Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №3.Қайғылы оқиғаларды тергеу,есепке алу және сараптау



бет3/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №3.Қайғылы оқиғаларды тергеу,есепке алу және сараптау.
Қайғылы оқиға дегеніміз ─ өңдірісте жұмысшыға қауіпті өңдірістік фактордың әсер ету жағдайы.Өңдірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу жұмыстарын «Өңдірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережесі» бойынша орындайды.Тергеуге келесі қайғылы оқиғалар түседі: кәсіпорын территориясында болатын оқиғалар;кәсіпорын сыртында,бірақ, кәсіпорын жұмыстарын орындау кезіндегі болатын оқиғалар;кәсіпорын ұсынғаң көлікпен жұмысқа бара жатқанда немесе жұмыстан қайтып келе жатқанда болатын оқиғалар.
Қайғылы оқиға орын алған жағдайда кәсіпорын әкімшілігі коммиссия құрады,оның құрамына бөлімше бастығы,еңбекті қорғау жоніңдегі инженер,қоғамдық инспектор кіреді,осы коммиссияның міңдеті 24 сағат ішінде қайғылы оқиға себебін анықтап, келесіде қайталануын болдырмау үшін іс-шараларды жасау болып негізделеді. Ал енді ауыр,ажалды және топтық қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алуды,құрамында техникалық еңбек инспекторы, кәсіпорын басшысы, кәсіподақ өкілі,мемлекеттік қадағалау мекемесінің инспекторы бар коммиссия орындайды.
Жарақаттану жағдайының сараптамасы әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асады.Осы әдістердің ішінде кең тарағандардың бірі статикалық әдіс. Осы әдіс бойынша байқау және статикалық материалды жинастыру жұмыстарын жүргізу арқылы, біз қайғылы оқиғалардың саны мен ауырлық сипатын анықтаймыз.Жарақаттану жағдайын толығымен бағалау және салыстыру үшін, келесі көрсеткіштер қолданылады: жиілік коэффициенті Кж және ауырлық коэффициенті Ка.
Жиілік коэффициенті Кж ─ есептік период кезінде 1000 жұмысшыға келетін қайғылы оқиғалардың саның анықтайды. Кж=Т·1000/Р
Осында:Т – есептік период кезінде жарақаттанғандардың жалпы саны;
Р – осы период кезіндегі жұмысшылардың орташа саны.
Ауырлық коэффициенті Ка ─ әрбір жарақаттанғаң жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыз орташа ұзақтығын анықтайды. Ка=Д/Т
Осында: Д – жарақат салдарынан жұмысқа жарамсыз күндердің қосындысы; Т – есептік период кезінде жарақаттанғандардың жалпы саны
Өңдірістік жарақаттанудың деңгейін бағалау үшін, толық жарақаттану көрсеткіші қолданылады. Кт=Кж·Ка=Д·1000/Р
Монографиялық әдіс ─ тексерілетін обьектті терендете зерттеуге негізделеді.Зерттеуге еңбек және технологиялық үрдістер, қолданатын құрал-саймандар, жеке және ұжымдық қорғау құралдары түседі.
Эргономикалық әдіс ─ «адам – машина - өңдірістік орта» жүйесін кешенді түрде зерттеуге негізделеді.
Топографиялық әдіс ─ қайғылы оқиғаның қай жерде болғаның, себебі мен жағдайын зерттейді.
Топтық әдіс ─ қайғылы оқиғалардың бөлек-бөлек біртекті сипаттардың қайталануын анықтауға мүмкіндік береді.(жарақаттану уақыты,жарақаттанғандардың мамаңдығы мен шеберлігі,жұмыс түрлері,жұмысшылардың жас ерекшеліктері және т.б.)
Экономикалық әдіс ─ жарақаттанулардың салдарынаң тиген экономикалық зардаптарды анықтау.
Өңдірістік жарақаттанудың себептерін жалпы қабылданған классификация бойынша 4 түрге бөледі: 1)ұйымдық,2)техникалық,3)санитарлы-гигиеналық, 4)психофизиологиялық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет