Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

бiр ген - бiр фермент
", деген ұғым қалыптасты, кейiнiрек бұл ұғым "
бiр ген - 
бiр белок
", "
бiр ген - бiр полипептид
" деген қағидаға ұласты. Генетиканың даму тарихындағы осы 
кезеңнiң соңғы жылдарында бактерияларда генетикалық трансформация мен трансдукция 
құбылыстарының табиғаты анықталды. Вирустардың инфекциялық элементi олардың өз нуклеин 
қышқылдары болып табылатындығы белгiлi. Ф.Крик пен Дж.Уотсонның 1953 жылы ДНҚ 
молекуласының құрылысын анықтауы аса зор жетiстiк болды. Молекулалық биология мен 
молекулалық генетиканың келешектегi көптеген бағыттарының дамуында ДНҚ-ның 
құрылысының анықталуы орасан зор роль атқарды.
Қарастырылып отырған кезеңнiң басында бұрынғы Кеңес Одағында генетикалық зерттеулер 
бiршама қарқынды дамып, дүние жүзiндегi алғашқы орындардың бiрiне ие болды. Бiрақ, 40-шы 
жылдардың соңында КСРОда Мендель заңдарын, тұқымқуалаушылықтың хромосомдық 
теориясының негiзгi қағидаларын толық жоққа шығарған Т.Д. Лысенконың көзқарасы кең етек 
алды. 
1948 жылдың тамыз айында ВАСХНИЛ-дiң (Бүкiлодақтық ауылшаруашылығы академиясы) 
ғылыми сессиясы болып, әртүрлi ғылыми мекемелерде жүргiзiлiп жатқан генетикалық зерттеулер 
лысенкошiлдер тұрғысынан қатаң сынға алынды. Соның салдарынан генетикалық ғылыми 
мекемелер мүлдем жабылып атақты генетик-ғалым, академик Н.И.Вавилов бастаған белгiлi 
оқымыстылар қуғынға ұшырап, көпшiлiгi абақтыға жабылды. Бұл Кеңес Одағы генетикасы 
тарихындағы ең ауыр кезең болды. 
Т.Д.Лысенкомен оның жолын ұстаған оқымыстысымақтылардың көзқарастарының уақытша 
қолдау табуы олардың берген ұсыныстарының негiзiнде ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен 
жануарыларының өнiмi күрт артады деген құрғақ уәдеге байланысты болды. Өмiр ол 
ұсыныстардың қате екендiгiн және Т.Д.Лысенконың жүре пайда болған белгiлердiң тұқым қуалау 
туралы антигенетикалық концепциясынық дұрыс еместiгiн көрсеттi. Бiрақ, мұндай өзгерiстер 
болғанға дейiн бұрынғы Кеңес Одағында генетикалық зерттеулер жоғарыда айтылғандай тоқтап 
қалды. Жоғары оқу орындарында генетика пәнi оқытылмады және генетикалық әдебиеттердiң 
баспадан шығарылуына тыйым салынды. 
КСРОда генетиканың қайта жаңғыруы кеңестiк биология ғылымы Т.Д.Лысенконың терiс 
көзқарастарынан құтылғаннан кейiн, тек 60-шы жылдардың бас кезiнде ғана басталды. 



Генетиканың қазiргi даму кезеңi (1955 жылдан осы уақытқа дейiн) тұқым қуалау 
құбылыстарын молекулалық деңгейде зерттеумен сипатталады. Генетиканың дамуының осы 
кезеңiнде ашылған жаңалықтарды жай ғана санап айтудың өзi көп орын алар едi, дегенмен осы 
жетiстiктердiң кейбiреулерiн атап өтейiк, олар: 

генетикалық кодтың анықталуы; 

геннiң химиялық синтезi;

керi транскрипция құбылысының табылуы;

гендердiң экзон - интрон құрылымының ашылуы;

рекомбинанттық ДНҚ технологиясы; 

генетикалық және клеткалық инженерия бойынша жұмыстардың дамуы. 
Генетиканың әртүрлi бағыттарының дамуына Қазақстан ғалымдары да үлкен үлестерiн қосты. 
Қазақстанда генетика саласындағы алғашқы зерттеулер 30-40 жылдары басталды. Республикада 
бидай, арпа, сұлы, жүгерi, қант қызылшасы және басқа ауылшаруашылық дақылдарының 
(К.Мынбаев, Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, I.Ә.Әбуғалиев, Р.А.Уразалиев т.б.), 
раушан, сирень, астра гүлдерiнiң және ағаш, бұта, шөптесiн өсiмдiктердiң (Е.Х.Узенбаев, 
М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев т.б.) мол өнiмдi сорттары шығарылды. Алшақ будандастыру 
әдiсiмен мол өнiмдi мал тұқымдары шығарылды. Мысалы, жабайы арқарды пайдаланып қойдың 
арқар меринос тұқымы алынды (Н.С.Бутарин, Ә.Ы.Жандеркин, Ә.Е.Есенжолов) биязы және 
биязылау жүндi, кроссбред қой тұқымдарын алудың генетикалық-селекциялық негiздерi салынды. 
(В.А.Бальмонт, М.Ә.Ермеков, А.Е.Елеманов, Ф.М.Мұхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер 
т.б.).
Қазақстанда молекулалық биология және гендiк инженерия саласындағы зерттеулер 60-шы 
жылдар аяғында басталды. Бұл зерттеулер ҚР ҰҒА-ның құрамында молекулалық биология және 
биохимия институты ашылғаннан кейiн (1983) үдей түстi. Өсiмдiк клеткасындағы 
информосомалар зерттелiп, олардың бидай эмбриогенезi кезiнде белок құрастыруға, бұл процестi 
реттеуге қатысатыны анықталды. Өсiмдiк геномының молекулалық құрылымы мен оның 
экспрессиясы, клеткалық инженерия мен биотехнология мәселелерi зерттелдi. Академик 
М.Ә.Айтхожиннiң басқаруымен жүргiзiлген бұл жұмыстар бүкiл дүние жүзiне танымал болды. 
Осы еңбектерi үшiн М.Ә.Айтхожин бұрынғы Кеңес Одағындағы ғылым мен техника саласындағы 
ең жоғарғы Ленин сыйлығының лауреаты (1986) болды. 
Микроорганизмдер селекциясының генетикалық негiздерi кеңiнен зерттелдi және мутагендiк 
факторлардың тигiзетiн әсерлерi зерттелiп, микроорганизмдердiң практикаға қажеттi мутагендi 
формалары алынды (М.Х.Шығаева). Вирустар генетикасы және экологиялық генетика саласында 
да маңызды зерттеулер жүргiзiлдi (Н.Б.Ахматуллина). Соңғы уақытта Республикада молекулалық 
генетика (Р.I.Берсiмбаев), радиациялық генетика (К.Қ.Мұхамбетжанов, А.Т.Сейсебаев) салалары 
бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзiлуде. 1995 жылы ҚР ҰҒА құрамында Жалпы генетика және 
цитология институты ашылып, генетиканың жаңа салаларында да ғылыми зерттеулер жүргiзу 
жолға қойылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет