Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
6-Plant Physiology-Filiptsova, Биополимерлер химиясы, Тапсырма, Тест зоология, po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-biologiya-10-11-klassy, Zamyshlyayeva2
 
Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері
Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, 
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл 
білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға
педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға 
мүмкіндік береді. 
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру 
сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша 
оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен 
мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат 
арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар 


17 
беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас 
бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, 
география пәндерінің бастама негіздеріқаланып, соның ішінде қоршаған 
дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік 
қалыптасады. 
Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында 
өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен 
танысады.Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып 
жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға 
көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын 
қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған 
азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің 
дамуңына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет 
болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 
оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. 
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда 
оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйәымдастыруға жол 
ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын 
арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр 
оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, 
тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. 
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның 
стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің 
арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею 
мүшелері», «гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағысабақтарда осы 
технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар 
сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», 
«венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. 
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің 
пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап 
отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. 
Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, 
өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік 
жасалынады.Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп 
қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды 
талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін 
жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі 
еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін 
тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, 
басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын 
қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа 


18 
оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде 
ойындағы негізгі қажеттігін жазады. 
Эссе — өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде 
туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану 
тіл сабақтарыменинтегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде 
оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «гүлді өсімдіктер» 
тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде 
мұғалім мына нәтижеге жетеді. 

жүйелі тапсырма беруге ұмтылады 

оқушыны басқа жақтарынан таниды 

өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды 

өзі білмейтін ақпараттарға тап болады 

оқушының жұмысын бағалайды 
Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде 
стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс 
әрекеттерді ұйымдастырады. 
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта 
пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады: 

оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына; 

оқушыларға өз пікірін айта білуіне; 

оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға; 

шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды. 
Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға 
болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды 
күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында 
отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық 
мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға 
болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, 
шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы 
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет