Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет13/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
Маржиналды (шекті) талдау принципінарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.

  • Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

  • Экономикалық ұтымдылық принципі – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез- құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

    Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.


    3. Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі.
    Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан:
    Өндірістік инфрақұрылым – бұл өндірістік қызметтер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымның құрамына өндіріске қызмет көрсететін көліктер- дің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары, материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының объектілері, т.б. кіреді. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайлар жасайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет