Ботагариев Т. А


ОЖСӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет13/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,77 Mb.
#41501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ОЖСӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.

Студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы.

ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңестік және бақылаушылық.

ОЖСӨЖ №1

ОЖСӨЖ мазмұны: Курс бойынша әдебиеттердің библиографиясын құру.

ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттерді Қазақ диаспорасы курсы бойынша қысқаша әдебиеттер мазмұнымен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау: Ауызша жауап.

ОЖСӨЖ №2

ОЖСӨЖ мазмұны: «Түріктендіру» процесіне қарсы қозғалыс.

ОЖСӨЖ мақсаты: Топ студенттерін кішігірім топтарға бөліп, талқылауға қатыстыру арқылы аккультурация процесіне қарсы қозғалыс, оның нәтижелері туралы ой қозғауына, қозғалысқа сыни баға беруіне түрткі болу.

Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.

«Кішігірім топтар».

Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың ОСӨЖ сабағындағы ролі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.



«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.

«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.

«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997

ОЖСӨЖ №3

ОЖСӨЖ мазмұны: Ресейдегі қазақ диаспорасы

1.Шетел қазақ жасақтары. 2. Қазақтар туралы шетелде шыққан кітаптар.



ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: Сұрақ-жауап.

Әдебиет:Егемен Қазақстан 28.04.2004.; Ақиқат 1994. №5.

ОЖСӨЖ №4

ОЖСӨЖ мазмұны: Шет елдерде өмір сүретін отандастарды қолдау жөніндегі 2006-2007 жылға арналған Мемлекеттік бағдарлама туралы ҚР президентінің жарлығы

  1. Паспорт

  2. Кіріберілетін қазіргі таңдағы сараптама

  3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

  4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен механизмдері

  5. Оларды қаржыландыруға қажетті ресурстар мен дерек көздері

  6. Бағдарламаның индикаторлары мен оны жүзеге асырудан күтетін нәтижелер

ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымызды қолдауда еліміздің жүргізіп отырған саясаты туралы студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: Сұрақ-жауап.

Интернет ресурсы: сайт-http://www.unesco.kz/

ОЖСӨЖ №5

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақ диаспорасы мен ирреденті

ОЖСӨЖ мақсаты: Топ студенттерін кішігірім топтарға бөліп, талқылауға қатыстыру арқылы қазақ диаспорасы мен ирреденттерін қалыптастырған саяси, экономикалық, діни, экологиялық себептері, олардың қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси, мәдени-шаруашылық дамуы туралы ой қозғауына түрткі болу.

Әдістемелік нұсқау: «Кішігірім топтар» әдісі.

«Кішігірім топтар».

Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың ОСӨЖ сабағындағы ролі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.



«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.

«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.

«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.

Интернет ресурстары:Г.М. Мендикулова Казахская диаспора и ирредента: история и современность сайт-http://www.unesco.kz/

ОЖСӨЖ №6

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақтардың француздық қарсылық қозғалысына қатысуы

ОЖСӨЖ мақсаты: Қазақтардың француздық қарсылық қозғалысына қатысуы туралы студенттердің ауызша баяндау әдісі арқылы жинақталған білім қорын тексеру.

Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997., 51-81 беттер

ОЖСӨЖ №7

ОЖСӨЖ мазмұны: ҚР үкіметінің Қазақ этностарын тарихи Отанына репатриация жасау туралы 1998 жылдың 16 қыркүйегіндегі №900 Тұжырымдамасы.

Кіріспе


Тұрғын үймен қамтамасыз ету

Репатрианттарды жұмысқа орналастыру

Репатрианттарды әлеуметтік қамтамасыз ету

Репатрианттарды арнайы оқыту

Әлеуметтік сфераның мүмкіндігін кеңейту

Елдің ішіндегі репатрианттарды жұмысқа орналастырумен байланысты басқа да мәселе



ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымызды қолдауда еліміздің жүргізіп отырған саясаты туралы студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: Сұрақ-жауап.

Интернет ресурсы: сайт-http://www.unesco.kz/

ОЖСӨЖ №8

ОЖСӨЖ мазмұны:Мұхтар Қарабай

ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: сұрақ-жауап

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997., 51-81 беттер

ОЖСӨЖ №9

ОЖСӨЖ мазмұны: Астрахань қазақтары немесе Дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы

ОЖСӨЖ мақсаты: Астрахань қазақтары немесе Дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы туралы студенттердің ауызша баяндау әдісі арқылы жинақталған білім қорын тексеру.

Әдістемелік нұсқау: Ауызша баяндау.

Әдебиет: Жұлдыз 2005ж. №10.

ОЖСӨЖ №10

ОЖӨЖ мазмұны:

  1. Елісхан Тайжы қазақтар тобының 1941-1952 ж.ж. Үндістан мен Пәкістандағы жағдайы

  2. Құсайын Тәжі, Сұлтаншәріп Тәжі мен Әлібек Хакімнің басшылығымен қазақ топтарының Пәкістанға келуі

ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша студенттерге нақты тапсырмалар беру арқылы олардың жұмыстарын жүйелендіру.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма. Қазақтардың Шыңңжаннан Үндістан мен Пәкістанға қашып бару себептерін анықтаңыз.

2-тапсырма. Елісхан Тайжы туралы ақпарат жинақтаңыз.

3-тапсырма. Үндістан мен Пәкістан елінің қашқын қазақтарға қатысты ұстанған саясатын анықтаңыз.

4-тапсырма. Құсайын Тәжі, Сұлтаншәріп Тәжі мен Әлібек Хакім туралы мәліметтер жинастыру.

5-тапсырма. Құсайын Тәжі, Сұлтаншәріп Тәжі мен Әлібек Хакімнің басшылығымен қазақ топтарының Пәкістанға келу жолын контурлы картаға түсіру.

6-тапсырма. Пәкістандағы сол кездегі саяси, экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинақтау.

7-тапсырма. Пәкістанға келген қазақтардың бастан кешірген қиын жағдайларын баяндау.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997., 113-179 беттер

ОЖСӨЖ №11

ОЖСӨЖ мазмұны: 1. Біздікілер шет елдерде. Қазақстанның диаспоральды саясаты.

04:58 24.12.2003. Мария ХАН. 2. Ресейдегі қазақ диаспорасы:парламентария



ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымызды қолдауда еліміздің жүргізіп отырған саясаты туралы студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: Сұрақ-жауап.

Интернет ресурсы: Gazeta.kz http://centrasia.ru/newsA. Казинформ . 9.02.2004.

ОЖСӨЖ №12

ОЖСӨЖ мазмұны: Түркиядағы қашқын (беженцы) қазақтар

  1. Түркиядағы қазақ қашқындары. 2. Көшіп келуді қаржыландыру мәселесі. 1960-1990 ж.ж. қазақ диаспорасының еңбек иммиграциясы

ОЖСӨЖ мақсаты: Стуенттерге Түркиядағы қашқын қазақтар қоныстары, оларды қаржыландыру мәселесі, қазақ қаласы, «altilar» фракциясы т.б. мәселелерді талқылай отырып, қазіргі таңда әлемдегі қазақтар арасында Түркиядағы отандастарымыздың орнын көрсету.

ОЖСӨЖ әдістемесі: ауызша баяндау.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы:Ғылым, 1997.

ОЖСӨЖ №13

ОЖСӨЖ мазмұны: Ресейдегі қазақ диаспорасы

  1. Ресей қазақтары:атамекені мен ата рухы қасіреті

  2. Орынбор қазақтары

ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттерді Ресейдегі қазақ диаспорасының өткен тарихы мен қазіргі даму жағдайы туралы мәліметтермен таныстыру.

ОЖСӨЖ әдістемесі: ауызша баяндау

Әдебиет: Егемен Қазақстан 2005, 25 мамыр; Ескекбаев Д. Орынбор қазақтары (Тарихи этнографиялық зерттеу) Әл-Фараби ҚҰҰ- А: 2004.

ОЖСӨЖ №14

ОЖСӨЖ мазмұны: «Диастрология ғылымының қазіргі таңдағы маңызы мен қызметі» атты тақырыпта эссе жазу.

ОЖСӨЖ мақсаты: Эссе әдісін қолдану арқылы студенттерді «Диастрология ғылымының қазіргі таңдағы маңызы мен қызметі» атты тақырыпта ой толғауға жетелеу, өзіндік көзқарас, тұжырым жасауына жағдай туғызу.

Әдістемелік нұсқау: Эссе

Эссе

Өткен тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдіретін хат әдісі. Ол студенттерге өткен тақырыптарға байланысты пайда болған ойларды талдау үшін және оқытушылардың топтың интеллектуалды дамуын қадағалау үшін тиімді.



Эссе бағалаудағы рубрикалар:

«5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:

  1. Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;

  2. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз;

  3. Сол тезиске қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз;

  4. Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек;

  5. Мұқият қатесіз жазылуы керек;

  6. Көлемі 2-3 бет болуы керек

«4» алу үшін, Эссе мынадай болуы керек:

  1. Бір айтқанды қайталап жаза бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;

  2. Дәлелді тезисті қолданыңыз;

  3. Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қорытындылаудан тұру керек;

  4. Мұқият қатесіз жазылуы керек;

  5. Көлемі 2-3 бет болуы керек.

«3» алу үшін:

  1. Тезисі анық (түсінікті) емес;

  2. Тезисті қолдайтын себептері жоқ;

  3. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін, қорытындылау);

  4. Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері көп;

  5. Көлемі 2-3 беттен аз.

ОЖСӨЖ №15

ОЖСӨЖ мазмұны: Қытай қазақтарының шаруашылығы мен мәдениетіндегі ерекшеліктер.

ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, қытайлық қазақтардың шаруашылығы мен мәдениетіндегі ерекшеліктер туралы студенттердің нақты, дәл білім жүйесінің қалыптасуына қол жеткізу.

ОЖСӨЖ әдістемесі: сұрақ-жауап

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-77-149 беттер

ОЖСӨЖ №16

ОЖСӨЖ мазмұны: Қытай қазақтарының саяси-қоғамдық өмірі.

ОЖСӨЖ мақсаты: Пресс-конференция әдісі арқылы қарастырылып отырған мәселені барлық күрделігімен, қарама-қайшылығымен жан-жақты ашуға студенттерді жұмылдыру.

Әдістемелік нұсқау: Пресс-конференция

Пресс конференция.

Бұл әдіс нақты аргументтелген ойлау, өзінің жеке көзқарасын білдіру дағдыларын үйретеді.

Пресс-конференцияда сөз сөйлейтін студент оқытушы орындығын иемденеді, олар сұрақтарға жауап береді. Оқытушы пресс-конференцияның барысын бақылай отырып, тақырыптың негізгі жақтарының, негізгі түсініктер мен категориялардың ұмытылып қалмауын қадағалайды. Пресс-конференцияға қатысушыларға сұрақтарды өзі қояды, дискуссия уақытын шектейді, сөз сөйлегендерге баға береді, қызықты сұрақтарды және нақты жауаптарды ескереді.

Әдебиет: А.Қошанов, Ә.Нысанбаев редакторлығымен Қазақ диаспорасы:бүгін және ертең-А:Елорда, 2005.-77-149 беттер

ОЖСӨЖ №17

ОЖСӨЖ мазмұны:Иран мен Ауғанстаннан репатриациялануы

ОЖСӨЖ мақсаты: Қарастырып отырған мәселе бойынша студенттерге нақты тапсырмалар беру арқылы олардың жұмыстарын жүйелендіру.

Әдістемелік нұсқау:

1-тапсырма. Иран мен Ауғанстандағы сол кездегі саяси, экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинастыру.

2-тапсырма. Иран мен Ауғанстанның қазақтарының Отанға оралу себептерін көрсету.

3-тапсырма. Иран мен Ауғанстаннан елге оралған оралмандардың әр жылдағы көлемі көрсетілген диаграмма сызу.

4-тапсырма. Иран мен Ауғанстаннан көшіп келген қандастарымыздың Қазақстандағы негізгі орналасқан аудандарын контурлық картаға түсіру.

Әдебиет: Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. - Алматы, 1997.

ОЖСӨЖ №18

ОЖСӨЖ мазмұны: Қытай қауымдастығы туралы қорытынды жасау

ОЖСӨЖ мақсаты: Эссе әдісін қолдану арқылы студенттерді «Қытай қауымдастығы туралы қорытынды жасау» атты тақырыпта ой толғауға жетелеу, өзіндік көзқарас, тұжырым жасауына жағдай туғызу.

Әдістемелік нұсқау: Эссе

Эссе

Өткен тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдіретін хат әдісі. Ол студенттерге өткен тақырыптарға байланысты пайда болған ойларды талдау үшін және оқытушылардың топтың интеллектуалды дамуын қадағалау үшін тиімді.



Эссе бағалаудағы рубрикалар:

«5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:

  1. Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;

  2. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз;

  3. Сол тезиске қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз;

  4. Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек;

  5. Мұқият қатесіз жазылуы керек;

  6. Көлемі 2-3 бет болуы керек

«4» алу үшін, Эссе мынадай болуы керек:

  1. Бір айтқанды қайталап жаза бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;

  2. Дәлелді тезисті қолданыңыз;

  3. Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қорытындылаудан тұру керек;

  4. Мұқият қатесіз жазылуы керек;

  5. Көлемі 2-3 бет болуы керек.

«3» алу үшін:

  1. Тезисі анық (түсінікті) емес;

  2. Тезисті қолдайтын себептері жоқ;

  3. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін, қорытындылау);

  4. Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері көп;

  5. Көлемі 2-3 беттен аз.

Әдебиет: Қазақ диаспорасы: бүгіні және ертең. Астана: Елорда. 2005-167-168 беттер

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

ГЛОССАРИЙ

Қазақ халқының диаспорасы тарихы пәні бойынша глоссарий


Ұғым

Ұғымға түсінік

1

2

Диаспора деген грек сөзі,


- «шашырандыөсу» деген мағынаны білдіреді.

Репатрианттар дегеніміз


- басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың ізгі тілекпен өз атамекеніне қайтып оралған оралмандарды атайды.

Маргиналдар


- ұлтаралық өтпелі жағдайда қалғандар.

Метистер


- екі ұлттың арасындағы аралас некеден туғандар.

Ирредент


-басқа жапсарлас мемлекетте болса да, бірақ өз атақонысында баяғыдан тұрып келе жатқандар.

Менталитет немесе ментальдылық деген ұғым латынның mens


-ақыл, ой, ойлау тәсілі, пайымдау, жан дүниесі деген түсініктерден туындайды.

Патернализм


деп аталатын құбылыс мемлекеттік көмекке үнемі сүйену, оның қамқорлығы арқылы ғана үлкен іс-әрекеттер жасауға бейімділік.

Этникалық кеңістік дегеніміз


-белгілі бір этностың өз гендік қорын мәдениеті мен салт-санасын, тілі мен дәстүрлерін дамытуға, өркендетуге және ұдайы жаңғыртуға толық мүмкіндік алатын өзіндік әлеуметтік, табиғи және тарихи ортасы.

Иммиграция


- келу.

Эмиграция


-кету.

Миграция

көші-қоным

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет