Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №10.Өңдірістік шуылдан қорғау



бет8/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №10.Өңдірістік шуылдан қорғау.
Шуыл ─адам денсаулығына және жұмыс атқару қабілеттілігіне қолайсыз әсерін тигізетін дыбыс. Шуыл көзі ретінде, машиналар мен механизмдерді айтуға болады, олар: механикалық шуылды шығарады; электромагнитті қоңдырғылар ─ электромагнитті шуылды тудырады; газдар мен сұйықтардың ағыны кезінде пайда болатын шуыл ─ аэрогидродинамикалық шуыл және т.б. шуыл шығаратын көздер. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады, адам оны есту түйсігі арқылы қабылдайды. Адам, дыбыстық жиілік диапазоны 16Гц-тен 20кГц аралығындағы диапазонды қабылдайды. Дыбыс, дыбыстық қысым және дыбыс интенсивтілігімен сипатталады. Дыбыстық қысым Р (Па) ─ дыбыс толқыны өткен кездегі, атмосфералық қысымның айнымалы құрушысы. Дыбыс интенсивтілігі І (Вт/м2) ─ белгілі бір уақыт аралығында, дыбыстық толқынмен тасымалданатын энергия ағыны. Дыбыс интенсивтілігі дыбыстық қысыммен тікелей байланысты: І=Р2/ρС осында: Р- дыбыстық қысым(Па); ρ – ортаның тығыздығы (кг/м2); С- дыбыс жылдамдығы=340м/с. Әсер ету уақытына байланысты , шуыл тұрақты және айнымалы болып келеді.
Шуылдың адам организіміне тигізетін зияңды әсері: жүйке-жүйесінің бұзылуын туғызады; жұмысшының тез шаршап қалуына әкеліп соқтырады; психикалық реакцияларды баяулатады; зат алмасуды нашарлатады; гипертоникалық және жүрек ауруларын туғызады; патологиялық өзгерістерге соқтырып, жұмысшы шуыл ауруына шалдығуы мүмкін.
Шуылды бақылау.
Шуылды өлщеу және бақылау үшін шумомерлер («Шум-1» «ШМ-1»), анализаторлар, өлшеу микрофондары, магнитифондар, акустикалық аппаратура және т.б. арнайы құралдар қолданылады.
Шуылдан қорғайтын әдістер мен құралдар. Шуылдан қорғау жұмыстарын, қуіпсіз шуыл техникасы арқылы жүзеге асырады.(Ұжымдық қорғау әдістері мен құралдарын қолдану, жеке қорғау құралдары мен құрылыстық-акустикалық әдістерді қолдану). Ұжымдық қорғау құралдары шуыл шығару көзіне байланысты, 2 түрлі болады:1)шуылды жаңа ғана пайда болғанда бәсендететін құралдар; 2)шуылдың ортада таралуын болдырмайтын құралдар. Шуылдан қорғайтын құралдар, қызметіне байланысты аккустикалық, архитектуралы-жоспарлық және ұйымды-техникалық құралдар болып бөлінеді. Шуылдан қорғайтын аккустикалық құралдар, жұмыс істеу принципі бойынша: дыбыс оқшаулағыш; дыбыс жұтқыш және дыбыс тұңшықтырғыш болып бөлінеді. Шуылдан қорғайтын құрылыстық-аккустикалық әдістер, аккустикалық есептеу негізінде орындалады. Осы кезде, дыбыс жұтқыш конструкциялар, дыбыс оқшаулағыш материалдар мен қоңдырғылар және т.б. сондай секілді құралдар жиынтығы қолданылады. Тиімділігі өте жоғары дыбыс оқшаулағыш материалдарға: трипласт (резеңке өнеркәсібінің қалдықтарынан ), пластобетон, арболит (ағаш қалдықтырынан), газосиликат (шөлйіт құмынан жасалынған бетон) және т.б.
Дыбыс жұтқыш материалдар: мрамор, бетон, гранит,кірпіш, керамзит, стекловата, фанер және т.б. Кәзіргі кезде, кең қолданысқа даналық дыбысжұтқыштар қарастырылады, олар: куб, шар, конус түрінде жасалады.
Шуылдан қорғаудың тағы бір әдісі, рационалды архитектуралық-жоспарлауды ұйымдастыру арқылы орындалады. Осы әдіс кезінде, кәсіпорынның барлық технологиялық жабдықтары және жұмыс орындары рационалды түрде орналасуына негізделеді.
Адамның есту қабілетіне айтарлықтай қолайлы әсер тигізетін құралдардың бірі жеке қорғау құралдары (противошумные наушники, шлемдер, каскілер,)
Шуылдың деңгейі 135 ДБ-ден жоғары болған кезде, адам денесін толық қорғайтын скафандр тәріздес киімдер қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет