Диктанттар жинағы


Тапсырма: көптік жалғауы жалғанған сөздердің астын сызындар. Сәбіз



бет13/16
Дата22.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#187374
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Диктант жинағы
Мұсрәлі М әж-102
Тапсырма: көптік жалғауы жалғанған сөздердің астын сызындар.
Сәбіз
Сәбіз барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады.Дамудың алғашқы кезеңінде жарықты өте қажет етеді. Өз уақытында арамшөптерден отап, сиретпесе жақсы өнім бермейді. Басқа өсімдіктерге қарағанда құрғақшылаққа төзімді. Бірақ өз уақытында ылғалды беріп отырса, жақсы өнім береді. Дәрілік шикізат ретінде және витаминдік дәрі ретінде өсімдіктің түбір түйнегі мен дәні – тұқымы күз кезінде жинап алынады.
Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. (84 сөз)Тапсырма: «сәбіз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Балет
Балет-музыкалы театр өнерінің күрделі бір түрі.Сценарий, музыка және хореография, яғни би балеттің басты құрамдық бөліктеріне жатады.
Би – балеттің негізгі көркем-мәнерлі құралы.Бишілер өз биімен кейіпкерлердің мінез-болмасын, ой-сезімін, көңіл күйі мен іс-әрекетін ашып бейнелейді, сонымен балет мазмұны би арқылы әңгімеленеді. Балетте өтетін оқиғаның орны мен мезгілін меңзеуде декорация, костюмдер мен жарық-сәуле аса маңызды рөл атқарады.
Аса көрнекті биші Галина Уланованың:»Біз билеп қана қоймаймыз, би тілімен сырласамыз» деген сөзін А.С.Пушкиннің «жан-тәнімен самғау» деп балетті бағалаған пікірі толықтыра түседі. (85 сөз)
Тапсырма:1-2 сөйлемді орыс тіліне аудар
9-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Төрт түлік мал Төрт түлік мал
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналасқан.Малдың еті тамақ, терісі киім болса, жүні-тұрмыс заттарының қажетін өтеген. Сол себептен де, малды қадірлі, қасиетті санаған. Ауыз әдебиетінде төрт түлікке қатысты көптеген ертегілер, аңыз, әңгімелер, жұмбақтар, жаңылтпаштар бар. Халық төрт түлік қатарына мыналарды қосады. Олар:жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі. Әр түліктің пірі жебеушісі болады. Жылқыны- Қамбар ата, түйені-Ойсыл қара, сиырды- Зеңгі баба, ешкі-Сексек ата, қойды-Шопан ата қолдап қорғайды деген сенім бар.Төрт түлікті көп өсірген халық мал санауда үйір, табын сөздерін қолданған. Үйір –жылқының, отар-қой,табын-сиырдың тобын,санын,мөлшерін анықтайтын сөздер.(95 сөз )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет