Деген пікір қалыптасқан. Жағымпаздықтың синонимдес ұғымдарының көптігіне байланысты оны зерттеу де күрделі


№1-кесте. Өзара байланыстар шеңберіндегі



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#159954
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 69-80
9 кл. для ученика СОЧ 3, образец, Дефис дегеніміз A. Орфографиялы белгі, auezovtyn-115-zhyldygy-ahmetova-g
№1-кесте. Өзара байланыстар шеңберіндегі
жағымпаздықтың 3 негізгі қызметі.

Қызметі
Сипаттамасы
Мысал
1
Транзакциялық
Жағымпаздық мақтаушының қа
-
лауын қанағаттандыруға бағыт
-
талады. 
Мұнда 
жағымпаздық 
тауарларды сатуға ынталандырған 
маркетингтік зерттеулерде қолда
-
нылады. Қызметтің жағымды әсе
-
рі адамның бір қимыл жасауына 
итермелеу немесе өтінішімен келі
-
су үшін қолданылады.
25 жастағы әйел қызмет алу бойын
-
ша бірінші кездесуінде нұсқаушы 
оған құрметпен қарағаннан қосым
-
ша он екі кездесу сатып алғанын ай
-
тады. Қаржылық операциядан кейін 
нұсқаушы құрмет көрсетуін қойды 
және әйел оның манипуляциялаға
-
нын кеш түсінді. Бұл сайлау науқаны 
кезіндегі уәделерге ұқсайтын секілді.
2
Өзін-өзі 
жарнамалау
Әлеуметтік психология мен ұйым
-
дастырушылық әлеуметтануда жа
-
ғымпаздықтың негізгі түрткісі ре
-
тінде талқыланады және адамның 
ұнату сезімін тудырудың түпкілікті 
мақсатын көздеу арқылы имиджді 
басқарады.
44 жастағы әйелдің айтуынша, бала
-
сының балабақшадағы тәрбиешісі 
ата-анасымен WhatsApp арқылы 
кез келген қатынасты әрқашан жа
-
ғымпаздықпен бастап, жақсы әсер 
қалдыруға тырысады. Әлеуметтік 
желілердегі әрбір атқарған жұмы
-
сын көрсетіп отыратын шенеуніктің 
өзін-өзі жарнамалауына ұқсайды.


78
&
№ 3 (75) 2022
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
&

Қызметі
Сипаттамасы
Мысал
3
Реляциялық
Жағымпаздық қарым-қатынасты 
орнату мен жақсарту немесе бұ
-
зылған қарым-қатынасты түзету 
үшін қолданылады. Стратегия ре
-
тіндегі реляциялық қызмет ынты
-
мақтастыққа бағытталған.
34 жастағы ер адам өзін «жақсы се
-
зіну үшін» көңілі түскен құрбысын 
мақтағанын айтады. 21 жастағы 
әйел құрбысы оның көмегін баға
-
лайтынына көз жеткізгісі келгенде, 
тексерулер шектен шығып кеткенін 
айтады.
Бұл қызметтер бір-бірін толықтырып отырады. Мәселен, басшының ықыласына 
ие болуға бағытталған жағымпаздық, саяси қызметтегі жоғарылау секілді белгілі 
бір табысқа әкелуі мүмкін деп айтуға болады. Дегенмен, бұл сипаттамаларды 
жарамсақтықтың негативті жағы ретінде қабылдауымызға болады.
R. Danzigerдің [23] кезекті зерттеулерінде көрсетілгендей, жеке басқа 
табынушылық саяси легитимдікті сақтаудың стратегиясы болып табылады. 
Саяси көшбасшыға шамадан тыс жағымпаздану салдарынан легитимдеудің 
демократиялық әдістері болмаған жағдайда көшбасшының орыны 
осылайша бекітіледі. Демократиялық көшбасшыларға үйреншікті қоғамдық 
жағымпаздық ғалымдардың назарын аудармаса да, авторитарлық қоғамдағы 
белгілері демократиялық процестерге қауіп төндіруі мүмкін. R. Danziger 
саяси жағымпаздықты тек өзін-өзі жарнамалаудың құралы ғана емес, 
эпидейктикалық риториканы манипуляциялық және антидемократиялық 
қолдану ретінде түсіндіреді. Аристотельдың «Риторикасында» кездесетін 
эпидейктикалық риторика немесе эпидейктикалық шешендік өнер біреуді 
немесе бір нәрсені мадақтайтын немесе айыптайтын сөз немесе жазба 
саналады. Сонымен қатар, R. Danziger пікірінше, жағымпаздық шешімдерді 
кеңесе отырып қабылдау мен есеп беруге міндеттілікке және пікірлер немесе 
мүдделердегі айырмашылықтарды ұжымдық және бейтарап саяси тәжірибеге 
біріктіру процесіне кедергі келтіреді. Айналасын жағымпаздармен толтырған 
көшбасшылар өз пікірлері мен әрекеттерін сол көшбасшыға ұнайтын 
құбылысқа сәйкестендіреді.
Сыртқы келбетке арналған қошемет жағымпаздықтың белгісі екендігі белгілі. 
Израильдік және германдық ғалымдар сыртқы келбетті мадақтаудың когнитивті 
қабілетке ықпалын зерттеді. Мәселен, зерттеуге қатысқан 88 израильдік 
университет студенттеріне құзыреттіліктеріне емес, сыртқы келбеті үшін 
қошемет жасалған және мақтау алмаған бақылау тобындағы әйелдерге қарағанда 
математикалық қабілеттерін нашар көрсеткен. Сыртқы келбетін мадақтау 
қатысушылардың көңіл-күйінің жақсаруына әкелгенімен, әйелдер мен ерлердің 
математикалық көрсеткіштерін төмендетті [24]. Бұл қарапайым мысал кез 
келген жағымпаздықтың құрбаны саяси тұрғыдан манипуляцияланатындығын 
көрсетеді және ілгері жылжу болмайтындығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет