«Дін» ұғымының мәні, мазмұны, құрылымы



бет2/4
Дата01.01.2022
өлшемі25,59 Kb.
#107505
1   2   3   4
Байланысты:
Дін әлеуметтануы
5 сынып КТЖ матема 5сагат 2022-2023, 12 сабақ. Тың игеру жылдарындағы Қазақстан 2, Философия пәні және ерекшелігі, Междунарное отношение
Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық — әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде — халық, ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Конфессиолық ілім (көне латын тілінде konfessio — мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларына сүйеніп негіздейді.

Дінді үш пән зерттейді, олар — теология, атеизм және дінтану. Үшеуінің де мақсаты дінді, оның тарихын, негізгі қағидаларын және қазіргі жағдайын талдау. Бұлардың әрқайсысы дінді толық мәнінде түсіндіру ниетінде. Алайда, әрқайсысының дін туралы өздеріне ғана тән алған мақсаттары бар.

Теология — (көне грек тілінде құдай, ілім) құдайтану пәні. Ол діннің ішкі мазмұнына негізделген. Бұл пән әрбір діннің өз болмысынан қалыптасады. Теология пәнінде білімнен бұрын сенім анықталған. Сондықтан теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған. Сол себепті, біз ислам теологиясы, христиандық теология, буддалық теология т.б. деп атай аламыз. Бұл теологияның әрбір дінге тікелей қатыстылығын білдіретін жай.

Атеизм (көне грек тілінде — құдайсыздық) — құдайды және оның құдіретін жоққа шығарады. Жоғарыда айтылғандай, Кеңес заманында жоғары оқу орындарында студенттерге «Ғылыми атеизм» деген пән оқытылды. Бұл пән дүниенің діни болмысын толығымен теріске шығарып, материалистік көзқарасты негіздеп, содан ғылыми атеизм деген атауға ие болған.

Сонымен, теология да, атеизм де өздерінің сенімдерін насихаттайтын пәндер, ал дін болса, сол көзқарастардың объектісі.Теология нақтылы діннің ақиқаттығын айтса, атеизм дін атаулыны теріске шығарған. Осы екі көзқарастағы адамдардың бір-бірімен таласы таусылар емес. Теологтар діннің кереметі туралы діни аңыздарға, басқа да дәлелдерге сүйенсе, атеизм өзіне көмекке ғылымды алады. Ғылыми жетістіктердің нэтижесінде қүдайға орын жоқ деген өзінше тоқтамға келеді. Алайда, әлемнің шексіз құбылыстарын ғылымның түсіндіре алмайтынын еске алсақ, атеизмнің ғылымға сүйенуін де сынға алуға болады.



Дінтану пәні болса, теологиялық немесе атеистік пәндерден өзгеше. Мұнда дін туралы объективті мазмұндағы түсініктер жүйесі арнайы пәнге айналғанын айтуымыз керек. Дінтану пәні дінді немесе діндерді насихаттамайды, оларды объективтік мазмұнда түсіндіруді мақсат етеді. Бұл пән — зайырлы қоғамның дін және діндер туралы сараптамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет