Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. Құндылықтар мен дағдылар  Құндылықтар



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
1-кесте.
Құндылықтар мен дағдылар 
Құндылықтар 
Дағдылар 
-
шығармашылық және сын тұрғысынан 
ойлау; 
-
қарым-қатынас жасау қабілеті; 
-
өзгелердің мәдениетіне және 
көзқарастарына құрметпен қарау; 
-
жауапкершілік; 
-
денсаулық, достық және айналадағыларға 
қамқорлық көрсету; 
-
өмір бойы оқуға дайын болу. 
-
сын тұрғысынан ойлау; 
-
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана 
білу қабілеті; 
-
проблемаларды шешу қабілеті; 
-
ғылыми-зерттеу дағдылары; 
-
қарым-қатынас дағдылары (тілдік 
дағдыларды қоса алғанда); 
-
жеке және топпен жұмыс істей білу 
қабілеті; 
-
АКТ саласындағы дағдылар. 
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын 
әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы 
құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған бастауыш сынып пәндерінің оқу 
бағдарламасынан көруге болады.
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу 
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген 
өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия, 
Халықаралық зерттеу барысында оқу бағдарламасы мен бағалау оқыту үдерісінен 
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды.
Гриффин және басқалар (
Griffin, P.et al,
2012)
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық 
буынына айналдыру. Оқу бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен 
іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.» 
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 
жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына жолдауы.
 



Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылардан 
күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен күтілетін 
нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды. Оқушылардың нені білуі және 
істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық 
оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің оқу 
бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері 
-
пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді 
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді 
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 
-
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша 
ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту 
мақсаттарының иерерахиясы; 
-
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың 
пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 
-
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру 
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
-
оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде 
технологияландыру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет