Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Алаша» Мақсаты



бет2/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#7591
1   2   3   4


Күтілген нәтижелер:

Жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, жапырақтарды көлемі бойынша орналастыруды;

Түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғи құбылыстарды;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; аспан денелерін ажырата білуді үйрету, ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету; жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу

Алдын ала жүргізілген жұмыс: әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарап әңгіме құрастыру. Көлік түрлері жайында әңгімелесу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс:қалақ

Билингвальді компонент: ұшақ-самолет, аспан-небо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғалаушылық

Жұмбақтар.

Құстан аумайды,

Көкте заулайды.(Ұшақ)
Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)



Балалар педагогтің жасырған жұмбақтарын шешеді: Ұшақ, Ұшқыш.




Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар, ұшақтар қайда ұшады?
-Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме? Ұшқыш болу үшін не істеу керек? Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық. Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.

-Аспанда ұшады.

-Иә, Мен өскенде ұшқыш болғым келеді.

Балалар үлестірмелі материалдағы суретке қарайды.





Сөздік жұмыс: қалақ

-Суретке нелер бейнеленген? Ендеше, фонға ұшақтың қанатын жапсырамыз, одан сон, ұшақтың қанатынан сәл төменірек ұшақтың құйрығының үстіне ұшақтың негізгі бөлігін жапсырамыз. Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын білу үшін оларға терезе керек. Олай болса, терезесін жапсырайық. Ұшағымыз ұшу үшін оның алдыңғы жағына қалағын(пропеллер) және оны ұшаққа бекітіп тұратын дөңгелікті жапсырамыз. Ұшағымыз дайын болды.

Билингвальді компонент: ұшақ-самолет, аспан-небо.

Сергіту сәті.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.
Педагог оқу іс-әрекеті барысында көмек сұраған балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарды тақтаға ілініп, талданады.



Қайталайды: қалақ.

-Суретке аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.


Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша жұмысты орындайды.

Өздері дайындаған ұшаққа ұызыға қарайды.




Қайталайды: ұшақ-самолет, аспан-небо.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар.


Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды жүзеге асырады.





Рефлексиялық-

түзетушілік

Рефлесия:

-Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендіңдер?

-Ұшақ жапсыру қызық па екен?

Педагог балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.


-ұшақ жасауды үйрендік.

-Иә, өте қызық.

Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.



Күтілген нәтижелер:

Жасайды: ұшақтың бөліктерін, оларды рет-ретімен жапсыруда;

Түсінеді: ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын; берілген тапсырманы тыңғылықты орындауды;

Қолданылады: жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Тәрелкедегі қиярлар мен қызанақтар»

Мақсаты: көкөністер туралы білімдерін арттыру; жапсыру дағдыларын қалыптастыр; кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу

Алдын ала жүргізілген жұмыс: көкөністер туралы, олардың пайдасы туралы әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Сөздік жұмыс:қияр, қызанақ

Билингвальді компонент: қияр-огурец, қызанақ-помидор.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

Қозғалаушылық

Шаттық шеңбері.

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

Қандай белгілеріне қарап күз екенін білеміз?

-Көкөністер қай уақытта піседі?

-Қандай Көкөністерді білесіңдер?

Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.

-Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады?

-Ал қызанақ неге ұқсайды?

-Түсі қандай?



-Күз
-Жаңбыр жауады, күн салқындайды.

-Көкөністер күзде піседі.

-Қияр,қызанақ орамжапырақ, картоп, сәбіз.

Қайталайды: қияр, қызанақ, орамжапырақ, картоп.

-Жасыл, сопақша.

-Дөңгелекке

-Қызыл



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Қызанақтың түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен.

-Балалар сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат жасайтынын көреміз.

Билингвильді компонент: қияр-огурцы, қызанақ-помидор.

-Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз.

-Балалар, тірелкенің пішіні қандай?

Дөнгелек екен солай ма, балалар?Енді тәрелкеніңжоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты , қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды, қиярларды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты жапсырамыз. Салатымыз дәмді болатын сияқты.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң ұолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауа да,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балаларға қызанақ пен қияр туралы тақпақ оқып береді:

Қолыма алып ұстадым,

Қызанақ пен қиярды.

Жуып-жуып жеп алдым,

Дәрумен деп пайдалы.

А.Дамас

Педагог балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.


-Иә.


Балалар қуанады.
Балалар қайталайды:

Қияр-огурец, қызанақ-помидор.

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

-Дөңгелек.

Балалар педагогтіңайтқан реттілігін сақтай отырып желімсіз жапсыруды орындайды.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қимыл –қозғалыстар жасап, қайталап айтады.

Балалар тақпақты мұқият тыңдайды.





Рефлексиялық-

түзетушілік

Рефлексия:

Балалар, бүгін қандай көкөністермен таныстық?

-Олардың түстері қандай екен?

-Балалар, салаттарың дәмді болды ма?


Балаларды марапаттайды.

-Қияр жыне қызанақпен таныстық.

-Жасыл және қызыл.

-Иә, өте дәмді екен.

Балалар жасаған жұмыстарын қызыға қарайды.

Күтілген нәтижелер :

Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, көкөністерді орналастыруды;

Түсінеді: көкөністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың ерекшеліктерін;

Қолданады: желімсіз жапсыру тәсілін.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Кесені әшекелейміз»

Мақсаты:сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлік элементтеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектерін бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру. Өрнек түрлерімен таныстыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлістірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара.

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

Билингвальді компонент:қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялқ-

Қозғалаушылық


Жылулық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үйге қонақ келгенде:

«Сәлеметсіз бе!», - деп,

Амандасып аламыз



Балалар шеңберге тұрып педагогтің іс-әрекетін қайталайды

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар,біреу есік қаққан сияқты, ашамыз ба?

-Балалар, бұл біздің Динара апайымыз ғой .

Динара апай:

-Балалар, менің үйдегі қуыршақтарымның кеселері бар, бірақ онша әдемі емес. Сол кеселерді безендіруге көмектесесіңдер ме?




Балалар есік жаққа қарайды.

-Көмектесеміз












Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

-Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы,не көріп тұрсыңдар?

-Қандай оюмен безендірілген?

-Балалар, қызғалдақ-гүлдің түрі ғана емес, төресі.Қызғалдақ-жан сүйсінтер сұлулықтың көз сүйсінер сүйіспеншіліктің белгісі. Қызғалдақ – бірлік пен ынтымақтың, достықтың нышаны. Ендеше, қуыршақтың кеселерін қызғалдақ гүлімен әшекейлейік.



Билингвильді компонент: қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.

-Балалар қызғалдақтың түсі қандай болады, ал жапырағының түсі қандай ?

Жұмысымызды бастайық:

Алдымен кесенің төменгі жағына қызғалдақтың жапырағын жапсырамыз, сол жапырақтың жоғарғы бөлігіне қызғалдақты жапсырамыз. Осылайша қызғалдақ пен оның жапырағын рет-ретімен қойып жапсырамыз. Кесеміз өте әдемі болды.



Сергіту сәті.

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан.

Педагог мен Динара апай балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды. Динара апай: «Балалар, сендерге үлкен рақмет. Енді қуыршақтарым қуанатын болды.

Сендерге өнерлі екенсіңдер», -деп балалармен қоштасады.

Қайталайды:кесе, қызғалдақ.

-Кесені.

-Қызғалдақ гүліне ұқсайды


Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Қайталайды: қызғалдақ-тюльпан, кесе-писала.

-Қызғалдақтар қызыл сары , ақ түсті болады. Жапырағы жасыл түсті.

Балалар педагогтің айтқаның мұқият тыңдап, оның көрсеткенң бойынша алдарындағы кесені қызғалдақ оюымен

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимылмен көрсетеді.

Жұмысты жалғастырады.

Балалар Динара апаймен қоштасады.



Рефлексиялық-

түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар? Қызғалдақтың түсі қандай болады екен?

Кесені әдемі, безендіргендерің үшін мен сендерге жұлдызша дайындадым

Кесені қызғалдақ гүлдерімен безендірдік.

Қызғалдақтың түсі қызыл болады екен. Өте қызық болды.

Балалар жұлдызша алғандарына қуанды.





Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, қызғалдактарды рет-ретімен жапсыруды.

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды.

Қолданады: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік талғамды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»



Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелему. Топтағы шыршаны безендіру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

Билингвальді компонент:Жаңа Жыл-Новый Год, Шырша-ёлка.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялқ-

Қозғалаушылық

Жылулық шеңбері.

Қол алысып, кәне, біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тқрі,

Достарымен бір жүрі!

Қандай жақсы дос болу!



Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.





Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?



Сөздік жұмыс: шырша, шам.

-Жаңа Жылда не істейміз?

-Шыршаның түсі қандай болады?

-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?

-Олай болса,шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады?

Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен.

Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз.Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.

Билингвальді компонент:Жаңа Жыл-Новый Год, Шырша-ёлка.

Сергіту сәті:

Біз кішкетай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып.

Күнге қолды созамыз.


-Қыс мезгілі.

-Жаңа Жыл мерекесін білеміз.



Қайталайды: шырша, шам.-Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.Шыршаның түсі жасыл болады.

-Иә, сыйлық алғымыз келеді.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.
Жаңа Жыл-Новый Год, Шырша-ёлка.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап, қимыл-қозғалыстар жасайды.



Рефлекциялық- түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

-Шырша безендіру сендерге ұнады ма?

-Шыршаны біз немен безендірдік?


-Шыршаны


-иә, ұнады.

Түрлі-түсті дөңгелектермен




Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;

Түсінеді:Жаңа Жыл мерекесінің символы шырша екенін.

Қолданады:желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды жапсыра білуді.
___________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақарыбы: «Ұзын құлан ақ қоян».

Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылыу; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету; қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастара білуге; жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоян туралы өлеңдер жаттату, оның дене бөліктерін құрастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, ойыншық қоян,

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

Билингвальді компонент: қоян – заяц, ұзын – длинный.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялқ-

Қозғалаушылық

Ғажайып сәт:

Шеңберде тұрған балалардың жанына қос аяқтап секіріп қоян келіп былай деді:

- Қайырлы күн, достар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Армысың, шапағатты Күн-ана!

Армысың, шапағатты Аспан-ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!



Шеңберде тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.

Балалар қоянмен амандасады.



Ұйымдастырушылық -ізденушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Ал қыстын күні менің қайды мекендейтінімді кім айтады?

- Қыстын күні далада мекен ететін тағы қандай жануарларды білесіңдер?

- Қоянның түсі, құлағы қанда» болады?


Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

- Балалар, өздеріңнің қояндарың болғанды қала»сындарма?

- Балалар ұзын құлақ ақ қоянды жапсыруға уйренгілірің келе ме?

Негізгі бетке (фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын және ұзын құлағын жапсырамыз.

- Балалр, қоянның құйрығы қандай екен? Құйрығын жапсырамыз

- Қоянның аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?

- Иә, аяқтары қысқа болады. Енді аяқтарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: қоян – заяц, ұзын – длинный.
Сергіту сәті.

Көжегім, тұршы,

Бетінді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашаыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші.

Орныңа отыршы,

Сабағынды оқышы.

Жұмыс барысында қиналып отырған балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.


- Қыс мезгілі.

- Қыста далада, қардың үстінде жүресің.

- Қасқыр, түлкі.

- Құлағы ұзын, түсі ақ, сұр болады.



Қайталайды: ұын құлақ.

- Иә, қалаймыз.

- Үйренгіміз келеді.

Балалар мұқият тыңдап, пелагогтің айтуы бойынша жапсырады

- Кішкентай, түсі ақ болады.

- Аяқтары қысқа болады.



Қайталайды: қоян заяц, ұзын – длинный.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар қоянды көрсетілген реттілікпен жапсырады.



Рефлексиялық-

түзетушілік

Рефлексия:

- Балалар қоян қалай секіреді, бәріміз бірге қоян сияқты секіріп көрейік.

- Немен қоректенеді?

Балаларды марапаттайды



Балалар бәрі бірге қос аяқты секіреді.

- Сәбізбен.

Балалар жұмыстарын

аяқтап, бір-бірінің

жұмыстарын бағалайды.



Күтелетін нәтижелер:

жасайды: қоянның дене мушелерін, оларды рет-ретімен жапсыруды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет