Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Заңдылық-әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын іске асыру заңмен белгіленген тәртіппен дәл сәйкестікке жүзеге асырылуға тиіс. Обьективтік шындық



бет51/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Заңдылық-әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын іске асыру заңмен белгіленген тәртіппен дәл сәйкестікке жүзеге асырылуға тиіс.
Обьективтік шындық-қабылданған шешім істің барлық мән жайларын обьективті және жан-жақты зерттелуге негізделуі тиіс.
Азаматтардың заң және істі қарап шешетін органның алдындағы теңдігі-процестің қатысушылары жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,тегіне , мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзғарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге көзғарасына,өзге де мән жайларға қарамастан құқықтары жөнінен шектелуге тиіс емес.
Жариялылық-ашықтық және азаматтардың қолжетерлігі, сондай-ақ процеске қатысушылардың,мемлекеттік құпияға жатқызылған мәліметтері бар ақпарат, сондай-ақ процеске қатысушылардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтер бұған жатпайды.
Іс жүргізу тілі- іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда орыс тілі не басқа тілдер де қолданылады.
Сот құзыретінің ерекшелігі- соттың құзыреті, оның юрисдикциясының шегі, оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі заңмен белгіленеді және өз бетінше өзгертуге болмайды.
Кінәсіздік презумпциясы- адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана жауаптылықта болады.
Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа жол бермеушілік- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартуға болмайды.
Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу-құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Куә айғақтарын беру міндетінен босату –ешкім өзіне –өзі, жұбайына заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету- әркімнің әкімшілік іс жүргізу барысында заңға сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Іс жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету-іс жүргізу соттың, құқық бұзушылықты қарауға уәкілетті органның қалыпты жұмысын және ңс жүргізуде қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда өтеді.
Іс жүргізу іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы-соттың, құқық бұзушылық туралы іс-әрекеттерді қарауға уәкілетті органның іс-әректтері мен шешімдеріне Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет