Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Қадағалау жөніндегі өкілеттіктер іске асырылатын негізгі актілерге



бет49/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Қадағалау жөніндегі өкілеттіктер іске асырылатын негізгі актілерге наразылық, ұсыным, т.б. жатады. Прокурорлық қадағалаудың бұл актілері прокуратураның мәртебесін анықтайтын актіде бекімін тапқан.
Прокурор наразылығы Конституцияға, заңға, Президенттің жарлығына және басқа нормативтік актілерге қайшы келетін органдарға және лауазымды адамдарға келтіріледі.
Әкімшілік қадағалауды арнайы құрылған органдар (мысалы, МАИ және т.б.) жүзеге асырылады. Қадағалау жүргізетін орган мен ол қадағалайтын объектілер арасында ұйымдық бағыныштылық болмайды.
Әкімшілік қадағалау мыналарды қамтамасыз етеді:

  • Арнайы нормалар мен ережелердің (жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі, пайдалы қазбаларды өндіру, т.б.) орындалуын;

  • Арнайы және жалпыға міндетті ережелер мен нормативтердің сақталуын;

  • Лауазымды адамдардың объектілердің (мемтехқадағалау, энергоқадағалау) жұмыс тәртібін реттейтін режимді және ережені қолдануын.

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асырғанда тиісті лауазымды адамдар мен қызметкерлер мынаған құқылы:

  • Қадағалауындағы объектілерге баруға, тексеру жүргізуге;

  • Ақпарат сұратуға, рұқсат және нұсқау беруге, тыйым салуға.

Президенттік бақылау тікелей түрде президенттің өзі мен оның әкімшілігі арқылы немесе мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.Президент өзіне берілген конституциялық өкілеттңіктер мен билігі шегінде биліктің үш тармағымен келісе отырып, тежемелі- тепе тең жүйесін пайдаланып , олардың үйлесімді жұмыс істеуін бақылайды.
Парламент сенаты заң ұсынған жағдайда 15 күн ішінде :
А) заңға қол қойып оны жариялағанға;
Б) заңды немесе оның кейбір баптарын қайта талқылап, дауысқа салуы үшін қайтаруға құқылы.
Парламенттік бақылау құрылтайлық бақылау болып саналады, парламенттің тиісті мемлекеттік органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, тиісті лауазым иесін қызметке тағайындау, және қызметінен босату туралы мәселелерді шешу шеңберінде, сондай-ақ Парламент мүшелерініңөкілеттігін тану не депутаттардың олардың қол сұғылмайтын құқығынан айыру кезінде жүргізіледі.
Ведомствалық бақылауды орталық салалық және басқа органдар өздеріне қарасты обьектілерге қатысты жүзеге асырады. Үкімет әділет министрлігіне не өзге органдарға бақылау функциясы жүктеген мемлекеттік органдарың тізімін анықтауды тапсыра алады.Ведомствадан жоғары бақылау арнайы құрылған органдардың, комитеттердің бұл органға бағынышты емес обьектілерге ықпалы ретінде қолданылады.

Сот бақылауында бірқатар ерекшеліктер бар. Әділ соттылықты жүзеге асырғанда соттар, әртүрлі субъектілердің (жеке және заңды тұлғалардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, мыналарды анықтай алады:

  1. Актілердің және лауазымды адамдар мен органдардың әрекеттерінің заңсыздығын;

  2. Мұндай актілерден және әрекеттерден келген залалдарды;

  3. Ашылған құқық бұзущылықтың себептері мен жағдайларын;

Мынадай шешім қабылдай алады: 1) бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру жөнінде: 2) кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде.
Сот бақылауы:

  1. Сот билігінің дербестігі және әділ сотты тек соттың өзінің жүзеге асыруының;

  2. Сот билігінің Конституцияға, заңдарға, басқадай нормативтік акт ілерге, республиканың халықаралық шарттарына бағынуыны;

  3. Сот ісін жүргізу тәртібінде атқарушы билік органдарының әрекетіне құқықтық баға бере алу қабілетінің;

  4. Күшіндегі құқықтың, Жоғарғы Соттың және Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының конституциялық бекітілуінің;

Соттардың сот шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз етуге құқылы екендігінің арқасында келешекте әкімшілік құқықтың маңызды институттарының біріне айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет