Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Гравиметриялық анализ әдісі, жіктелуі, артықшылығы мен кемшілігі.
Тұнушы форма қойылатын талаптар.
Гравиметриялық формаға қойылатын талаптар.
Тұндырғышқа қойылатын талаптар.
Гравиметриялық анализдi дұрыс орындау үшiн қойылатын талаптар.
Орташа сынаманы алу және оны анализге даярлау қалай жүргізіледі.
Тұнбаның кірленуі деген не?
Тест тапсырмалары 1. Барий хлориді кристаллогидратынан барийды BaSO4 тұнбасы түрінде тұндырып, құрамындағы барийді анықтау үшін қанша грамм ВаСl алу қажет?
A) 0,25г
B) 0,50г
C) 1-1,5г
D) 2,0г
E) 2,0-5,0г
*****
2. Тұнбаның толық түсуіне қандай факторлар әсер етеді?
A) тұнбаның мөлшері
B) ерітіндінің рН
C) тұндырғыштың мөлшері
D) қосылыстың ерігіштігі
E) барлық жауаптар дұрыс
*****
3. Анализ үшін тұнбаға түсіргішті қандай көлемде алу керек?
A) эквивалентті мөлшерде
B) есептеген бойынша тура мөлшерде
C) 2 есе артық мөлшерде
D) 3 есе артық мөлшерде
E) 1,5 есе артық мөлшерде
*****
4. Ірі кристалды тұнба алу жағдайы:
A) ыстық сұйытылған ерітінділерден баяу тұндыру
B) ыстық сұйытылған ерітінділерден тез тұндыру
C) салқын сұйытылған ерітінділерден баяу тұндыру
D) ыстық концентрлі ерітінділерден тез тұндыру
E) салқын концентрлі ерітінділерден баяу тұндыру
*****
5. Аморфты тұнбалардың түзілу жағдайы:
A) ыстық концентрлі ерітінділерді баяу тұндыру
B) салқын концентрлі ерітінділерді баяу тұндыру
C) ыстық концентрлі ерітінділерді тез тұндыру
D) салқын концентрлі ерітінділерді тез тұндыру
E) ыстық сұйытылған ерітінділерден тез тұндыру
*****
6. Барий иондарын күкірт қышқылымен тұнбаға түсіргенде қандай жағдай жасау керек?
A) салқын концентрлі ерітінділерді баяу тұндыру
B) ыстық концентрлі ерітінділерді баяу тұндыру
C) ыстық концентрлі ерітінділерді тез тұндыру
D) ыстық сұйытылған ерітіндіні араластыруа отырып баяу тұндыру
E) салқын сұйытылған ерітінділерді тез тұндыру
*****
7. Тұнбаның қартаюы немесе пісіп жетілу процессі немен сипатталады?
A) оның бөлшектерінің іріленуімен
B) ұсақ кристалдардың еруімен
C) ұсақ кристалдардың еруінен бөлшектердің іріленуімен
D) аса толық тұндырумен
E) ірі кристалдардың еруімен
*****
8. Барий иондарын күкірт қышқылымен тұндыру үшін қажетті жағдай:
A) баяу суық концентрлі ерітіндіден;
B) баяу ыстық концентрлі ерітіндіден;
C) тез ыстық концентрлі ерітіндіден;
D) баяу ыстық сұйытылған ерітіндіден тез араластыра отырып;
E) тез ыстық сұйытылған ерітіндіден;
*****
9. Ерітіндіден барий ионын барий сульфаты ретінде тұндыру үшін қажетті тұндырғыш:
A) натрий сульфаты;
B) күкірт қышқылы;
C) аммоний сульфаты;
D) калий сульфаты;
E) кальций сульфаты;
*****
10. Гравиметриялық факторды есептеу формуласы:
A)
B)
C)
D)
*****
11. Тұнушы форма дегеніміз:
A)& анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылыс түріндегі тұнбасы
B) кептіруден кейінгі алынған анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
C) қыздырудан кейін алынған анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
D) қайта кристаллизациядан кейін алынған анықтайтын компонент
E) нашар еритін тұнбаның химиялық формуласы
*****
12. Гравиметриялық форма:
A) анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
B)& кептіруден немесе қыздырудан кейін алынған анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
C) фильтрлегеннен кейін алынған анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
D) сумен бірнеше рет жуғаннан кейін алынған анықтайтын компоненттің нашар еритін қосылысының тұнбасы
E) өлшеуге арналған нашар еритін қосылыстың химиялық формуласы
*****