Білім беру бағдарламасының деңгейі Бакалавриат Біліктілігі Медицина бакалавры Оқыту ұзақтығы


Психиатрия №1 ситуациялық тапсырма



бет2/7
Дата28.12.2022
өлшемі237 Kb.
#164773
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
оскэ 20-21 каз
Документ, -1054229153, -1460500979 н, КР Синдром Стивенса-Джонсона, 2020, Документ Microsoft Word, 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Психиатрия
1 ситуациялық тапсырма
Науқас О., 56 жаста, ішімдікті асыра пайдаланбайды, жақында әйелінен айырылды, (онкологиялық аурудан қайтыс болған), баласының нашақор екенін білді, көңіл-күйі түсіңкі, ұйқысын жоғалтқан, АҚҚ 200/120 мм.сын.бағ. Оған өлім екпесін егуді сұрайды, өмір сүргісі келмейтіні туралы айтады.
Тапсырма:

  1. Синдромалді диагнозын атаңыз

  2. Ажыратпа диагнозын жасаңыз

  3. Болжам нозологиялық диагнозын атаңыз

  4. Емдеу және алдын алу шараларыңыз.

2 ситуациялық тапсырма

Науқас қарлыққан дауыспен сөйлейді, аз ұйықтайды, ерте оянып, қасындағыларға ұйқы бермейді. Бұрын да бірнеше рет ауруханаға түскен. Бөлімшеде өте белсенді, бірақ бастаған ісін соңына дейін аяқтамайды. Жиі жанжалдасады, өзге кісілердің әңгімесіне араласады, бәрін сынап жүреді. Сұрау кезінде өзін ұлттық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, халықаралық жанжалдарды шеше аламын және осы қызметім үшін үлкен жалақы аламын, 40 тіл білемін дейді. Ауарайын өзгерте аламын, жаңбырды жауғызып, тоқтата аламын дейді. Өзі жазған өлеңдерді дауыстап оқып, әндер айтады.


Тапсырма:

  1. Синдромды диагнозын атаңыз

  2. Салыстырмалы диагнозын жүргізіңіз

  3. Нозологиялық болжам диагнозын атаңыз

  4. Сіздің емдеу шараларыңыз

3 ситуациялық тапсырма
Эпилепсияға шалдыққан бар науқас кенеттен ғимаратты айнала, антеннаның дұрыс орналасқаның тексере бастады. Тазалық сақтаушымен сөйлесіп, тұрғын үй кеңесінің (ЖЭК) қызметкеріне ескерту жасады. Сырт көзге қарағанда барлық іс-әрекеттері дұрыс секілді, бірақ бұл басқа ауданда және жексенбі күні болатын.
Тапсырма:

  1. Синдромалді диагнозын атаңыз

  2. Ажыратпа диагнозын жасаңыз

  3. Болжам нозологиялық диагнозын атаңыз

  4. Емдеу және алдын алу шараларыңыз.

4 ситуациялық есеп


Науқас 48 жаста, соңғы жылы ұйқысыздықтан қиналып жүр. Дәрігерлердің нұсқауы бойынша ұйықтатқыш дәрілерді алма кезек, кейін үнемі қолданды. 3 айдың ішінде дәрілердің мөлшері өсті, бірақ айтарлықтай жақсарусыз. Пациенттің айтуы бойынша, ұйықтататын дәрілерді қолданбаса, ол «психологиялық ыңғайсыздықты» сезінеді, себебі олар күш-қуат береді және белсенділігі, жұмысқа қабілеттілігі артады.Ұйықтататын дәрінің мөлшерінің қалай артқанын байқамай қалды, бірақ ұйықтатқыш әсерінсіз. Дәріні тастауға тырысқан, бірақ келесі күні түсініксіз қорқыныш, алаңдаушылық сезімі пайда болды. Аяқ-қолдарда діріл, бұлшық еттік тітіркенулер, жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, құсу, айналадағы заттарды және кеңістікті қабылдау бұзылған. Артериялық қысым жоғарылаған, бірақ төсектен тұрған уақытта АҚҚ-ның кенет түсуі анықталды. Кейінірек 2 тырыспалы талма пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет