Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Алаша» Мақсаты


түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінін; қолданады



бет3/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#7591
1   2   3   4

түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінін;

қолданады: қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.

___________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Жемсауыттағы құстар»

Мақсаты: құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс:құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, аудио құрылғы арқылы құстар үні.

Сөздік жұмыс: жемсауыт

Билингвальді компонент: құстар-птицы.


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялқ-

Қозғалаушылық


Шаттық шеңбері.

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.





Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Аудиоқұрлығы арқылы құстар үні қойылады.
-Балалар, бұл нелердің дауысы?

-Сендер қандай құстарды білесіңдер?

-Қыстың күні мекен ететін құстарды білесіңдер ме? Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.

-Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?

Сөздік жұмыс: жемсауыт.

-Негізгі бетте жемсауыт және жем берілген. Осы бетке құстарды жапсырамыз.Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.

-Қанаты қандай пішіннен жасалған?

-Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.



Билингвальді компонент: құстар-птицы.

Сергіту сәті.

Торғай, торғай, торғайсың.

Тяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын, тойып ал.

Шашылған нан қоқымын,

Шоқып-шоқып жиғайсың.

Педагог іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.



Балалар әуенді тыңдай отырып, құстар әлеміне келгендей сезінеді.

-Құстардың дауысы.

-Қарғаны, торғайды.
-Иә.

Жапсырғымыз келеді. Қайталайды: жемсауыт.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдай отырып, жұмысты орындайды.
-Доғал пішіннен.

Балалар екінші құсты да жапсырады.



Қайталайды:құстар-птицы.

Балалар тапсырманы орындайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тақпақты педагогпен бірге қайталап айтады.



Рефлексиялық-

түзетушілік



Рефлексия:

-Балалар, құстарға неге жем шашады?

-Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?

Балаларды марапаттайды.


-Жемсауытқа жем шашады.

-Жоқ, қиын болған жоқ.

Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:Қыста жылы жаққа ұшып кетпей қалып қоятын құстарды;

Түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екенін;

Қолданады:түстерді ажырата білуді.

«Тексерілді»______ ____________

№46 «Самал» санаториялық

балабақшасының әдіскері

Ә.М.Мұхаметжанова

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Машина»

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; манишнаның қызметімен және бөлшектермен таныстыру; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдалырын қалыптастыру; танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: көлік түрлері туралы,оның бөліктері туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету, әңгіме құрастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, Айдас, Айсұлу есімді қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: автокөлік.

Билингвальді компонент:автокөлік-автотранспорт.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-Қозғалаушы лық


Шаттық шеңбері.

Жұмбақ


Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

Автобус.

Балалар педагогтің жасырған жұмбағын шешеді: Автобус



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдардаршы.

Бұл-Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой. Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, өздерінен сұрап көрейік.

Қуыршақтар:

-Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік, енді ол бұзылып қалды, бізге жаңасы керек болып тұр,-дейді.




Балалар тыныштала қалады.

Келген қуыршақтармен амандасады, қуанады.


Балалар Айдар мен Айсұлдың айтқандарын мұқият тыңдайды.





Педагог:


-Балалар, Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.

-Айдар Айсұлу сендер де бізге қосыласындар ма?

-Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.

-Балалар, машинаның пішіні қандай?

-Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме? Мен сендерге машина туралы әңгімелеп берейін. Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі бар. Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигураларын жапсырамыз.

Сөздік жұмыс: автокөлік.Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін, дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары және вамперлері болады.Педагог жапсыру үлгісін көрсетеді



Билингвальді компонент: автокөлік-автотранспорт.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.



-Көмектесуге дайынбыз.

-

Төртбұрыш.



Балалар педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Қайталайды: автокөлік.

Қайталайды: автокөлік-автотранспорт.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тапсырманы орындайды.




Рефлексиялық-

түзетушілік



Рефлексия:

-Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік?

Сендерге жасаған жүмыстарың ұнады ма?

Енді машиналарымызды Айжар мен Айсұлуға сыйлайық.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

-Геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсырдық.

Иә, өте қызық болды. Балалар Айдар мен Айсұлумен қоштасады.



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды.

Түсінеді: көлік қызметін, оның ерекшеліктерін;

Қолданады:машина көлігі туралы мағлұматты.

____________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»

Мақсаты:кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс:киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Сөздік жұмыс: киім.

Билингвальді компонент: көйлек-платье, бұршақ-горошек.


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялқ-Қозғалаушылық


Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Кұлімдеген күндейміз.

Ән саламыз күде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді.Бірақ Айжанның көңіл күйі жоқ екен. Себебі, қызыл көйлегінде бұршақтары түсіп қалыпты.

-Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

-Айжанның көйлегінің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: киім.

-Бұршақтардың пішіні қандай?

-Бұршағының түсі қандай екен?

-Балалар, Айжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұқршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне жапсырамыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан да қуанып қалды.



Билингвальді компонент: көйлек-платье, бұршақ-горошек.

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады,

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезені қағады.

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды.



Педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.

-Иә, көмектесеміз.

-Қызыл.

Қайталайды:киім



-Дөңгелек.

-Ақ.
Балалар педагогтің айтқаны бойынша жұмыс істейді.




Қайталайды: көйлек-платье, бұршақ-горошек.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады.

Балалар өздігінен жұмыс атқарады.



Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия:

-Балалар, бүгін біз не істедік?

-Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

-Бұршақтың түсі қандай?

-Айжанның сендерге деген алғысы шексіз.Сендерге үлкен рақмет. Айжан балалармен қоштысады.

-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

-Көйлегіне бұршақ жапсырдық

-Қызыл,ақ.

Балалар Айжанмен қоштасады.



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды.

Түсінеді:досына қиын сәтте көмек беруді.

Қолданады:ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз»

Мақсаты:Жыл басы-Наурыз туралы мағлұмат беру; Наурыз меркесінің ерекшелігі, ұйымдастырылуы қалыптастыру; Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс:Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш

Сөздік жұмыс:қонақжай халық

Билингвальді компонент:жыл басы-начало года.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялқ-Қозғалаушылық


Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме!»-деп, сәлемдесеміз.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте құаныштымын.


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.

Балалар педагогпен сәлемдеседі.



Ұйымдастырушылқ-

ізденістік

-Балалар, наурыз айындағы мерекелерді есімге түсірейікші. 22Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы. Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап, үй аралап қонаққа барады. Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

-Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз. -Балалар, кілемді немен әшекейлесе болады?

-Балалар, гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

-Сабағының түсі қандай?



Билнгвальді компонент: Жыл басы-начало года.

Негізгі бетке қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз. Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз.



Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.

-Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізілді.

-22Наурыз-Жыл басы, Наурыз мерекесі.


Балалар педагогтің әңгімесін мұқият тыңдайды.

Қайталайды: қонақжай халық.

-Гүлдермен әшекейлеміз

-Төртбұрышқа

-Жасыл.

Қайталайды: Жыл басы-начало года.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды, қол қимылдарына қарайды.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады.

Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі.




Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия:

Педагог балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді.

-Балалар, мерекеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз.

Балаларды мадақтайды.


Балалар өз ойын айтады, жұмыстарды көрсетеді.

Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:кілемді жапсыру әдісімен әшекейледі;

Түсінеді:геометриялық фигураларды, ұлттық мейрамды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін.

Қолданады:кілемді гүлмен безендіруді.

«Тексерілді»______ ____________

№46 «Самал» санаториялық

балабақшасының әдіскері

Ә.М.Мұхаметжанова

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Қоянға арналған баспалдақ»

Мақсаты:қағаз бетіне бағдарлай білу түсініктерін нақтылау, кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ретімен жапсыруды үйрету, пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету; жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қызуғыушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Сөздік жұмыс:баспалдақ

Билингвальді компонент:қоян-заяц, баспалдақ-лестница.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялқ-Қозғалаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!


Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталап орындайды.





Ұйымдастырушылқ- ізденістік

-Балалар, сендер Айдар есімді қоянның сиқырлы екенін білесіңдер ме? Ол барабанда ойнап, одан неше түрлі дыбыстар шығара біледі екен. Бірақ, қоян келе жатқанда алдынан биік тау кездесіпті, сол таудан өті қажет болыпты.

-Балалар, қоянға баспалдақ жасауға көмектесеміз бе?



Сөздік жұмыс: баспалдақ.

-Баспалдақты неден жасасақ болады?

-Дұрыс айтасыңдар, баспалдақты тіктөртбұрыштан жасайық. Баспалдақты жасау үшін төменнен бастаған жөн.

-Төртбұрыштардың түстері қандай? Ол үшін ең астаны 4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты қоямыз.Оның үстіне 2 төртб. Және үстіне 1төрбұрышты қоямыз. -Міне, Баспалдағымыз дайын. Қоян қуанатын болды.



Билингвильді компонент: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өоніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір тынығып алайық.

Педагог балалармен жеке жұмыс жасайды.

Балалардың жұмыстарын қарастырады.

Балалар таңғалады. Педагогтің айтқанын тыңдайды.


-Иә, көмектесеміз.

Қайталайды: баспалдақ

-Төртбұрыштан жасаймыз.

-Сары, жасыл, көк, қызыл.

Балалар педагогті тыңдайды.

Қайталайды: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады.

Балалар педагогтің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады





Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия:

Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлерін сұрайды.

-Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?

-Не жасадық?

-Сендерге баспалдақ жасау ұнады ма?

Бүгінгі белсенділіктерін үшін көп рақмет.


Балалар өз ойларымен бөлеседі.

-Айдар аты қоянға

-Баспалдақ жасап бердік

Өте ұнады

Балалар қуанады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет