Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Шығармашылық жұмыстардың өнімдері



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
6-Plant Physiology-Filiptsova, Биополимерлер химиясы, Тапсырма, Тест зоология, po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-biologiya-10-11-klassy, Zamyshlyayeva2
Шығармашылық жұмыстардың өнімдері
(жұмыс тәжірбиесінен 
баяндамалар,рефераттар,оқу бағдарламалары,сабақ 
әзірлемелері,дидактикалық материалдар,интерактивтік және 


11 
мультимедиялық құралдар,бақылау-өлшеу материалдары-бейнематериалдар 
т.б.) : 
Оқушы
:эссе,шығармалар,рефераттар,шығармашылық 
презентациялар,авторлық өлеңдер жинағы,зерттеу жұмыстары. 
Мұғалім
: дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары,тапсырмалар 
жинағы,6 ,7 сыныптарға арналған бақылау- өлшеуіш материалдар,жас 
маманға көмекші құрал,6 сыныпқа арналған зертханалық жұмыс дәптері. 
Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен мұғалімнің 
өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Бала мектепке оқып – үйренуге деген 
үлкен ынтасымен, ықыласпен келеді.Оқушыны «қабілетті» және «қабілетсіз» 
деп бөле қарауға болмайды. Себебі, әр оқушының өзіндік көзқарасы әр түрлі. 
Мұғалім күнделікті сабағын түрлендіріп, ғаламтор желісін пайдаланып, әр 
түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, оқушыны ойлантуға жетелеу мен бірге , өз 
ойын ортаға салуға, басқалар мен пікір таластыра алуына көмектеседі. Сонда 
өз ойымен тұйықталған баланың, ойлау қабілеті еркін дамыйды. Сабақ 
барысында оқушымен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас тығыз 
байланыста болу қажет. Бұл оқушының қиялын, өзіндік көзқарасын еркін 
айтып, ұстаз тарапынан нұсқау алуына мүмкіндік береді. 
К.Д.Ушинский « ... қызығушылық туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының 
білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу 
оқушының еркін, күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады» деген екен. 
Осы қағидаға сүйене отырып, биология пәнін оқыту үрдісінде мына 
бағыттардыұстанамын:
1.Білім берудің балама жолдарын қалыптастыру 
2.Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, сабақ барысында кең 
көлемді, тиянақты, нақты, білім беруде уақытты ұтымды пайдалану 
3.Оқулықтан тыс қосымша оқу материалдарын жүйелеп, оқу үрдісінде 
қолдану 
4.Оқушылардың білімін бағалауда бағаның рөлін жете ойластыру 
5.Оқушыларға берілетін үй тапсырмасын ұтымды ойластырып, 
оқушылардың өз бетімен ізденуіне қалыптастыру. 
Әрине, бұл талаптарды орындауда мұғалім ұдайы ізденісте болуы керек.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Бірнеше жылғы тәжірибеме 
сүйене отырып, жаратылыстану пәндері мен биология сабағында 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын, 
шығармашылыққа баулитын сабақ түрлерін қолданып жүрмін. Мысалы, 
сайыс сабағы, сот сабағы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабағы, лекция сабағы, 


12 
конференция сабағы, семинар сабақ, пікір-талас сабағы, тест сабағы және т.б. 
Менің қазіргі кезде жиі қолданып жүрген тәсілім,семинар сабақтары. 
Мұндай сабақтар пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, биология 
сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқыған 
материалдарын бекітуге, терең білім алуға, оқушылардың дербес ойлануын 
жан-жақты дамытып мұғалімнің көмегінсіз оқып үйренуге қалыптасады. 
Қазіргі заман талабына сай, жеке тұлға қалыптастыруда ұстаз орны 
ерекше.Ұстаз-еркін шығармашылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге 
де болады.Оқушыға үйрете жүріп, өзінің іс-әрекетіне сараптама, талдау 
жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі.
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті 
жоғары шәкірт әзірлеу.Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын 
ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық 
талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет.Себебі, адамгершілігі мол, 
иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, 
шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне 
тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті.
XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен 
тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық- психологиялық 
диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан 
бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс- 
әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог 
эерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» - деп Қадыр Мырзалиев 
айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп 
тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы 
табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті 
парызымыз.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, 
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, 
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы 
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін 
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана 
емес жаратушы да. 
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең 
алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар 
әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, 
шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет 
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан 
тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға 
әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. 


13 
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-
экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана 
болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен 
проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан 
алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан 
келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын 
адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. 
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз 
бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен 
өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық 
қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, 
бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді. 
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда 
ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу 
әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. 
Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен 
маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс 
процесінің мәнділігінде. 
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық 
арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы 
өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің 
көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті 
қалыптасады. 
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын 
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп 
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі 
ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» 
жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл 
әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан 
шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн 
талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа 
қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру 
болып табылады. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен 
«қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда 
«қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке 
еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс- әрекеттердің 
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. 
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең 
алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін 
қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына 
жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер 
деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін 


14 
сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде 
қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, 
екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың 
қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. 
Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, 
дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың 
бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым 
болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты 
сапаларымен ерекшеленеді. 
Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі 
қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. 
Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам 
бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін 
дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті 
адамдар. 
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді. 
Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу 
деңгейі. 
Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» 
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке 
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық 
қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық 
ашатын 
іс-әрекет», — 
деп 
түсіндіріледі. 
Ал 
көрнекті 
психолог 
Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». 
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі 
болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық 
барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі 
ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар 
орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп 
айтуда. 
Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, 
табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек 
ету қажет. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – 
оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, 
құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», 
«өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін 
мадақтап, көтермелеп отыру керек. Сабақ беру үрдісінде оқушыларды 
шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың 
танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба 
жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және 
адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра 
білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп 
ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының 


15 
бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар 
беремін. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық 
ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты 
түрде беруге қалыптастыру. Әр топта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, 
ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. 
Оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез 
келген оқушы оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі 
жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы 
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін 
дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол 
баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған 
жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс 
жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез 
келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек 
ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. 
Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі 
білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты 
нысана 
болып 
алынуымен 
байланысты, 
оқулықтарда 
берілген 
тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, 
эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, 
жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны 
іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа 
жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-
қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» 
бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар 
тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні 
нақтыланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет