үшін балаларымызды ғылым қүралымен қаруландыруымыз тиіс...
Үстімізден қарап түрған үкіметіміз Россия болған соң орыс тілін білу біздерге қарыз деп айтсақ күнәлі болмаспыз... Россия мемлекетІнде бақытты болып тір-шілік ету үшін ғылым, өнер керек, орысша тіл білу керек. Бүларды білу үшін мектеп һәм школа керек...
Біздің қазақ жастары дүние күтуді екі нәрседен ға-на іздейді: біреуі оку оқып шығып, хакім болу (писарь, тілмаш, учитель) яки мүғалім болып, бала оқыту. Бұ-лары бик дұрыс Ләкин дүние осы екі ғана жолға тоқ-тап түрған жоқ. Басқа кәсіптерге, басқа оқуларға, бас-қа орындарға неге кірмейді...», — дейді.
«Шәһр Троицкі, қыркүйек, 1912 жыл» деген мақа-ласында М. Се,ралин сол жылы Орынбордағы учитель-ская школаға барып оқуға түскен, орын жетпегендік-тен оқуға түсе алмай қайтқан қазақ жастары туралы, түрлі қалаларда оқып жүрген, түрлі оқуға түсем деген жастарға ақыл, күш, көмек беру туралы, орыстар, та-тарлар арасында шәкірттерге жәрдем беретін арнаулы қауымдар бар екені, қазақта да сондай қауымдардың болуы қажет екені туралы жазады. Ақырында:
«...Біздің ілгері келешек күніміз де, бүл дүниеде күн көріп, жүрт қатары түруымыз да жалғыз-ақ нәрсега тірелген. Ол... оқу. Мүнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жүртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жүртшылық қылып, оку-шы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандары-мыз көбейе алмайды» дейді г.
«Басқармадан өтініш»3 деген мақаласында Мүха-метжан «Айқаптың» оқушылары мен хабаршыларынан журналға өнер, ғылым, техника жайынан мақалалар, хабарлар жазып түруды, көркем шығармалар жіберуді өтінген; журналдан- ондай хабарлар мен мақалаларға кең орын берілетінін хабарлаған.
Осы сияқты, ол «Рүстем—Зорап», «Роман жары-сын»1, «Айқап» басқармасыньщ бір өтініші»2 деген ма-қалаларында өзінше әдебиеттің мәнін, қажеттігін тү-сіндірген. Бүрынғы әдебиет нүеқаларын, шешен, ақын адамдардың сөздерін жинау, жаңа әдебиетімізді өркен-дету жөнінде келелі пікір айтқан.
Осыдан кейін Мүхаметжан Сералин бірқатар мақа-ласында халықтың оқу оқып, түрлі кәсіп, өнер, ғылым, техника үйреніп, ілгері басуына кедергі болып отырған кей жағдайларды әшкерелейді: қазақтың жалқаулық, партиягершілік, мансапқорлық, парақорлық сияқты мі-нез-қылықтарын сынайды.
Мысалы, ол «Біздің дертіміз» деген мақаласында қазақтың әлгі мінез-қүлықтарын тізіп керсетеді; ха-лықтың ел ағасы адамдардың олардан арылуын талап етеді. Бұл мәселені Мұхаметжан жаңа жылдың келуі-мен, 6 наурыз қазақша жаңа жыл — наурыз деп, соған байланыстырады. «Біз дағы баяғы ата қалпын ұстап, оқушыларымызға жыл құтты, наурыз байсалды болсын дегенді тілейміз. Осы наурыздан басталатын жаңа жы-лымыз есімі доңыз болса да, өзі доңыз болмай, қазақ халқы үшін ол уйқыдан көз ашып, ескіліктен арылып, өзімен көршілес жұрттардың қатарына кіретұғын бас жыл болса екен деп тілейміз», — дейді3.
Кейбір жолдастар Мүхаметжан Сералин мемлекет-тік Дума туралы жазған мақалаларында, әсіресе «Юби-лей туралы» деген мақаласында патша өкіметіне дұрыс ниетте болды, — дейді.
Бұл бекер. Өйткені, алдымен, «Юбилей туралы» ма-қалаға қол қойылмаған. Оның Мұхаметжандікі бол-мауы да мүмкін. Бола қойғанда да онан патша өкіме-тіне деген жақсы ниет лебі өсіп түрған жоқ; әлгі мүм-кін болған жағдайды: өкімет, заң ерік берген жағдайды пайдалана беру керек деген пікір үғынылады.
Мысалы, мақалада Романов түқымдарының таққа отырғандарына 300 жыл толатыны, ол күні юбилей бо-латыны, оған әр халықтан, соның ішінде қазақтан да өкілдер баратыны айтылады. Автор сол екілдерге реті келген жерде патшаға, тиісті адамдарға халық мүңын айтыңдар, мына мәселелер туралы өтініш етіңдер деп тапсырма береді.
1) Қазақстаннан Думаға депутат сайланатын бол-сын; 2) қазақ жеріне енді шеттен переселен келтіруді тоқтатсын; 3) қазақ, орыс орналасқаннан қалған жерді казақ пайдасына берсін; 4) мал шаруашылығын жаңа-ша әркендетуге орыспен қатар қазақтарға да участок беретін болсын; 5) Қазақстандағы қазынадан сатыла-тын жерлерді орыспен қатар қазақтың да сатып алуы-на лүқсат берсін, 6) дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, народный суд езгерту туралы сүралсын — де-генді айтады. Ақырында:
«Осы барған мырзалар өздерінің барып, Петербор-ды көріп қайтқанына мәз болмай, азырақ халық пайда-сы туралы оны-мүны ескеріп қайтса дүрыс болар еді... Қеңесіп, тиісті орындарға мүң-хмұқтажымьізды айтып, арыз үсынса екен... Кезі келгенде мүқтажымызды сү-раудың өкімет алдында ешбір терісі болмас деп ойлай-мын», — дейді1.


3 «Айқап» № 3, наурыз, 1911 жыл, 1—2-бет. 1 «Айқап», № 3, ақпан, 1913 жыл. 49—51-бет.
Онан соң, журналда Мұхаметжан Сералиннің мем-лекеттік Дума туралы екі мақаласы шыққан. Оның бі-рінде Мұхаметжан Думада қазак халқынан депутат жоқ екенін айтып, налыған. Мақала «Шәһр Троицкі, шілде, 1912 жыл» деп аталады. Онда автор әуелі, сол жылы, 9 маусымда думаның жабылғанын, оның соңғы мәжілісінде Таврический дворецті түзеу үшін 1.300,240 сом ақша белгілегенін хабарлайды; осы мәселені тал-қылау үстінде С. Мақсүтов деген депутаттың сөйлеген сөзін келтіреді; ол:
«Г. Думаның сарайындағы кемшіліктен басқа Г. Ду-маның өзінде де биік зор кемшіліктер бар. Сол кемші-ліктердің біреуіне біздің мүсылмандар түсті. Бес жыл ішінде Г. Дума арқылы қазақ далаларына, Түркістан жағына арналған қаншама закон проектісі қаралып өтті. Бүл закондар қаралғанда олардан депутат бол-мады...» деген.
Мүнан кейін автор: «Жоғарыда айтылған қалыпша сөз біздің қазақ, сарт,, түрікмен басқа Азия жүрттары-нық Думаға депутат сайлаудан қүры қалуы турасында еді. Ақ падишаға қараған қанша жүрт ішінде біздің қазақтың ала қозыдай бөлініп, көп жүрт пайдаланы-лып жатқан теңшілдіктен қүры қалуы, әлбетте, біз үшін көңілді емес...
Бүл туралы патшаның өзі де түбінде бір түрлі «таб-дир» істемей қалмас. Бірақ, жыламаған балаға емшек бермейді деген сықылды, жүрт патшалықтан өтініп сү-рауы керек деді...», — дейді2.
Бүл келтірілген фактілер мен үзінділер патшаны, патша өкіметін мадақтау емес, мінеу; патшаға, патша өкіметіне жалыну емес, талап қою; жағыну емес, налу. Бүл — патшаның, патша өкіметінің қазақ жөніндегі отаршылдық саясатына қүлдық қылу емес, наразылық білдіру. Царизм түсында жария шығып отырған жур-нал бетінде патша өкіметі және оның саясаты жөнінде мүнан артық, ашық айтуға болмайтын еді.
Міне Мұхаметжан журналистік қызметі мен «Ай-қап» журналында шыққан мақалаларының тақырыбы, мазмүны, мән-жайы осы. Бүл біздің ол жөнінде жоға-рыда айтқан қорытындымызды растайды. Яғни, Мүха-метжан Сералиннің, жалпы алғанда, прогресшіл, ағар-тушы демократ болғанын айқын сипаттайды.
Мүхаметжан Сералиннің Қазан төңкіресінен кейінгі, 1918—1928 жылдар арасындағы журналистік қызметі мен «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде шыққан мақалаларына келсек, Мүхаметжан бүл кезде де аса ділгір, маңызды саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері туралы көптеген мақалалар жазды. Мысалы, «Ауыл» газетінің 1923 жылғы 5 нөмірін, 1924 жылғы 5 нөмірін, 1925 жылғы бір нөмірін қарап шықтық. Га-зеттің осы 11 нөмірінде Мүхаметжан Сералиннің өзі «Сералиннің Мүхаметжаны», «М. Сералин», «М. С», «Мыс», «Мүқат» деп қол қойған 15 шақты мақаласы шығыпты.
Бүл мақалаларды тақырыбы мен мазмүнына қарай жіктесек: 3 мақала халықаралық жағдай туралы, 6 ма-қала тарихи мейрамдар, саяси мәселелер туралы, 6 мақала шаруашылық, мәдениет мәселелері туралы жазылған. Тарихи мейрамдар, саяси мәселелер туралы, ал-ты мақаланың үшеуі В. И. Ленин туралы.
Бүл жылдары Мүхаметжан тақырыбы әрі көп алу-ан, әрі күрделі. Ол бүрын, «Айқапта» тек қазақ халқы әлеуметтік өмірінің бір қатар маңызды мәселелері туралы ғана жазған еді; Қазан тәңкерісінен кейін ол халықаралық жағдайды, бүкіл Кеңестер Одағы, соның ішінде Қазақстан республикасы қоғамдық өмірінің актуальды, маңызды мәселелері туралы күн сайын жа-зып отыратын болды.
Бұрын, «Айқап» журналында Мұхаметжан патша өкіметінің цензурасынан именіп, көп мәселелерді қозғай алмайтын еді; қозғаса, ойын, мақсатын, еркін, то-лық, батыл, ашық айта алмайтын еді. Енді Қазан теңкерісінен кейін ол ойпікірін ашық айтты. Қандай мә-селелерді де батыл қозғап, тереңінен толғап жазды.
«Айқапта» шыққан мақалаларында Мүхаметжан діни сездер мен атауларды, татарша, араб-фарсыша сездерді араластырып отыратын еді. Сөйлемін кейде татар тілінің сейлем күрау тәртібімен, кейде орыс тілі-нің сөйлем күрау тәртібімен қиыстырушы еді. Қазан төңкерісінен кейінгі мақалаларын таза, нағыз қазақ тілінде, қазақтың бүгінгі әдеби тілінде жазды.
Мүхаметжан Сералиннің журналистік стилінің бір ерекшелігі — ол ой-пікірін қисынды келтіреді: Жүйе-леп, фактімен, мысалмен, мақал-мәтелмен дәлелдеп, өткір тілмен, көрікті сөздермен суреттеп айтады. Бәрі де үлт-насихаттық әуезбен, үғымды, кеңілге қонымды болып келеді. Мұхаметжанның мақалаларымен жоғарыда келтірілген мысалдар мүны айқын сипаттайды.
Мұхаметжан Сералин қазақ тілінде тұңғыш рет «Айқап» журналын шығарды; халыққа баспасөз арқы-лы қызмет етті. «Журнал шығарудағы мақсатымыз... тек қана жұрттын, көзі, қүлағы болмақ еді», — дейді ол. «Айқап» кейбір қатесі, кемшілігі бола тұрса да, жалпы алғанда, демократтық-ағартушылық бағытта болды, қазақ тарихында прогресшіл роль атқарды: халықтың оянуына, саясат, шаруашылық, мәдениет жақ-тан өсуіне біраз әсер етті.
Қазақтың сол кезде құрала бастаған зиялыларына «Айқап» қазақша ойлауды, ойлағанын қазақша жазуды үйретті, газет, журнал шығару қазақ оқығандары-ның да қолынан келетін жүмыс екенін дәлелдеді.
Мүхаметжан Сералин «Айқап» арқылы, өз шығар-малары арқылы қазақ халқының Абай мен Ыбырай негізін салған жаңа әдебиетініқ XX ғасыр басында өр-кендей түсуіне атсалысты. «Топжарған», «Гүлкәшима» деген поэмалаіры өз заманындағы жаңа, түңғыш тари-хи-реалистік, реалистік-романтйкалық поэмалардан саналады.
Мүхаметжан Сералин қазақтың алғашқы кеңестік баспасөздеріне «Үшқыи», «Еңбекші қазақ» газеттеріне қатынасып, 1921—1926 жылдары «Ауыл» газетінің ре-дакторы болып қызмет атқарды. Дәуір, қоғам алға тартқан міндеттерді халыққа кеңінен насихаттап түсін-
дірді.
Сез түйіні — Мүхаметжан Сералин — қазақ халқының XX ғасыр басындағы ірі көрнекті қоғам қайратке-рі, әрі көрнекті журналисті, ақыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет