Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет3/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.


МАҚСАТЫ: қоғамдық өндірістің экономикалық мәнін түсіну, Экономика негіздерінің негізгі базалық түсініктері: қажеттіліктер, ресурстар және игіліктер ұғымдарын кеңінен қарастыра отырып, экономикалық таңдау мәселесін шешу.


ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:

  1. Жалпы экономикалық түсініктер

  2. Қоғамдық өндірістің мәні мен құрылымы

  3. Өндірістің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті

  4. Қоғамдық өнім: мәні, құрылымы



Негізгі ұғымдар: экономиканың негізгі үш мәселесі, өндіріс, қоғамдық өндіріс, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, қажеттіліктер, Маслоу пирамидасы, ресурстар, технология, игіліктер, шектеулілік, экономикалық таңдау, балама шығындар, өндірістік мүмкіндіктер қисығы, т.б.


    1. Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі:

1)Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес;
2)Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кездеседі.
Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:
Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:

  1. Материалдық

  2. рухани немесе мәдени

  3. әлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.
Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет.
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз. Ресурстардың 5 түрі болады:

  1. материалдық

  2. табиғи

  3. қаржы

  4. еңбек

  5. ақпараттық.




    1. Қоғамдық өндіріс мәселесі Экономика негіздерінің негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:

  1. Материалдық өндіріс

1.1 материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);
1.2 материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)

  1. Материалдық емес өндіріс

2.1 материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);
2.2 материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер).
Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.
Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
Өндіріс дегеніміз - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.

  1. Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.

Жұмыс күші дегеніміз - адамның еңбек ету қабілеттілігі.
Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.
Еңбек заттары дегеніміз - өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.
Еңбек құралдары дегеніміз - адамның өзі мен еңбек заттары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді: а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар; в) өндірістік объектілер (өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.
Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.
Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.



  1. Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі - оның өнімі. Ол-қоғамдық сипатта, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады.

Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсету кіреді.
Қоғамдық жиынтық өнім- бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол материалдық өндіріс саласындағы қызметкерлер еңбегімен өндіріледі. Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың заталған еңбек шығындарын шегеріп тастаса, таза өнім қалады.Ол негізінен тұтыну заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан тұрады. Таза өнімді саяси экономия мен қазіргі есептеу жүйесінде ұлттық табыс депте атайды. Таза өнім 2-ге бөлінеді: а) қажетті өнім- материалдық өндірісті өндіру саласындағы қызметкерлердің күнелту үшін, өзіне және жанұясына , осы қызметкерді оқыту, үйрету үшін жұмсалатын таза өнімнің бір бөлігі; ә) қосымша өнім- бұл материалдық игіліктерді өндіру саласындағы жұмысшылардың жұмыс күшін толықтыруға жұмсалған кейін артылып қалған таза өнімнің бір бөлігі.
Қоғамдық өнім белгілі бір нысанда өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды. Оны мына формуламен анықтайды:
өндіріс нәтижесі (өнім)
Өт (тиімділік) = _____________________________________________________
Өндіріс факторларының шығындары(жанды және затталған еңбек)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет