Білім беру бағдарламасының деңгейі Бакалавриат Біліктілігі Медицина бакалавры Оқыту ұзақтығы



бет5/7
Дата28.12.2022
өлшемі237 Kb.
#164773
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
оскэ 20-21 каз
Документ, -1054229153, -1460500979 н, КР Синдром Стивенса-Джонсона, 2020, Документ Microsoft Word, 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тапсырма:

  1. Синдромалді диагнозын атаңыз

  2. Ажыратпа диагнозын жасаңыз

  3. Болжам нозологиялық диагнозын атаңыз

  4. Емдеу және алдын алу шараларыңыз.

13 ситуациялық есеп
Психиатриялық диспансерге Б. есімді азаматша күйеуінің ұсқынсыз қылықтары бойынша жолықты. Күйеуі бірнеше жылдар бойы ішімдікті мөлшерден тыс қолданады. Ұйқысының бұзылуы, тітіркенгіштік, дөрекілік, потенцияның төмендеуі байқалды. Әйелінің айтуы бойынша күйеуі күдікшіл, қызғаншақ, барлық заттарды аралап, қойын дәптерді тексереді. Әйелінде көңілдесі бар деп санайды. Жазда күтпеген жерден демалыстан келіп, үйде тінту жасап, түнде әйелінің ішкиімдерін ақтарып, өлтіруге қорқытып, өте қозулы болды. Соңғы күндері түксиген, түнде ұйықтамайды, бұрыш-бұрыштарда жүреді, көп шылым шегеді. Жуырда әйеліне «бәрін білемін және барлығына жақында нүкте қоямын» деп айтқан.
Тапсырма:

  1. Синдромалді диагнозын атаңыз

  2. Ажыратпа диагнозын жасаңыз

  3. Болжам нозологиялық диагнозын атаңыз

  4. Емдеу және алдын алу шараларыңыз

14 ситуациялық есеп


Науқас 65 жаста, 30 жыл бойы алкогольді мөлшерден көп қабылдайды, бөлімшеде бола тұрып, өзін демалыс орталығындамын деп санайды. Анамнезінде алкоголизм. Қар жауып тұрғанына қарамастан қазір күз деп ойлайды, емдеуші дәрігердің есімін және қандай күн екенін білмейді. Сіз кеше қайда болдыңыз деген сұраққа, жанұясымен балық аулауда болып, үлкен балықты аулап, оны 3 млн теңгеге сатқаның айтады. Өзінің және балаларының есімін дұрыс айта алмайды. Зерігушілікке және аяғының ауырсынуына шағымданады, жеке қарау кезінде тырпылды жүріс, терісінде трофикалық өзгерістер анықталады.
Тапсырма:

  1. Синдромалді диагнозын атаңыз

  2. Ажыратпа диагнозын жасаңыз

  3. Болжам нозологиялық диагнозын атаңыз

  4. Емдеу және алдын алу шараларыңыз.

15 ситуациялық тапсырма


Науқас 27 жаста. Жасөспірім кезінен ішімдік іше бастады, 20 жасында морфин қабылдай бастады. 5-6 айдан кейін абстинентті синдромы байқалды. Бір жылдан кейін 0,5 гр мөлшерде ұнтақ түрінде морфинді қабылдауға кірісті. Кейде морфиннің орнына ол апиынды, кодеинді және көп мөлшерде алкоголді қабылдады. Соңғы 1,5 жылда морфинмен барбитураттарды қолдана бастады. Қарау кезінде азыңқы, тері сінің бозарған, терісінде ине салған іздері байқалады. Пальпация кезінде бауыры үлкейген, ауырсынады. Әңгіме барысында ашушаң, сұрақтарға қысқа жауап береді, өз халіне еш сын жоқ, сандырақ ойларды айтпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет