Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет15/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Әдебиеттер:

  1. Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фарбер Д. А. Возрастная физиология и школьная гигиена. -М.: Просвещение , 1990

  2. Дядя Г.И., Осипова О.В. Пропедевтика детских болезней, -М.: Эксмо, 2006

  3. Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология, патология органов зрения, слуха и речи -М.: Владос, 2001

  4. Избранные лекции по возрастной физиологии и школьной гигиене Р.И. Айзман, В.М. Ширшова -Новосибирск: Сибирское книжное издательство, 2004

Дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің физиологиясы.
Аннотация: дәрісте студенттер мұрын физиологиясы, жұтқыншақ физиологиясы және көмей физиологиясы туралы мәліметтермен танысады.
Кілт сөздер: мұрын физиологиясы, жұтқыншақ физиологиясы, көмей физиологиясы, ішкі тыныс, қорғаныш қызметі, рефлекс, т.б.
Жоспары
1.Мұрынның физиологиясы

    1. Жұтқыншақ физиологиясы

    2. Көмей физиологияся

Адамдар үшін мұрын арқылы тыныс алу қалыпты жағдай. Мұрын тыныс алу, қорғаныш, резонаторлық және иіс сезу қызметтерін орындаудан басқа, сол сияқты тыныс алуды және көзден жас ағуды реттеуге қатысады.
Тыныс алу қызметі. Ішке тыныс алу уақытында кеуде қуысының теріс қысымына байланысты ауа мұрынның екі жартысына ұмтылады. Ауа ағысы танау арқылы басында жалпы және жартылай ортаңғы мұрын жолымен жоғарғы бағытталады, содан соң хоан жақтан тарту күшінің жалғасуына байланысты ауаның негізгі көпшілігі ортаңғы мұрын жолы денгейінде доға тәрізді төмен қарай иіліп хоаналарға барады. Сыртқа қарай тыныс шығарғанда ауаның күші мұрынжұтқыншақтан хоаналар арқылы шығады, соңдықтан ауаның көпшілігі төменгі мұрын жолдары арқылы өтіп сыртқа шығады. Сөйтіп, тыныс алу көбінесе тыныс алу аймағы– мұрының түбінен ортаңғы мұрын қалқанының төменгі шетіне дейін арқылы жүзеге асады (regio respiratoria). Ішке тыныс алғанда қосалқы қуыстардан ауа бөлігі шығады, бұл ішке баратын ауаның жылынуына және ылғалдануына мүмкіндік туғызады. Сыртқа қарай шығатын ауаның біраз бөлігі қосалқы қуыстарға енеді. Тыныс жолдарының барлық қарсыласуының (кедергісінің) жартысына жуығы (45%) мұрын қуысында жатыр, бұл мұрын жолдарының біршама енсіз және иректеніп жатуы және оның қабырғалары беттерінің ойлы-қырлы болып келуіне байланысты. Бұл қарсыласудың физиологиялық негізгі (дәлелі) бар – ауа ағысының қысымы мұрын шырышты қабығында демалу рефлексінің қозуын шақырады. Егер тыныс алу ауыз арқылы орындалса, онда ішке тыныс алу онша терең болмайды, бұл органиімге келіп түсетін оттегі мөлшерін азайтады және бұның өзі жүйке, тамыр жүйелеріне және басқа жүйелерге, әсіресе балаларда әртүрлі патологиялық әсерін тигізуі мүмкін.
Қорғаныш қызметі. Ішке тыныс алу кезінде мұрын жолдары механизмінің көмегімен өткен ауа жылынады, ылғалданады және тазаланады.
Ауаның жылыну мұрын қабырғасы беттерінің жылылығы есебінен жүзеге асады, мұрын қуысы қабырғасының тегіс еместігі арқасында, оның көлемі үлкен болады. Төменгі және жартылай ортаңғы қалқандардың шырышты қабығында орналасқан кавернозды денелер ауаны жылытуға арналған тамырлы аппарат болып есептеледі. Суық ауа тітіркендіргіш фактор ретінде кавернозды кеңістіктің өте жылдам рефлекторлы кеңейіп-үлкеюіне және қанға толуына итермелейді, сол сияқты оның беті үлкен болады, осыған сәйкес мұрын жолдарының ені тарылады. Бұл жағдайларда ауа мұрын қуысынан тым жіңішке ақырын ағыспен өтеді және сырттан келген ауа олармен ұзағырақ қатынаста болады, осыдан оның қарқынды жылынуы жүреді. Сырттан келген суық ауа қан тамырларына аса бай мұрын қуысының шырышты қабығына жақындаса келе адам денесі температурасына дейін жуықтап жылиды.
Ауаның ылғалдануы мұрын қуысын жабатын шырышты қабықтан дымқылға қанығуы есебінен болады. Мұрын кілегейі қан тамырларынан, шырышты бездерден, көзжас безінен, сұйықтықтың және ткань аралық саңылаудан лимфаның шығуы арқылы құрылады. Үлкен адам тәулігіне мұрын қуысынан бу түрінде 500 мл сұйық заттар бөліп шығара алады, бірақ бұның көлемі сыртқы ауаның температурасына және ылғалдылығына және басқа да факторларға байланысты болады.
Мұрында ауаның тазаруы бірнеше механизмдермен жүзеге асады. Мұрын кіреберісі арқылы ауа ағысының өтуі кезінде шаң-тозаңның ірі бөлшектері кіреберіс терісінің қалың жүн түктерімен ұсталынып қалады. Бірінші фильтр арқылы өтіп кеткен тым кішкентай шаң-тозаңдар шырышты қабатқа шөгеді. Ауадағы әр түрлі кішкентай бөгде бөлшектер мен микробтардың 40-60% жуығы мұрын қуысындағы кілегейде (жалқықта) ұсталып қалынады да түшкіру арқылы тазартылып отырады. Мұрын қуысындағы кілегейде муцин мен лизоцимнің барлығы және оның сорғыштық қабілетінің болуының өзі әр түрлі микробтарды зарарсыздандырады. Сол сияқты мұрын қуысындағы кілегей жыбырлағыш эпителий талшықтарының тербеліс қозғалысы арқылы хоанға бағытталған, бұл кезде кілегей де мұрынжұтқыншаққа қарай жылжиды. Эпителий түк талшықтарының тербелісі белгілі бір ритмге бағынады, бір минутта 250 цикл жасайды. Кілегейдің шырышты қабық эпителиі арқылы мұрынның алдыңғы бөлігінен хоанаға шейін жалпы өту уақыты 20-30 минут болуы мүмкін. Мұрынжұтқыншаққа жеткен кілегей әдетте түкірікпен бірге жұтылып және асқазанда соңғы зарарсыздандыруға ұшырайды. Сондықтан мұрынға тамыртарылтқыш тамшыларды ұзақ уақыт бойы тамызуға болмайды, өйткені олар жыбырлағыш эпителиінің ағызғыш қызметіне жағымсыз әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет