«Дін» ұғымының мәні, мазмұны, құрылымы


Дін әлеуметтануы пәнінің кешенді пән ретінде маңызы, ғылымдар жүйесіндегі орны



бет3/4
Дата01.01.2022
өлшемі25,59 Kb.
#107505
1   2   3   4
Байланысты:
Дін әлеуметтануы
5 сынып КТЖ матема 5сагат 2022-2023, 12 сабақ. Тың игеру жылдарындағы Қазақстан 2, Философия пәні және ерекшелігі, Междунарное отношение
Дін әлеуметтануы пәнінің кешенді пән ретінде маңызы, ғылымдар жүйесіндегі орны;

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, дін институты өзара байланысқан екі деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құндылықты-нормативтік модель, өзіне қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2) діни нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгілердің құрылымы. Соңғысының шынайы көрінісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекітетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің моральдық қауымдастығы, дәстүрлер, ұстанымдар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиынтығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер мен жазбалар- да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия

Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт – дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.

Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.

Үшінші бағыт – реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.

Ежелгі сан ғасыр қазағымның рухани дамуының қайнар көздерінің бірі болып келе жатқан ислам дінінің халқымыздың ұлттық иммунитетін қалыптастырудағы рөлі ерекше екені аян. Олай болса, бүгінгі жаһанданудың кері әсеріне тек ұлттық қасиеті, ділі мен діні күшті ел ғана төтеп бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет