Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет6/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Бақылау сұрақтары:

  1. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температура әсерін түсіндіріңіз.

  2. Вант–Гоффтың жуықталған ережесi қалай айтылады?




1

№ 6 дәріс

Тақырып 6. Коллоидты жүйелердің электрлік қасиеттері. Электрокинетикалық құбылыс

Дисперстік жүйелердегі бөлшектердің зарядтарының болуын алғаш рет Ф.Ф. Рейсс 1808 ж. ашқан болатын, Ол ылғалды топыраққа /батпаққа/ сумен толтырылған шыны түтікшелерді матырып, оларға электродтарға потенциал айырмасын туғызғанда болатын құбылыстарды байқады. Бұнда Ф.Ф. Рейсе электр өрісін туғызған кезде судың оң полюсті электрод тұрған жағы ылайланып, ал судың теріс полюсті электрод тұрған жері тұнық күйіндегі қалатынын байқады. Бұл тәжірибе топырақтың оң полюсті электродқа тасымалданатынын көрсетеді. Кейінгі зерттеулердің нәтижесінде бөлшектер электр өрісінің әсерімен бірқалыпты тұрақты жылдамдықпен тасымалданатыны дәлелденді. Көптеген тәжрибелердің нәтижесінде бөлшектердің жылдамдығы потенциалдар айырмасы және дисперсиялық орта тұрақтылығы артқан сайын өсетіндігі, ал ортаның тұтқырлығы өскен сайын оның кемитіндігі белгілі болды. Міне осыны-электр өрісінде дисперстік бөлшектердің тасымалдануын электрофорез деп атайды /кейде оны катоферез деп те атайды.


Электрфорез құбылысындағы сияқты, осы айтылған тәжрибедегі тасымалданған сұйық белгілі бір жылдамдықпен қозғалады екен және тасымалданған сұйықтың мөлшері потенциалдар айырмасы мен ортаның диэлектрлік өтімділігіне тура, ал ортаның тұрақтылығына, кері пропорционал екен. Бұл құбылысты, яғни электр өрісіндегі сұйықтың белгілі бір электродқа тасымалдануын электросмос деп атайды. 1852 ж. Т.Видеман электросмос құбылысын сандық түрде зерттеді. Ол уақ тесікті диафрагмадан өтетін сұйықтың мөлшерінің тоқ күшіне байланыстылығын, ал тоқ күші тұрақты болғанда диафрагманың қалыңдығына байланыссыз екенін көрсетті.
Сонымен Ф.Ф.Рейсс жоғарыда айтылған тәжрибелердің көмегімен бұрын белгісіз екі құбылысты /электросмос және электрфорез/ ашты.
Кейінірек келе электрфорез және электросмос құбылыстарына қарама - қарсы екі құбылыс байқалды. 1859 ж. Квинке уақ тесігі бар диафрагама арқылы сұйықтықты қысыммен өткізгенде, диафрагманың екі жағындағы электродтар арасында потенциалдар айырмасының болатынын байқалды. Квинке пайда болған электрлік қозғаушы күштің /ЭҚК/ диафрагманың қалындығы мен ауданына және өткен сұйықтықтың мөлшеріне байланыссыз, тек суйықтықтың ағызатын қысымға байланыстылығын анықтады. Неғүрлым қысым кеп болса, соғұрлым ЭҚК кеп болады. Квинке ашқан электросмосқа қарама-қарсы болатын бұл құбылысты ағу потенциалы немесе Квинке эффектісі деп атайды.
Электрфорезге қарама-қарсы құбылысты 1878 ж. Дорн байқады. Ол дисперстік фазаның бөлшектері дисперсиялық ортада тұнғанда /шеккенде/, мысалы құм суда шеккенде, сол шеккен бөлшектердің әртүрлі деңгейлерінде орналасқан электродтар арасында потенциалдар айырмасының болатынын керсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет