Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі


https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.0



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80
9 кл. для ученика СОЧ 3, образец, Дефис дегеніміз A. Орфографиялы белгі, auezovtyn-115-zhyldygy-ahmetova-g
https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.0
6


70
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
структурные особенности подхалимства в политике. Для достижения цели на 
базе «Скопус» были рассмотрены индексированные до настоящего времени 
статьи в области социальных наук и проанализировано 166 найденных статей. 
В результате особое внимание было уделено 24 литературам, которые имеют 
отношение к политическим наукам.
Ключевые слова:
угодничество, восхваление, власть, методы 
подхалимства, знаки подхалимства.
Murat Nassimov
ANALYSIS OF THE POLITICAL CHARACTERISTICS OF FLATTERY
Abstract.
There is an opinion in society that flattery and sycophancy are 
the main tools in politics. Due to the large number of synonymous concepts of 
flattery, its study is also difficult. For example, English terms such as “adulation”, 
“bootlicking”, “flattery”, “grovelling”, “sycophancy”, “toadying”, “truckling” 
are used interchangeably. In this article, we have used the synonym “flattery” to 
define the political characteristics of flattery. The purpose of the research work is 
to present the political characteristics of actions with signs of flattery. This purpose 
was dictated by the need to identify the structural features of flattery in politics. 
To achieve the purpose, reviewed indexed Scopus articles in the social science to 
date and analyzed found 166 articles. As a result, special attention was paid to 24 
literatures that are related to the political sciences.
Keywords: 
subservience, glorification, authority, methods of flattery, signs of 
flattery.
Кіріспе
Қоғамдағы жағымпаздық пен мадақтауға байланысты теріс қалыптасқан 
көзқарастарға сәйкес зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі 
жоғары деп ойлаймыз. Бүгінде көпшілік арасында жағымпаздықты саясатта 
қолдануға болатын негізгі құралдардың бірі деген ойдың барын баршамыз 
білеміз. Жағымпаздыққа бұрыннан қоғам мүшелері негативті қарағанмен, 
оның белгілерін күнделікті кездестіріп жүргеніміз анық.
Америкалық ғалым W.G. Regierдің 2007 жылы жарық көрген «In praise of 
flattery» атты еңбегінің жағымпаздықты зерттеудегі рөлі зор. Бұл еңбегінде 
ғалым жағымпаздыққа қатысты көзқарастарды жиынтықтап, жүйелейді 
[1]: «Гоббс мұны құрметті міндет деп санады, ал Мередит (викториандық 
дәуірдің ағылшын жазушысы) оны «өнердің ең жақсысы» деп атады. Ескендір 
Зұлқарнайын империялық саясат ретінде қолданды; Цезарь мен Клеопатра 
жағымпаздыққа шебер болды; Наполеон оны «кәмпит» сияқты жұтып қойды. 
Бірақ, жағымпаздықтың ықпалды жаулары да бар. Цицерон жағымпаздықты 
«көргенсіздіктің қызметшісі» деп атаса, Тацит оны умен салыстырды. Уиллис 
Гот Режье (кітап авторы) жағымпаздықты оттегі сияқты жанғыш элемент 
ретінде қарастырады. Режье саясат, романтика және дін саласындағы ең жоғары 


71
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&
№ 3 (75) 2022
әлеуметтік топтардың, Византия мен Қытай сарайларынан Парижге, Римге 
және Вашингтонға дейін жағымпаздыққа қатысты жиналған жүздеген тарихи 
мысалдарын таныстырады. Жағымпаздық ұнамды болуы үшін ойнақылық пен 
креативтілік қажет, сондықтан осы қажеттілікті Режье өз кітабында барынша 
тиімді пайдаланады. Өршіл жағымпаздар тіпті Құдайға жағымпаздануға 
тырысады, Режье бұған үреймен қарайды. «Уа, маған жағымпаздан, өйткені 
махаббат мақтауды жақсы көреді» – Шекспир. «Бүкіл әлем мен ондағы 
істерді жағымпаздық пен парадокс билейді; бірі жалған құдайларды жасайды, 
ал екіншісі оларды қолдайды» – Сэр Роджер Л’Эстрейндж (ағылшын 
памфлетисті). «Әділ мадақ – бұл жай ғана міндет, ал жағымпаздық – сыйлық» – 
Сэмюэл Джонсон (ағылшын әдебиет сыншысы). «Осы ұйымдаспаған қоғамда 
жалғыз нақты күш халықтың құмарлығына тиесілі, билікті жағымпаздана 
білетін партия иеленеді» – Ипполит Тэн (француз философы)».
Француз философы М. Фуко риторика мен жағымпаздықты салыстыру 
арқылы риторикалық паррезияда жарамсақтық белгілерінің жоқтығын 
айтады [2]. Паррезия немесе ашық сөйлеу әдетте афиналық демократиямен 
тығыз байланысты тәжірибе ретінде түсініледі. Бірақ демократиялық емес 
режимдерде паррезияны қолдануға болады. Паррезия демократиялық 
елдерде де, автократияларда да пайдалы болуы мүмкін, бұл жағымпаздық 
риторикасына қарсылықтың ықтимал әрекеті ретінде қызмет етеді [3]. 
Кез келген әдеби шығармадағы (мысалы, ода) немесе сөйлеудегі мадақтау 
болып табылатын «Панегирик» (латынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет