Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №4.Ауалы ортаны қалпына келтіру



бет4/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №4.Ауалы ортаны қалпына келтіру.
Өңдірістік бөлмелердің микроклиматы және оны мөлшерлеу.
Адам организмі әр уақытта айналадағы ортамен жылу алмасу күйінде болып тұрады.Осы жылу алмасу үрдісі кезінде негізгі қызметті, адамның терморегуляция жүйесі атқарады. Ол адам организімінің айналадағы ортамен жылу алмасуын реттеп қана қоймай, 37ºС шамасындағы тұрақты температураны ұстап тұрады. Жылу алмасу үрдісіне, ортаның метеорологиялық жағдайлары (микроклимат) және жұмыстардың сипаты өз әсерін тигізеді.
Өңдірістік бөлмелердің микроклиматы ─ температура,ауа ылғалдылығы және ауаның қозғалыс жылдамдығы сияқты адам организіміне өз әсерін тигізетін көрсеткіштердің жиынтығымен анықталатын, бөлменің ішкі ортасының климаты.
Ауа температурасының аса жоғары болуы организімнің қызып кетуіне, жұмысшының тез шаршап қалуына және кәсіби ауруға шалдығуына әкеліп соқтырады.
Ауа температурасының төмен болуы адам организмінің салқындап қалуына әкеліп, тұмаумен аурып қалудың және үсіп кетудің себебі болады.
Аса ылғалдылық (80% астам ) адам терісі бетіндегі ылғалдың булануын бәсендетіп, адам күйінің нашарлауына және жұмысатқару қәбілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Төмен ылғалдылық (18% кем) тыныс алу жолдарының құрғап қалуын туғызып, жұмысшының хал-жағдайын нашарлатып, жұмыс атқару қабілеттілігн төмендетеді.
МЕСТ 12.1.005-76 бойынша жұмыс аймағындағы микроклиматты мөлшерлеу ─ жыл кезеніңе, энергияны шығындайтын жұмыстардың категорияларына тікелей тәуелді. МЕСТ-қа сәйкес жылдың 2 кезеңі болады: жылы кезең; суық және ауыспалы кезең. Жылдың жылы кезеніңде сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10ºС-қа тең немесе одан жоғары. Жылдың суық және ауыспалы кезеніңде сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10ºС-тан төмен.
Энергия шығындауына байланысты, жұмыстарды келесі категорияларға
бөледі: жеңіл; ауырлығы орташа және ауыр физикалық жұмыстар болып.
Жеңіл физикалық жұмыстар ─ (1категория), адам отырған, тік тұрған және жүрген күйінде орындалатын жұмыстар, осындай жұмыстарды орындау кезінде адам шамамен 172Дж/с-қа дейін энергия шығындайды.(150ккал/сағ)
Ауырлығы орташа физикалық жұмыстар (2категория) өз ішінде 2 түрге бөлінеді: а)энергия шығыны 172-232 дж/с-қа дейін (150-200ккал/сағ); оған: адам отырған, тік тұрған және жүрген күйінде орындалатын үзіліссіз жұмыстар. б)энергия шығыны 232-293Дж/с-қа дейін (200-250ккал/сағ); салмағы 10кг-ға дейінгі жүктерді тасымалдау кезіндегі жұмыстар.
Ауыр физикалық жұмыстар ─ (3категория) энергия шығыны 293Дж/с-тан жоғары (250ккал/сағ); салмағы 10кг-наң артық жүктерді тасымалдау кезіңдегі жұмыстар.
Микроклиматты мөлшерлегенде тиімді және шектеулі жағдайлар есепке алынады. МЕСТ 12.1.005-76 бойынша салыстырмалы ылғалдылықты абсолютті және максимал ылғалдылықтардың бір-біріне қатынасы арқылы мөлшерлейді.
Абсолютті ылғалдылық ─ белгілі бір ауа көлеміндегі су буларының массасы.
Максимал ылғалдылық ─ берілген ауа көлемінің құрамында су буларының мүмкін болатын ең үлкен мәңі.
Жұмыс істеп тұрған жабдықтардан, жылытқыш приборлардан және басқа жылу шығаратын көздерден шағатын жылудың бір түрін, анық жылу деп атайды. Осы анық жылу өңдірістік бөлмелердің температурасына өзінің қомақты әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет