Дәріс №1 Ұялы қосымша интерфейсін жасау Білетін боласыңдар


Дәріс №6,7 Ойындарды құруға арналған программаның интерфейсі



бет5/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,19 Mb.
#158207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-15дәріс (1) (13) (4)
1-Сабақ Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері қағидалары. Термодинамикалық параметрлер, asinxr.4 5144, 1 зертханалық жұмыс Өтпелі процесстер, МУ РГР ППвЭЭ казакша.
Дәріс №6,7
Ойындарды құруға арналған программаның интерфейсі


Білетін боласыңдар:

  1. Game maker программасының интерфейсімен танысасыздар;

  2. ойын ресурстарының мүмкіндіктерін білетін боласыздар;

  3. фондық суретті құрасыздар.

Терминдер:

  1. компьютерлік ойын;

  2. ойын ресурстары;

  3. фондық сурет;



Қарапайым компьютерлік ойын неден тұрады?
Ойынды жасау үшін бізге қажет болатыны:

  • Графикалық безендіру (спрайттар және тағы басқалар)

  • Ойын қозғалтқышы (ойыншымен өзара әрекеттесетін программалық бөлік)

  • Ең қарапайым гейм дизайн (бұл ойында барлығының қалай құрылатыны туралы ой-пікір)

Компьютерлік ойындарды ойнау – бұл өте көңілді. Бірақ өзіңнің жеке ойыныңды жасау анағұрлым қызықтырақ. Бұрын компьютерлік ойындарды әзірлеу өте ұзақ, күрделі процесс болды. Бірақ Game Maker программасымен бірге өз ойыныңды оп-оңай әзірлеуге болады.



Game Maker – ең танымал ойындар конструкторларының бірі. Программа екіөлшемді ойындарды программалау тілдерін пайдаланбай-ақ әзірлеуге арналған. Код жолдарының орнына ойын кейіпкерлерінің дайын әрекеттері қойылады. Пайдаланушы тек ойын нысандарын жасайды, оларды екіөлшемді спрайттармен немесе анимациямен қамтамасыз етеді, нысандар арасындағы өзара әрекеттестік ережелерін әзірлейді, нысандарды деңгейлерге орналастырады. Графика мен анимацияның суретін өзге сыртқы программаларды пайдаланбай-ақ тікелей «Game Maker» программасында салуға болады.

Game maker интерфейсі өзіне келесідей редакторларды біріктіреді:

  1. Спрайттар редакторлары.

  2. Нысандар редакторлары.

  3. Бөлмелер редакторлары.

  4. Скрипттер редакторлары.

  5. Уақыт және қозғалыс бағыттары бойынша байланыстырылған әрекеттер тізбектерінің редакторлары.

Game maker программасындағы ойын – ойындық нысандардың жиынтығы ретінде құрастырылады. Олардың сыртқы түріне спрайттар жауап береді, алжүріс-тұрысы оқиғаларға жауаптарды сипаттау жолымен беріледі. Ол үшін программалардың белгіше-әрекеттер тізбегі түріндегі графикалық кейіптемесін пайдалануға болады. Әрекеттер көмегімен программалау drag-n-drop режимінде орындалады.
Қазір біз Game maker 8.0 программасының интерфесімен танысамыз (1-сурет).



1-сурет. Game maker программасының интерфейсі.



  1. Жұмыс істеп жатқан файлдың атауы бар жол, Game Maker нұсқасы және режимді бейнелеу (бізде Simple mode).



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет