Қазіргі таңдағы оқу – тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. «Педагогикалық технология» ұғымы.
2. «Тәрбие технологиясы» ұғымы.
3. Тәрбие технологияларының өзіндік ерекшелігі.
Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты
Тәрбие технологиясы - тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі. Олар:
1. Тәрбие процесінің өндірісінің процестен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді- параллель схеме емес, комплексті түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни «технологиялық операцияларды» игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдерімен толық қабылдануы тиіс. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын-ала белгілеген «өзекті нүктелердің» арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынандай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету;
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі- тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады.
5. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйеллігін талап етеді. Тәрбие ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары «Технология» сөзі «техно»-өнер, шеберлік және «логос»-ғылым деген сөздерден құралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні- бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми - өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әр түрлі іс-әрекеттерін басқара ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады.
«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері.
Тәрбиелік технологиялар тиімділігінің педагогикалық шарттары. Тәрбие технологияларының жіктемесі: В.П. Беспалько, М.В.Кларин,Ф.А.Мустаева, Л.Е.Никитина, И.П.Подласый, Г.К.Селевко. Тәрбие технологиясының әр алуан саласындағы тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері. Мектеп пен сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясы және оның технологиялық алгоритмі. Ойын технологиясы. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. А.С.Макаренко, В.А. Караковский, Л.В.Байбородова, Н.Е.Шуркова, Н.Ф.Голованова еңбектеріндегі теориялық ережелер және тәрбие жұмысының әдістемесі.
Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.
Достарыңызбен бөлісу: |