Диктанттар жинағы


Тапсырма:Есімдіктердің астын сызындар. Көктем



бет12/16
Дата22.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#187374
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Диктант жинағы
Мұсрәлі М әж-102
Тапсырма:Есімдіктердің астын сызындар.

Көктем
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең.Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы.
Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, тағы басқа ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі.
(85 сөз )
Тапсырма:не істейді? деген сұраққа жауап баретін сөздердің астын сыз.
Алтыбақан
Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған.
Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы мың тоғыз жүз жетпісінші жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды.(85 сөз)
Тапсырма: толықтауыштың астын сызындар.
Түйе
Түйе – сүтқоректі жануар. Бұл әлемнің құрғақ өңірлерінде – шөлдерде, жартылай шөл, далаларда өмір сүруге бейімделген ірі жануар.Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бастысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жейді, ал қыста оларды пішенмен қоректендіреді. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.
Түйелерді өсіруден алынатын өнімдерді :шұбат, жүн, ет, май, ірімшік, тері.Түйе сүті сиырдікіне қарағанда қаралау, майлылау әрі тәттілеу, ақуыздары мол, емдік қасиеттерге ие. (93 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет