Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру



бет3/8
Дата21.01.2022
өлшемі17,4 Kb.
#112614
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М11.Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру
Семинар 1 Абдулова А, Документ, Документ, «Химия» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар, Документ, ОСӨЖ 1-3, реферат МР студентам, hero-ss-instrukciya-or-po-registracii-studentov-na-discipliny
Езілген картоп сорпасы Құрамы: жарты кесе сүт, 2 картоп, 1 кесе су, 1 шай қасық сары май, 1 жұмыртқаның сары уызы. Дайындау тәсілі: картоптың қабығы аршылып, жуылады. Ыдысқа салынып, үстіне салқын су құйылады да, жұмсарғанша қайнатылады. Содан соң картоп сүзіп алынады да, ағаш қасықпен езіледі. Езілген картоп өз сорпасына салынады да, устіне сүт құйылып, тұздалады. Сөйтіп тағы бір рет қайнатылады. Балаға берерде шағын шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне сары майға езген жұмыртқаның сары уызы немесе сәбіз сөлі құйылады.

Езілген көкөніс сорпасы Құрамы: 1 картоп, 50 грамм капуста, 1 шай қасық сары май немесе 1 ас қасық қаймақ, жарты сәбіз, 1,5 кесе су, тұз татымына қарай. Дайындау тәсілі: Картоп, сәбіз, капуста тазартылып, ыдысқа салынады да, үстіне салқын су құйылып, отқа қойылады. Сөйтіп жұмсарғанша қайнатылады. Содан соң оттан түсіріліп, көкөністер сүзіп алынады да, ағаш қасықпен жақсылап езіледі. Езілген масса қайтадан өз сорпасына салынып, тұздалады да, тағы бір рет қайнатылады. Балаға берерде шағын шұңғыл ыдысқа құйылып, үстіне қаймақ немесе сары май салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет