Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Генетиканың зерттеу әдiстерi 
Тұқым қуалау мен өзгергiштiктi зерттеуде бiрқатар әдiстер қолданылады. Олардың ең негiзгiсi 
генетикалық талдау
болып табылады. 
Жынысты көбеюде организмдердiң жеке қасиеттерi мен белгiлерiнiң тұқым қуалауын және 
тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға мүмкiндiк беретiн будандастыру жүйесiн сол сияқты 
гендердiң өзгергiштiгi мен олардың комбинаторикасын зерттейтiн әдiстi 
гибридологиялық талдау
деп атайды. Бұл әдiстiң мәнi бiр немесе бiрнеше белгiлерi арқылы бiр-бiрiнен ажыратылатын 
организмдердi будандастыру (гибридизация) болып табылады. Осындай будандастырулардан 
алынған ұрпақтар 
гибридтер
болып табылатындықтан, бұл әдiс 
гибридологиялық әдiс
деп те 
аталады. Сонымен, гибридологиялық талдау генетиканың ең негiзгi және арнайы әдiсi болып 
табылады.
Математикалық әдiс, әдетте, будандастыру бойынша жүргiзiлген тәжiрибелердiң нәтижелерiн 
өңдеу, белгiлердiң өзгергiштiгiн зерттеу және зерттелген белгiлер арасындағы байланыстарды 
табу үшiн қолданылады. 
Семьялардағы немесе туыс адамдар арасындағы тұқым қуалаушылыққа талдау жасау арқылы 
олардың белгi қасиеттерiнiң ұрпақтарға берiлуiн зерттеуге мүмкiндiк беретiн генетикалық әдiстiң 
бiр түрiн генеалогиялық деп атайды. Бұл әдiс көптеген тұқым қуалайтын аурулардың себебiн 
табуға мүмкiндiк бердi. 


Хромосомалар құрылысының ерекшелiктерi цитологиялық әдiстiң көмегiмен зерттелетiнiн 
ерекше атап айтқан жөн. Хромосомалар функцияларына және олардың жаңадан өзiн өзi өндiру 
механизмдерiне талдау жасау үшiн тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық және 
цитогенетикалық әдiстерi де кең түрде қолданылады.
Онтогенетикада гендер әсерiн талдаудың алуан түрлi тәсiлдерi қолданылады: тұқым қуалау 
қасиеттерi әр түрлi тканьдердi трансплантациялау, бiр клетканың ядросын екiншi клеткаға 
ауыстыру, тканьдердi өсiру әдiсi, клеткалық селекция, эмбриологиялық, иммунологиялық және 
талдау жасау т.б. 
Молекулалық биология мен молекулалық генетиканың дамуы биополимерлердi зерттеудегi 
физика-химиялық әдiстердiң кең қолданылуына байланысты болды. 
Талқылауға арналған сұрақтар. 
1. Генетика ғылымы нені зерттейді? 
2. Генетика биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қашан және қалай қалыптасты? 
3. Генетика тарихындағы Мендель ілімінің алатын орны қандай? 
4. Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының қосқан үлестерін атаңыз. 
5. Генетика ғылымының қазіргі кезде қалыптасқан қандай салаларын білесіз? 
6. Генетиканың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз. 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
Алиханян С.И., Акифьев А.П., Чернин Л.С., Общая генетика М, 1985 
ГершензонС.М. Основы современной генетики. Киев, 1983 
Гершкович И. Генетика. М, 1968 
Дубинин Н.П. Генетика. Кишинев, 1985 
Инче-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. М, 1989 
Лобашев М.Е. Генетика. Изд. ЛГУ, 1967 
Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері. Алматы, Санат. 1996 
Берсімбаев 
Р.І., 
Мұхамбетжанов 
К.Қ. 
Генетика, 
Алматы, 
Қазақ
университеті, 2002. 1-бөлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет