Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80
9 кл. для ученика СОЧ 3, образец, Дефис дегеніміз A. Орфографиялы белгі, auezovtyn-115-zhyldygy-ahmetova-g
қараңыз: 
Snodgrass J.G. Imitation is far more than 
the sincerest of flattery: The mimetic power of spirit possession in Rajasthan, India // 
Cultural Anthropology, 2002. - №17(1). - Р. 32-64. doi: 10.1525/can.2002.17.1.32) 
және имитацияны жағымпаздықтың ең жақсы түрі деп атаған еңбектер 
де бар (
қараңыз:
Winn N. In search of Europe's internal and external borders: 
Politics, security, identity and the European Union // Perspectives on European 
Politics and Society, 2000. - №1(1). - Р. 19-48. doi: 10.1080/1570585008458742); 
(6) сайқымазақтық; (7) көнгіштік және (8) бағыныштылық жағымпаздыққа 
тән белгілер деп ойлаймыз. Бұл ерекшеліктер саясаткерлердің ғана емес
қарапайым басшы азаматтардың арасында да байқалатын менмендікпен қатар 
жүреді.
J. Yangтың [19] пайымдауынша, субъектінің қалыптасуындағы және Қы-
тайдың саяси экономикасындағы өзгерістер жұмыс орнындағы жағымпаздық 
тәжірибесін талдауға итермелеген. Жағымпаздық бағынушының ризашылық, 
қорғауға немесе басқа да артықшылықтарға ие болу үшін басшыларына 
бағытталатын, олардың ойы бойынша кез келген игі іс-әрекетті білдіретін 
қимыл. Жарамсақтық немесе жағынушылықты білдіретін жағымпаздық 
социалистік жұмыс орнында бос әрекет ретінде бағаланады. Жағымпаздық 
әрекетке адамдар жан-жақты автократиялық жүйенің шамалас емес күшіне 
қатысты өз ұстанымының белгісіздігінен, өмір сүріп отырған қоғамда аман қалу 
үшін барады. Неолибералдық экономикалық қайта құрылымдау нәтижесінде 
пайда болған социалистік жұмыс бірліктері жүйесінің біртіндеп ыдырауы 
жағымпаздық тәжірибесін төмендететін сияқты. Демек, жағымпаздық 
неолибералдық экономика ұстанымдарына қарсы. Мадақтаудың стратегиялық 
түрі ретінде жағымпаздық шенділерді дәріптеу арқылы әлеуметтік иерархия 
мен бюрократиялық билікті күшейтеді; жағымпаздық Қытайдағы «еркіндік» 
және «өзін-өзі жігерлендіру» секілді неолибералдық тіректердің кейбірімен 
үндесетін жеке мүдделерді дамытады.
Әлеуметтік капиталды құрудың және қолдаудың негізгі құралы болып 
табылатын жағымпаздық жарамсақтыққа бейімделген адам капиталы мен 
әлеуметтік қоғамға зиян келтіретін мінез-құлық тудыруы мүмкін [20]. 
Жағымпаздық немесе пікірмен талассыз келісу секілді жарамсақтықтың 
белгілері объектіге жағымды әсер тудыруы мүмкін болса да, объектіге 
жағымсыз ықпал етуі де болжанады. Яғни, жағымпаздық өз кезегінде 
тұлғааралық қарым-қатынастарға зиян келтіруі мүмкін. Демек, басшыға 


77
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
жағымпаздана білген адам оның лауазымын бағалайды және ол қызметтен 
кетсе жағымпаздық белгілері сақталатындықта кепілдік жоқ.
Жағымпаздық адам санасы мен эмоцияларына әсер етуді басқарудың түрі және 
тұлғааралық қарым-қатынаста сендіру құралы екенін ескерген N. Cavazza және M. 
Guidetti [21] кездесу кезінде аудиторияны мадақтайтын жалған саяси кандидаттың 
әсерін эксперимент ретінде зерттеген. Жағымпаздық қатысушылар жататын 
әлеуметтік категорияға (тікелей жағымпаздық) немесе өзге әлеуметтік категорияға 
(бақыланатын жағымпаздық) бағытталған. Көпшілік алдында жағымпаздық 
сипаты бар сөздерге (бақылау жағдайымен салыстырғанда) мақтауға масаттанған 
аудитория мүшелері, бақылаушылар да оң бағасын берген. Авторлардың 
пайымдауынша, жағымпаздықтың әсері сөздердің дәлдігі, сөйлеушінің жасырын 
істеріне күдікпен қарау және аудиториямен сәйкестендіру деңгейімен сәйкес 
келмеген. Бұл аудиторияға арналған қошеметке жағымпаздануға көндіккен 
мүшелер категориясының өзара жауап беруі, ал бақылаушылардың дереккөздер 
қатынасына рекурсивті түрде жеткізетіндігін білдіреді.
R. Danziger [22] жағымпаздықты тиімді және тиімсіз әлеуметтік мінез-
құлық арасында сөйлеу мәнерінің стратегиялық элементін алға шығаратын 
әлеуметтік құбылыс ретінде баға береді. Маркетинг пен әлеуметтік 
психологияда жағымпаздық зерттелгенімен, прагматикалық әдебиеттер бұл 
құбылыстың өзара байланыстар кезіндегі сыпайылық стратегиясын бағалауды 
түсіндіру процесіне қатысушыларды ақпараттандыра алатын мүмкіндігіне 
қарамастан мән бермеді. Зерттеулерге қатысқан азаматтар пікірлерінің 
нәтижелеріне қарағанда, өзара байланыстар шеңберінде жағымпаздықтың 
3 негізгі қызметі бар деп болжауға болады және оны вербалды әрекеттер 
арасынан тануға болады (№1-кесте):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет