Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет9/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Г=f(C) немесе Г=f(p)
Адсорбеттің бірлік ауданындағы /1 см2 немесе 1 м2/ жұтылған зат мөлшерін мен меншікті адсорбция деп атайды. Оны Г не А әріпімен белгілейді. Егер сорбтивтің мөлшері х болса, онда
А= х /S
S-адсорбент бетінің ауданы.
Адсорбенттің бетін анықтау мүмкіншілігі болмаған жағдайда адсорбцияны адсорбенттің бірлік массадағы /г, кг/ адсорбтивтің мөлшерімен сипаттайды:
А= х /m


Газ-сұйық және сұйық-сұйық шекарасындағы адсорбция.


Газ-сұйық бөлігіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі. Шишковский теңдеуі. Траубе ережесі. БАЗ. Фаза бетінде молекуланың ориентациясы
Заттардың сұйық бетінде адсорбциялануы берілген сұйықтың беттік керілуіне (σ) байланысты.
Тұрақты температурада әрбір таза сұйықтық үшін өзіндік беттік керілу тұрақты шама. Таза еріткіштің беттік керілуі ерітіндінің беттік керілуінен өзгеше болады. Сұйықта әр түрлі заттардың еруінен беттік керілудің өзгеруі жүреді. Еріген зат еріткіштің беттік керілуін арттыруы, кемітуі немесе тіпті өзгертпеуі ықтимал. Беттік керілуге әр түрлі заттардың әсерін зерттеу нәтижесінде еріген заттың концентрациясы сұйықтың беттік қабаты мен ішкі көлемінде әр түрлі болатындығы анықталған. Кейбір заттар ерітіндінің бетінде жинақталып, еріткіштің беттік керілуін кемітеді. Бұл типтегі заттарды беттік активті заттар (БАЗ) деп атайды. Оларға спирттер, үлкен молекулалы қышқылдар, олардың сілтілік тұздары, синтетикалық жуғыш заттарды алуға болады. Ал кейбір заттар болса, сұйық бетінен гөрі оның көлемінде таралуға бейім болады. Бұл типтегі заттарды - беттік активсіз заттар деп атайды. Оларға мына заттарды- қышқылдардың, тұздардың және негіздердің электролит ерітінділерін алуға болады.
Беттік активті заттардың (БАЗ) беттік керілуі еріткіштікінен аз болуы керек. Олардың ерігіштік қабілеті нашар болады және де жеке молекулалық өте жұқа адсорбциялық қабат пайда болатындықтан, ол адсорбент бетінің қасиеттерін күрт өзгертеді. Сондай-ақ БАЗ-дар өздерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне орай үш топқа бөлінеді: молекулалық, анион активті; катион активті. Молекулалық БАЗ-ды ионогенсіз, ал қалған екеуін ионогенді дейді.
Спирт молекулалары, органикалық карбон қышқылдары, күрделі белокты қосылыстар мен басқа да заттар молекулалық немесе ионогенсіз БАЗ тобына жатады. Ионогенді анион активті БАЗ суда ерігенде иондарға диссоциацияланады және ондағы беттік активтіліктітек анион ғана көрсетеді. Оларға мысал ретінде сабын, сульфоқышқылдар және олардың тұздарын, басқа да қосылыстарды келтіруге болады. Ионогенді катион активті БАЗ суда еріген кезде иондарға ыдырайды, бірақ бұл ерітінділерде беттік активтілік тек катиондарда ғана болады. Оларға құрамында азоты бар органикалық негіздер мен олардың тұздары жатады.
Барлық БАЗ ортақ сипаттардың бірі – олардың молекулаларының полюсті және полюссіз екі бөлшектен тұратыны. Полюсті топқа ОН, СООН, NH2 сияқты гидрофильді, ал полюссізге көмірсутекті немесе ароматты радикалдар жатады. Полюсті бөлшектерде едәуір мәндегі дипольдік момент болады және олар жақсы гидраттанады, яғни әлсіз болса да сумен әрекеттеседі. Әлбетте полюсті топ БАЗ-дың суға жақындығын анықтацды. Полюсті топтағыдан, полюссіз бөлшекке енетін көмірсутекті радикалдар гидрофобты, яғни ол сумен әрекеттесе де, араласа да бермейтіндіктен, судағы БАЗ ерігіштігін төмендетеді.
Шартты түрде БАЗ молекуласының полюсті немесе гидрофильді бөлігін дөңгелекшемен, ал оның полюссіз немесе гидрофобты бөлігін таяқшамен белгілейді. Енді осындай молекуланы суда ерітсе, онда БАЗ молекуласы сумен әрекеттескенде оның полюсті бөлігі су ішіне ұмтыла орналасса, ал оның полюссіз немесе бөлігі өзін судың сыртында болады. Мұндайда судың беткі қабатын шексіз үлкейді деп көз алдымызға елестетсек, полюсті бөлігі судың бетінде тік орналасады. Олай болса, судың полюссіз бөлшекті сыртқа итеру күшінің әсерінен су беті осы гидрофобты топпен қанығады. Осы бағытта жүргізілген көптеген тәжірибелер көрсетіп отырғандай, БАЗ радикал құрамына енетін көмірсутекті тізбектің ұзындығы артқан сайын, оның судағы ерігіштігі нашарлай түсіп, оның басым көпшілігі сұйық бетіне орналасады. Мұның салдарынан олардың адсорбциялау қабілеті артады. Ендеше гидрофобты топтың сұйық бетіне молырақ жиналғандығынан да оның беттік керілуі азаяды. Сондықтан да заттардың беттік активтілігі және соған орай адсорбциялау қабілеті полюсті топтың табиғатына, молекула құрылысы мен көмірсутекті тізбектің ұзындығына тәуелді болады екен. Бұл пікірді дәйекті дәлелдеу мақсатымен жүргізілген зерттеулерге қарағанда, қосылыс құрамына енетін көмірсутекті тізбек ұзындығы артқан сайын (мысалы, органикалық карбон қышқылдарын алса), олардың судағы ерігіштігі нашарлай береді. Қаныққан карбон қышқылдарының судағы ерітінділерін зерттегенде, қышқыл құрамындағы көмірсутекті тізбек әрбір – СН2 – тобына көбейген сайын, олардың адсорбциялау қабілеті шамамен 2-3 есе артады екен. Бұл Траубе-Дюкло ережесі деп аталады: карбон қышқылындағы тізбек ұзындығы арифметикалық прогрессиямен өссе, ал олардың беттік активтілігі геометриялық прогрессиямен артады. Траубе-Дюкло ережесі тек аса сұйық, төменгі концентрациядағы ерітінділер үшін ғана қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет