Бизнес-модель, жоспарлау 1-тақырып. Бизнес-модель


ИННОВАЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС-МОДЕЛЬДЕР



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі38,07 Kb.
#87320
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
e913bcda-fc41-4951-b9e2-e50b98a12464-Кәсіпкерлік--іс---әрекет--негіздері--(ф)-265599
zhumys, zhumys, педогика аяжан алтынхан
2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС-МОДЕЛЬДЕР
Бизнес-модель кез келген компанияда
бар, бірақ, егер компания төрт аспектінің
кем дегенде екеуін өзгертсе ғана, яғни
нарықта қабылданған әрекеттерден тыс
іс-қимылдар жасаса, ол инновациялық
болып табылады Мысалы, британдық
Rolls-Royse компаниясы авиақозғағыштар
шығарады. Оған ұқсас барлық компа-
СТУДЕНТТІҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ
ниялар келесі схема бойын- ша жұмыс
істейді: қозғағыштарды жасап, оларды
авиакомпанияларға сатады. Rolls-Royce
қозғалтқыштар емес, ұшу сағаттарын
сата бастады. Яғни, авиакомпаниялар оған
осы қозғалтқыш қанша сағат жұмыс істе-
се, соншалықты ақы төлейді. Бұл ретте
қозғалтқыш Rolls-Royce меншігінде қалды
және компания оған техникалық қызмет
көрсету құқығын өзіне қалдырды. Демек,
Rolls-Royce «не?» деген аспектіні өзгертті
(компания нені сатады) – ол қозғалтқышты
емес, ұшу сағаттарын және «неге?» деген
аспектіні сата бастады (неге бұл пайда
әкеледі) – себебі қозғағыштарға қызмет
көрсетуді компанияның өзі орындайды,
оған жұмсалатын шығындар азайды, ал
ұшу сағаттарынан үнемі пайда түседі.
Жүргізілген зерттеулер, егер компания
өнімді емес, нақты бизнес-модельді жетіл-
дірсе, ол 6%-ға анағұрлым табыстырақ бо-
латынын көрсетті. Әлемнің ең жаңашыл
25 компаниясының 14-і инновациялық
бизнес-модельдерді пайдаланады. Егер
компания бизнес-модельді өзгертсе, одан
кейін 60% пайда көбейеді.
Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша
көптеген авиакомпаниялар ұшады, бұл
ретте олардың әрқайсысының өз клиент-
тері бар. Әрбір жағдайда клиенттер мен
пайда алу тетігі компанияның таңдалған
бизнес-моделіне байланысты.
FlyArystan – қазақстандық бюджеттік
(лоукост) авиакомпаниясы. FlyArystan Қа-
зақстан қалаларына жолжүксіз қысқа
мерзімге саяхаттайтын адамдарға қолай-
лы. Олар – іссапарлардағы қызметкерлер,
үйіне демалуға баратын студенттер және
қол жүгімен ұшуды қалайтын басқа да
жолаушылар.
Билеттердің құны бірнеше факторлардың
есебінен төмендетілген:
• билеттерді тек онлайн сатып алуға
болады;
• барлық рейстер – бір бағыттағы,
ауысып отыратын емес тікелей рей-
стер;
• ұшақ салонында бірыңғай эко-
ном-класс;
• әуежайларда ұшаққа жылдам қыз-
мет көрсетіледі;
• барлық билеттер тек электронды;
• жүкке бөлек төлеу қажет;
• борттағы тамақтануға да бөлек ақша
төленеді.
Бюджеттік әуетасымалдаушы дәстүрлі
әуе компаниясынан жолаушыларға арзан
бағамен билеттер ұсынуымен ерекшеле-
неді. Операциялық қызмет шығындарын
қысқартудың арқасында бюджеттік авиа-
компаниялар рейстерінің орташа баға-
сы 40-60%-ға төмен. Лоукостердің биз-
нес-моделі дәл осыған негізделеді.
5-кесте. Лоукостердің бизнес-моделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет