Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №7. Ауа ортасының күйін бақылау



бет6/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №7. Ауа ортасының күйін бақылау.
Өңдірістік бөлмелердің ауа ортасының күйін бақылау үшін, осы ортаның әр бір параметрі сараптамаға түсіп, мөлшерленетін мәндермен салыстырылады. Ауа температурасын өлшеу, сынаптық немесе спирттік термометр арқылы орындалады. Ауа температурасының ағымды жазбасын жасауға термограф қолданылады. Ауа ылғалдылығын стационарлық немесе аспирациондық психрометр арқылы анықтайды. Осы аталған екі аспап, психрометрлік қағида негізінде жұмыс атқарады, басқа сөзбен айтқанда, «құрғақ және ылғал» термометрлердің көрсетулері бойынша. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5м/с-н .... 20м/с-қа дейін болғанда механикалық анемометрмен өлшенеді, ал 0,5м/с-тан кем болғанда кататермометрмен өлшенеді. Жылу сәулесінің интенсивтілігің актинометрмен өлшейді. Жұмыс аймағы ауасының құрамындағы зияңды заттардың шамасын лабороториялық және экспресс тәсілдер арқылы анықтайды. Экспресс тәсіл ─ реактив түсі өзгеретін жылдам химиялық реакцияларға негізделеді. Осы тәсіл жұмыс орныңдағы зияңды заттардың концентрациясын бағалауға мүмкіңдік береді.
Ауаның шаңдылығы, көбінесе, салмақтық әдіс арқылы анықталады, айтатың болсақ, белгілі бір ауа көлеміңде шанңың массасы анықталады, осы кезде, берілген ауа көлемін (Vo) мембраналы сүзгіден өткізіп, таза q1 және ластанған q2 ауа массасын аналитикалық таразымен өлшейді.
Шанның концентрациясы: Кш = (q 2-q 1 )/ V 0; өлшем бірлігі: мг/м3
Дәріс №8.Жылу сәулелерден және зияңды заттардаң сақтайтын сауықтыру іс-шаралар мен жеке қорғау құралдары.
Кейбір жұмыс орындарда технологиялық процесстерді жүргізгенде, бөлмелердің микроклиматын қалпына келтіру және де жұмыс аймағының ауасының құрамындағы зияңды заттардың жиынтығын шектеулі шектем концентрацияға дейін төмендету мүмкін бола алмай қалады, осындай жағдайда, әр түрлі сауықтыру іс-шаралар жүргізіліп, жеке қорғау құралдары қолданылады.
Температурасы өте жоғары өңдірістік бөлмелерде жұмысшыларды жылудан қорғау мақсатында, өңдірістік процесстер мен жұмыстар автоматтандырылып, пульт арқылы басқарылады.
Жылу сәулелерден сақтайтын жеке қорғау құралдары ретінде арнайы киім қолданылады, ол ауа мен ылғал өтімділігіне ие бола тұра, инфрақызыл сәулелерденқорғайды.
Тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарына сүзгі және оқшаулау құралдары жатады.
Сүзгі құралдардың 3 түрі болады: шаңға қарсы маскілер мен респираторлар; газға қарсы респираторлар мен противогаздар; әмбебап респираторлар мен противогаздар.
Оқшаулау құралдарына майтүтік (шланговые) және оттегілік тыныс алу аппараттары жатады.
Зияңды заттардың әсерінен сақтайтын жеке қорғау құралдар ретінде келесідей арнайы киімдер қолданылады: қышқылдан қорғайтын;шаңнаң қорғайтын;улы-химиялық заттардан қорғайтын арнайы киімдер. Жұмыс түрлеріне орай, арнайы аяқ киім қарастырылады.
Жұмысшының қолын қорғау мақсатында, жеке қорғау құралдары ретінде, әр түрлі материалдардан жасалынған қолғаптар қолданылады, сонымен қатар, қолға арналған қорғау майлары мен пасталар және жуғыш құралдар қолданылады.
Жұмысшының көзін зияңды заттардан қорғау үшін көзілдіріктер қолданылады.
Зияңды заттармен жұмыс істеу екзінде, маңызды сауықтыру шарасы, медициналық байқау болып табылады, алдын ала және периодты медициналық байқаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет