Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті туралы түсінік. Балалар әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет3/19
Дата31.08.2022
өлшемі310,49 Kb.
#148396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
лекция бала ад 15 саг

Өлең қайырмасы. Өлең қайырмасы бесік жырында, шілдехана, тұсау кесу және сатиралық өлеңдерде қолданылады.
Бесік жырының өлең қайырмасы ойдың айқын айтылуына және өлең музыкасының нәресте сезіміне тез әсер етуіне ықпал жасайды. Ал, сатиралық өлеңдерде өлең қайырмасы мәтін мазмұндарының мақсатын күшейту үшін алынады. Өлең қайырмасы көбіне мәтін мазмұнына байланыссыз түрде де айтыла береді.
«Бұл қай кезде болады?» деген бөбектерге арналған ән мәтінінің қайырмасында өлең мелодиясының балдырғандар сезіміне тез әсер етуіне ықпал жасайтын мынадай эстетикалық ерекшелігі барлығын байқауға болады.
Өлеңдегі соңғы үш жол ән мелодиясымен аяқталған өлеңнің қайырмасы. Жылдың төрт мезгілін, табиғат сұлулығын өлеңмен, ән мелодиясымен түсіндіру, білдіру мақсатын көздеп, өлең қайырмасын әдейі сұрау қоюмен аяқтаған. Мұндағы өлең қайырмасы негізгі ән мәтінін сүйемелдеп, оның мән-мағынасын арттырып тұр.
Алғашқысында көктем көріністерін танытса, мұнда жаз мезгілін, адам еңбегінің жемісін, еңбек табыстарын білдіріп отыр. Өлең қайырмасының маңызды өзгешелігі жоғарыдағы көріністері жылдың қай мезгілдерін болатынын бөбектердің өздеріне айттыру мақсаты көзделген. Балаларға эстетикалық тәрбие беру құдіреті, соны оларға ұқтыра білу амал-айласы, әдісі осындай жолдармен іске асқан. Бұдан соң, түсі суық, ызғарлы сұр бұлттардың аспанды қаптай түскен көңілсіз күзгі көрінісін, табиғаттың қуаң тартқан сүреңсіз шағын айта келіп, қысты суреттеген. Өлең қайырмасы өлең мазмұнын мәнерлеп, оның қадір-қасиетін арттырып, терең түсінуге баулып, соған міндеттеп тұрғандай. Қорыта айтқанда, өлең қайырмасы әнге сән, мазмұнға мән беріп, оны екпіндетіп, әсерлендіре, құлпырта түседі.
Өлең нұсқалары. Өлең нұсқалары әр түрлі жолдармен, әр түрлі себептермен пайда болады. Ол бірінші, орындаушының біліміне, талғамына, ақындық талантына байланысты туады. Екіншіден, айналаны қоршаған ортаның әсерінен, көпшілік қоғам ықпалынан, дәуір талабынан барып өлең нұсқалары көріне бастайды. Өлең нұсқалары тарихи жағдайға байланысты өзгере береді. оған мысал ретінде бесік жырын айтуға болады. Бесік жыры мен өтірік өлеңдердің алуан түрлері мен бірнеше нұсқалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет