Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты


ТАҚЫРЫП 6. НАРЫҚ: ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ



бет12/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
ТАҚЫРЫП 6. НАРЫҚ: ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ.


ДӘРІСТІҢ МАҚСАТЫ: нарық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлеріне, қызметтеріне, принциптеріне тоқталу
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

    1. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері;

    2. Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері;

    3. Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым;

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: нарық, «көрінбейтін қол», нарықтың түрлері, нарық элементтері, нарықтың принциптері



  1. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» – бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;

  1. өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары;

  2. сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;

  3. тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

  4. сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:

  1. Қоғамдық еңбек бөлінісі.

  2. Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.

  3. Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.

Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:

  1. Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:

      • тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;

      • өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;

      • қаржы нарығы;

      • ақпарат нарығы.

  1. Географиялық орналасуы бойынша:

      • жергілікті нарық;

      • аймақтық нарық;

      • ұлттық нарық;

      • дүниежүзілік нарық.

  1. Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:

      • жетілген бәсеке нарығы;

      • монополиялық нарық;

      • олигополиялық нарық;

      • монополистік бәсеке нарығы.

  1. Салалар бойынша:

  • автомобиль нарығы;

  • компьютер нарығы, т.б.

  1. Сатылу сипаттамасы бойынша:

  • көтерме сауда нарығы;

  • бөлшек сауда нарығы;

  • фьючерстік сауда нарығы.

  1. Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:

  • ресми нарық;

  • ресми емес (көлеңкелі) нарық.

2. Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:

  1. Ақпараттық;

  2. Делдалдық;

  3. Баға белгілеу;

  4. Реттеуші;

  5. Сауықтырушылық.

Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет