Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген шешім қабылдау құқығы – бұл



бет8/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2

Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген шешім қабылдау құқығы – бұл:


А) Пайдалану құқығы
В) Басқару құқығы
С) Тәуелсіздік құқығы
D) Иелену құқығы
Е) Жүзеге асыру құқығы
    1. Жекешелендірудің негізгі түрлері қандай?


А) Шағын, жаппай және жеке жобалар бойынша
В) Шағын, орта және ірі
С) Ашық түрде және жабық түрде
D) Конкурс, аукцион және жалға беру бойынша
Е) Қарапайым және күрделі
ТАҚЫРЫП 4. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ
ЛЕКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: Кәсіпкерлік түсінігін, оның мақсаттары мен міндеттерін, кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін қарастыру.
ЛЕКЦИЯНЫҢ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Кәсіпкерлік түсінігі.

  2. Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері

  3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қабілеттілік, кәсіпкер, т.б.

  1. Кәсіпкерлік – бұл осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелермен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асыратын ынталы шаруашылық қызметі.

Кәсіпкерлік субъектілері келесідей түрлерге бөлінеді:

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан, активтердің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.
Орта кәсіпкерлік субъектілері деп жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды. Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің 4 функциясын түсіну керек:
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
* Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
* Жер, су бергеніне рента алады.
* Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
* Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері
Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет