Бизнес-модель, жоспарлау 1-тақырып. Бизнес-модель



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі38,07 Kb.
#87320
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
e913bcda-fc41-4951-b9e2-e50b98a12464-Кәсіпкерлік--іс---әрекет--негіздері--(ф)-265599
zhumys, zhumys, педогика аяжан алтынхан
түсіру механизмі (неге?) компания не-
ден табыс табады. Яғни, бизнес-модель
сіздің клиенттеріңіздің кім екенін, сіздің
ұсынысты қалай қалыптастыратыныңыз-
ды және сіздің бизнесіңіздің қалай пайда
түсіретінін анықтайды.
Нақты барлық бизнес бірдей болып
көрінуі мүмкін, оларды ерекшеленетін –
бизнес-модель: бизнестің клиенттері кім,
бизнес қандай өнім ұсынады, ол өз тау-
арын қалай өндіреді және қалай пайда
түсіреді. Нәтижесінде, осы сұрақтардың
жауабы клиенттер төлейтін біртұтас баға
ұсынысын қалыптастырады.
Дәмхана мысалдарын қарастырайық. Бұл
жердегі өнімдер – азық-түлік пен сусын-
дар бірдей болып көрінеді. Бірақ бізде
мысық-кафе бар, ол қазір Жапонияда өте
танымал. Бұл кафеде тамақтанып қана
қоймай, мысықтарды қызықтауға бола-
ды, оларды сылап-сипап, ойнауға болады.
Сәйкесінше, бұл жағдайда бірегей сауда
ұсынысы (БСҰ) – бұл тамақтану ғана емес,
сонымен қатар жануарлармен жағымды
жағдайда уақыт өткізу. Мұндай мысық-ка-
фенің клиенттері әдетте, жануарларды
сүйетін, бірақ оларды үйде асырауға мүм-
кіндігі жоқ балалар мен әйелдер болып
келеді. Олар тек қана кофе мен круассан
үшін ғана емес, мысықтарды қызықтау
мүмкіндігі үшін де төлейді.
Ал арткафеде келушілер тек түскі ас ішіп
қана қоймай, сонымен қатар Фрида Кало
мен Диего Ривераның шығармашылығы
туралы дәріс тыңдай алады немесе жер-
гілікті суретшінің көрмесін көре алады.
Мұндай кафелерге келген кезде келушілер
тек тамақ үшін ғана емес, сондай-ақ осын-
дай дәрістерге немесе көрмелерге қатысу
мүмкіндігі үшін де төлейді. Мұндай кафе-
ге келушілер өнерге қызығушылық таны-
татын және қызықты іс-шаралар ұсыныл-
са, түскі асқа қымбатырақ төлеуге дайын
адамдар болады.
35 жасқа дейінгі адамдар, жастар мен
кеңсе қызметкерлері арасында таны-
мал қала кафесі. Мұнда қабырғалардың
орнына белгілі иллюстраторлар бор-
мен салған суреттер үнемі жаңартылып
отыратын тақталар қойылған, сөрелер-
де философия, өзін-өзі дамыту бойын-
ша кітаптар поэтикалық жинақтар және
т.б. қойылған. Хабарландыру тақтасында
театр қойылымдары, баламалы музыка-
лық концерттер мен дискуссиялық клуб-
тардың жарнамалық плакаттары ілінген.
Бұл жағдайда БСҰ – тек тамақтану ғана
емес. Мұндай кафе – зияткерлік жастар-
дың кездесу орны, онда сіз қызықты сұх-
баттасушыны таба аласыз, қаланың зият-
керлік өмірі туралы және т.б.біле аласыз.
Азық-түлік пен сусындарды сатуға қосым-
ша, мұндай кафе қабырғаларына жарна-
ма плакаттарын орналастырудан пайда
түсіре алады.
Тіпті біз донер кафесі туралы айтатын бол-
сақ да, бизнес-модель дегеніміз – нақты
донерлік үлгіні басқалардан ерекшелейтін
нәрсе. Яғни, мұнда донерді сатып алған
кезде айран тегін берілуі мүмкін. Немесе
оны танымал блогерлер жарнамалайды.
Немесе донердің құны сәл қымбатырақ,
бірақ безендірілуі мен сервисі жақсы. Не-
месе бұл кафе көрсетілген мекенжай бой-
ынша донерлерді жеткізіп береді. Немесе
клиенттер қосымша ақы төлеп өз донері-
не ингредиенттер қоса алады.
Мысалдар тізімін тек мейрамхана бизнесі
үшін ғана емес, басқа да бизнес мысалдар-
мен жалғастыра беруге болады. Сондай-ақ
шаштараздар (балалар шаштаразы, бар-
бершоптар, белгілі стилистері бар шашта-
раздар, үйдің бұрышындағы арзан және
т.б.шаштараздар), балабақшалар, шебер-
ханалар, дүкендер және т.б. дәл осылай
бір-бірінен ерекшелене алады. Баға ұсы-
нысы әрқашан мынадай сұраққа жауап бе-
реді: «Бір-біріне ұқсас бизнестердің ішінен
клиенттер мені неге таңдайды?»
Сонымен, қандай бизнес ашсаңыз да,
сіздің бизнес-моделіңіздің неден тұраты-
нын түсіну керек: сіз өз клиенттеріңізге
қандай бірегей шешім ұсынасыз, оған ақша
төлеуге кім дайын болады, нәтижесінде
сіз қалай пайда аласыз. Сізді бәсекеле-
стерден ерекшелендіретін нәрсе – сіздің
бірегей баға ұсынысыңыз – бұл сіздің биз-
несіңіздің іргетасы. Ол сізге сіздің өніміңіз
үшін ақы төлеуге дайын тұрған және пай-
да түсірудің нақты тәсілі болып отырған
– сіздің тұтынушыларыңызбен тығыз бай-
ланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет