Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Алаша» Мақсаты



бет4/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#7591
1   2   3   4



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті

Қолданады: желімді дұрыс колдану, орындалу ретін.

«Тексерілді»______ ____________

№46 «Самал» санаториялық

балабақшасының әдіскері

Ә.М.Мұхаметжанова

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Көгалада серуендеген балапандар»

Мақсаты:үй құстары туралы білім беру; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктері қалыптастыру; желіміз жапсыру дағдыларын қалыптастыру;

Алдын ала жүргізілген жұмыс:балапандар туралы, олардың қорегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.



Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш

Сөздік жұмыс: көгал

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-желтый.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялқ-

Қозғалаушылық

Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой

Ал, кәнеке» бәріміз

«сәлем» дейік үлкенге.

Балаларға «Шөжелер» әуені қойылады.




Балалар шеңберге тұрып педагогтің іс – әрекетін қайталайды.

Балалар өлеңді тыңдайды.







-Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Кәне, бәріміз бірге балапанның дауысын салып, жүрісін көрсетейік.

-Балалар, суретке назар аударыңыздаршы, не көріп тұрсыңдар?

-Балапанның түсі қандай болады?

-Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.



-Балапандар туралы айтылған

Балалар педагогке қарап, дауысын салып қимылмен көрсетеді

-Балапандарды,

-сары.


-3 балапан.

Қайталайды: көгал..



Ұйымдастырушылқ- ізденістік


-Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз.Бізге дайын көк негізгі бет берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз. Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі – басын жапсырамыз.

-Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды?

Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Билигвильді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр.

Аалға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жасайды, сұрақтарына жауап береді.



Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


-Дөңгелекке ұқсайды.

Қайталайды: балапан-цыпленок, сары-желтый.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады


Балалар көрсетілген сурет бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.

Рефлексиялық-

түзетушілік



Рефлексия.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Балапан неше бөліктен тұрады екен?Түсы қандай?

-Балапандар қайда серуендейді?

-Көгалда неше балапан серуендеп жүр?

-Балалар бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар.



Балалар өз ойларымен бөліседі.

-Балапан 3 бөліктен тұрады.Түсі сары.

-Көгалда

-3 Балапан жүр.

Балалар педагогтің айтқан рахметіне қуанады.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды.

Түсінеді:балапанның жұмыртқадан шығатыны

Қолданады:балапанның дене мүшелері туралы түсініктері


«Тексерілді»______ ____________

№46 «Самал» санаториялық

балабақшасының әдіскері

Ә.М.Мұхаметжанова

__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Тышқан іні»

Мақсаты:жануарлар туралы білімдерін нақтылау; тышқанның мекені туралы түсінік бері; тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру;

Алдын ала жүргізілген жұмыс:тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

Билингвальді компонент:тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялқ-Қозғалаушылық

Жылулық шеңбері

Амансың ба, асыл күн!

Амансың ба, асыл жер!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба, жан досы!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым,

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап-күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!


Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.



Ұйымдастырушылқ- ізденістік

-Балалар, тыңдаңдаршы, ненің дауысы?
-Балалар мысық не істегенді жақсы көреді?

-Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады.

Сөздік жұмыс: тышқан іні

-Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсыруды үйренгілерің келе ме? Ол үшін негізгі бетте ін бейнеленген сурет берілген, фонға бірінші тышқанның женесін жапсырамыз. Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Балалар, тышқанның құлағы үлкен бе?

-Содан кейін құйрығын жапсырамыз. Құйрығын қараңдаршы, ұзын екен. Балалар, сендер тышқанның қайда мекен ететіні білесіңдер ме? Тышқанның іні болады. Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды. Біз де тышқанға ін жасап берейік. Іннің аузын дөңгелектен жапсырамыз.

Билингвильді компонент: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр.

Аалға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жасайды, сұрақтарына жауап береді.



Балалар дауысты тыңдайды, мысыктың дауысы және тышқанның деп жауап береді.

-Пырылдап ұйықтағанды жақсы көреді.


Қайталайды: тышқан іні.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, жапсыру реттілігін тадайды.


-Тышқанның құлағы үлкен.
Қайталайды: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка

Балалар аппликация реттілігін сақтай отырып, жұмыстарын орындайды.




Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия

-Балалар сендерге бүгінгі оқі іс-әрекеті ұнады ма?

-Қандай әсер алдыңдар?

-Тышқан қай жерде мекендейді?

-Балалар, қазір «Тышқан мен мысық» ойынын ойнайық.

-Иә.


-Үлкен әсер алдық

-Өзі қазған ініде. Балалар өз ойымен бөліседі.


Балалар ойын ойнайды.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: кеңістіктегі бағдарлай отырып жапсыруды

Түсінеді:мысық пен тышқанның қасиеттерін

Қолданады:орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жасауды.

«Тексерілді»______ ____________

№46 «Самал» санаториялық

балабақшасының әдіскері

Ә.М.Мұхаметжанова

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар»

Мақсаты: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту, бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді.

Алдын ала жүргізілген жұмыс:Балаларды қорғау күні мерекесі туралы әңгіме өткізу

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш,

Сөздік жұмыс:дос, мереке

Билингвальді компонент:достар-друзья, шарлар-шары.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялқ-Қозғалаушылық

Шаттық шеңбері

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың,

Құшақтасып алайық!


Балалар шаттық шеңберін педагогпен бірге орындайды.




-Балалар, бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті. Бірақ жолда келе жатып шарларын жарып алыпты.Сөздік жұмыс: дос, мереке.

-Балалар, сендер түлкі, қоян және кірпіге шарларын үрлеп беріге көмектесесіңдер ме?

-Шарлардың пішіні қандай? Түстеру ше?

Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1дөңгелек сары шар, ал кірпінің қолында 1жасыл және 1қызыл дөңгелек шар, ал қоянның қолында болса 1 жасыл сопақша және 1 сары дөңгелек шар бар. Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болды. Енді олар достарына сыйлықтарының сыйлай алады.



Билигвильды компонент: достар-друзья, шарлар-шары.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр.

Аалға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жасайды, сұрақтарына жауап береді.



Балалар шаттық шеңберін педагогпен бірге орындайды.

Қайталайды: дос, мереке.

-Иә, көмектесеміз.

-Сопақша, дөңгелек. Қызыл, сары, жасыл.
Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Қайталайды: достар-друзья, шарлар-шары.
Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады
Балалар көрсетілген сурет бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.


Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия.

Педагог топтық талқылау жүргізеді. Балаларды марапаттайды



Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:кеңістіктегі бағдарлай отырып рет-ретімен орналастыруды.

Түсінеді:суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді.

Қолданады:желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет