Діндегі бидғат (әл-бид’а) және оның түрлері туралы



бет2/8
Дата10.12.2016
өлшемі1,65 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8

Мазмұны


Мазмұны 1

«Әл-бид‘а» терминінің шариғи анықтамасы 5

Бидғат – күпірлікке, ширкке алып баратын жол 12

Дінге жаңалық енгізген адам өзін заң шығарушының орнына қойған болып есептеледі, ал негізінде заң шығарушы тек Жалғыз Аллаһ қана 12

Бидғат күпірлік пен ширктен кейін ең үлкен күнә болып табылады 13

Аллаһ Тағала бидғатты теріске шығарып, оны қабылдамайды 13

Бидғат Сүннеттің жойылуына себепші болады 13

Бидғат – бұл Тозаққа алып баратын адасушылық 14

Бидғат – бұл тура жолдан адастыратын себеп 15

Бидғат кішкентайдан басталып, кейін үлкен және қасіретке ұшырататынға айналады 15

Бидғатшылар – күнәһарлардың ішіндегі ең жамандары 16

Бидғатшылар өз күнәларының ауыртпалығын да, олардың бидғаттарына ергендердің де күнәсін арқалайды 17

Бидғатшылар бидғаттарын тастамайынша Аллаһ олардың тәубелерін қабыл етпейді 17

Бидғатшылар Ислам мен мұсылмандар үшін кәпірлерден болған жаулардан да жаман 18

Бидғатшылар Аллаһтың, періштелердің және бүкіл адамзаттың лағынетіне лайық 18

Бидғатшылар ақиқатқа оралып, өз бидғаттарын тастамайынша шеттетілуге (бойкотталуға) лайық 18

Егер бидғаттан сақтандырмаса, онда білімсіз адамдар оны ақиқат деп қабылдап қалады 30

Адасқандарды теріске шығарып, олардаң сақтандыру тыйым салынған ғайбатқа жатпайды 30

Кісі бидғатшыға айналатын шарттар 33

1. «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді» деген хадис. 41

2. “Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!”, - деп айтылатын хадис 44

3. ‘Умар ибн әл-Хаттабтың “Мынау неткен керемет бидғат” деген сөзі 46

4. Әбу Бәкрдің кезінде сахабалар Құранды (тұтас кітапқа) жинағандығы 49

5. Сахабалардың оған дейін ешқандай нұсқауы болмаған, бірақ кейіннен (шариғатта) заңдастырылған іске айналған белгілі бір құлшылық рәсімін жасауы 50

6. Кейбір имамдардың Исламда жақсы бидғат бар деген сыңайлы сөздері 52

7. Ізгі ниет және жақсылықты қалау 55

Түйін: 56

1. Сүннетті тастау 57

2. Білімсіздік 58

3. Адасушылыққа бастайтын көсемдер және соқыр еліктеу (тақлид) 58

4. Бидғатшылармен дос болу, араласу және тартысу 59

5. Дін мәселелеріндегі шектен шығушылық және насапсыздық (артық кетушілік) 60

6. Әуес-қалаулар мен өз құмарлықтарына (әуестеріне) еру 61

7. Күмәнді дәйектердің соңынан еру 62

8. Білмеген жағдайда білім иелеріне жүгінуден бас тарту 64

9. Әлсіз және ойдан шығарылған хадистерді қолдану 66




Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Кіріспе
Расында, барша мақтау-мадақтар Аллаһқа тән! Біз Оны ғана дәріптейміз, әрі Одан ғана жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Ешбір серігі болмаған Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін.

Одан кейін:

Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Саф Сүннетінен азғантай болса да хабары бар әрбір мұсылман адам үшін оның таухид пен Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырудан кейін, адамдарға өзінің Сүннетіне тура ілесуді насихаттауға және бидғаттармен күресуге ерекше көңіл бөлгендігі өте жақсы белгілі. Жәбирден жеткен хадис осыған дәлел болады. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр жұма сайын өз құтпасында: «Шын мәнінде, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!», - деп, Құран және Сүннетпен жүруді бұйырып, бидғаттан аулақ болуды әрдайым қатал ескертіп отырған. Муслим 2/592, Нәсаи 3/188.

Сол себептен алғашқы және кейінгі буын имамдары Сүннетпен жүрудің маңыздылығына және діндегі бидғаттың қауіптілігіне үнемі аса мән беріп, бұл жайында жеке-жеке еңбектер жазып, хадис жинақтарында бұл тақырыпқа қатысты бүтіндей тараулар арнап отырған. Өйтпеске амал жоқ, себебі Ислам үмметіне діни жаңалықтар таралмас бұрын Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бидғаттан қатал түрде алдын-ала сақтандырып, бұл тақырыпқа зор мән берген!

Көптеген мұсылмандар діни жаңалық күпірлікке апаратын ең үлкен себептердің бірі екенін, оның аса қауіпті екенін жете түсіне бермейді. Кейде кейбір мұсылмандар сауатсыздықтың кесірінен тіпті дінде жақсы бидғат (бид’а хасана) бар деп те ойлайды.

Исламда «бидғат» тақырыбын оқып-білу маңызды. Өйткені осы біліммен адамның бұл дүниеде адасушылықтан, ал о дүниеде азаптан аман қалуы байланысты. Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық жайында сұрайтын, ал мен болсам одан жамандық жайында сұрайтынмын. Өйткені жамандықтың басыма төнуінен қорқушы едім». Бухари 3606, Муслим 5/20.

Яхья ибн Му’аз былай деген: «Адамдардың бүкіл талас-тартысы үш негізге келіп тіреледі, ал осы негіздердің әрқайсысының қарама-қарсысы бар. Сонда адам осы негіздердің қайсыбірінен шығатын болса, міндетті түрде сол негіздің қарама-қарсысына кіреді. Бұл үш негіз келесілер: Таухид (бірқұдайшылық), оның қарама-қарсысы – ширк (көпқұдайшылық); Сүннет, оның қарама-қарсысы – бидғат; және Аллаһқа бойұсыну, оның қарама-қарсысы – күнәлар!» Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/91.

Бидғаттың мән-жайын оқып білу, әсіресе, қазіргі уақытта өте өзекті болып тұр. Өйткені бидғат, өкінішке орай, Ислам үмметінде тарап кетті. Оның тамыр жайғаны тіпті соншалық – кейбір бейхабар мұсылмандар кейбір бидғаттарды Сүннет деп санай бастады! Субхан-Аллаһ, даңқты сахаба Хузайфаның: «Аллаһпен ант етемін, бидғаттардың жайылатыны соншалық – егер біреу бидғаттардың қайсыбірін тастаса, оған: «Сүннетті тастап қойды!», - дейтін болады!», - деп айтып кеткендерін өз көзімізбен көріп тұрғандаймыз! Ибн Уәддах «әл-Бида’» 162.

Аллаһ Тағаланың қалауымен, осы еңбекте «Бидғат деген не?», «Ол қандай түрлерге бөлінеді?», «Діни бидғаттың кез келген түріне шариғат қаншалықты қатал түрде тыйым салады?» және «Исламда жақсы бидғат бар ма?» деген сауалдардың айналасында сөз өрбітеміз.

Ұлы Аллаһ Тағаладан осы бір шағын еңбекті берекелі әрі оны оқып шыққан әрбір мұсылман үшін пайдалы етуін сұраймыз!


«Бидғат» (әл-бид‘а) терминінің тілдік және шариғи анықтамалары
«Әл-бид‘а» терминінің тілдік анықтамасы
Ибн Фәрис былай деген: “Егер мен сөзбен немесе іспен менен бұрын ондайды ешкім жасамаған бір нәрсе жасаған болсам, онда: «Мен бид’а жасадым», - деп айтылады”. Қараңыз: “Му’жам әл-мәқаиис” 119.

Имам әт-Туртуши: “«Әл-бид’а» сөзі – бұл оған дейін болмаған, ойлап табылған нәрсе”, - деп айтқан. Қараңыз: «әл-Хауадис уәл-бида’» 40.

Хафиз Ибн Хәжар былай деп айтқан: «Әл-бид’а» сөзінің көпше түрі болып табылатын «әл-бида’» (енгізілген жаңалықтар) туралы айтар болсақ, бұл (сөз) – оған дейін ешбір нұсқасы болмаған барлық нәрселерді қамтиды. Әрі тілдік мағынада бұл сөз өзіне мақтаулы нәрсені де, айыпталатын нәрсені де қамтиды. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 13/340.

«Бид’а» сөзі тілдік мағынасында Құранда да келеді. Мысалы, мына аятта: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші» («әл-Бақара» сүресі, 117-аят).

Яғни Аллаһ Тағала аспан мен жерді оған дейін болмаған күйде жаратты.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мұхаммед, оларға) айт: “Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін”» («әл-Ахқаф» сүресі, 9-аят).

Яғни: «Мен адамдарға жіберілген алғашқы пайғамбар емеспін», - де.

«Әл-бид‘а» терминінің шариғи анықтамасы

«Әл-бид‘а» сөзінің шариғи анықтамасына келер болсақ, ол – дінге жаңадан енгізілген, бірақ Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңды етіп бекітпеген кез келген нәрсе.

Имам әл-Жәухари былай деген: “«Әл-бәди’» және «әл-мубтәди’», сондай-ақ «әл-бид’а» сөзі – бұл дін тамамдалып болғаннан кейін оған бір нәрсені енгізу. Қараңыз: “ән-Ниһая” 1/107.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: “Дінге енгізілген жаңалық (бид’а) – бұл Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңды етіп бекітпеген нәрсе, әрі бұл – оған ешқандай бұйрық келмеген, парыз да емес, мустахаб1 та емес нәрсе”. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуа” 4/107.

Хафиз Ибн Ражаб былай деген: “(Дінге) енгізілген жаңалық (бид’а) – бұл дінге енгізілген әрі шариғатта ешқандай негізі болмаған нәрсенің барлығы. Ал шариғатта нұсқалған негізі бар нәрсеге келер болсақ, ол шариғатқа енгізілген жаңалық болып есептелмейді, тіпті ол тілдік тұрғыдан жаңалық деп аталса да”. Қараңыз: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам” 265.

Имам әш-Шәтыби: “Бидғат – бұл діндегі заңды етіп бекітілген жолға еліктеп, Аллаһқа барынша көп құлшылық ету мақсатымен ойлап табылған әрі жаңадан жасалған жол”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/51.

Жол дегеніміз – бұл үстімен жүруге арналған белгілі бір бағыт. «Діндегі жол» деп айтылған, өйткені әлгі жолды ойлап табушы әрі жаңадан жасап шығарушы оны Исламға теліп, шынайы діни жол деп көрсеткісі келеді.

«...Заңды етіп бекітілген жолға еліктеп» - өйткені ойлап табылған жол бекітілген жолға ұқсайды, бірақ ол емес.

«...Аллаһқа барынша көп құлшылық ету мақсатымен...» - яғни жаңадан жол ойлап табушы мен сол жолға ерушінің сылтауы – Аллаһқа көбірек және жақсырақ құлшылық ету.

«...Ойлап табылған әрі жаңадан жасалған...» - яғни дінде негізі жоқ, Исламда белгісіз болған.

Шейх әл-Әлбани былай деген: “Шынында, шариғат адасу деп атаған діндегі жаңалық (әл-бид’а) – бұл Сүннетке сай келмейтін істер, сөздер мен сенімдер, тіпті ол ижтиһадтың нәтижесінде болса да”. Қараңыз: “Әхкамул-жәнаиз” 242.

Сонымен діни жаңалық (әл-бид’а) – бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың уақытында белгілі болмаған кез келген сөздер, істер мен наным-сенім арқылы Аллаһқа жақындауға ұмтылу. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/64, 1/227.
Дүниелік (тұрмыстық) мәселелерде жаңалық енгізу рұқсат етілген, тіпті мақтаулы
Жоғарыда айтылған «әл-бид’а» (енгізілген жаңалық) сөзінің шариғи анықтамасы автомобиль, компьютер, тоңазытқыш, көзілдірік, киім және т.б.с. тұрмыстық және дүниелік жаңалықтарға қатысты емес екенін білу қажет, өйткені бұл нәрселер тұрмыстық мәселелерге қатысты болып табылады және шариғатқа телінбейді әрі өздігінен Аллаһқа жақындау құралы болып табылмайды. Бұл - дінге емес, тұрмысқа қатысты жаңалықтар.

Әнас пен ‘Айшадан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер мәселе дүниелік тұрмыстарыңа қатысты болса, ол туралы өздерің жақсырақ білесіңдер, ал егер мәселе діндеріңе қатысты болса, оны маған қайтарыңдар!» Ахмад 5/298, Ибн Мәжаһ 1/117, Ибн Хузайма 410. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 767.

Жоғарыда айтылғанның барлығы «Аллаһ Тағаланың дініндегі негіз – Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған кез келген амалды істеуге тыйым салынған» дегенге нұсқайды. Ал барлық тұрмыстық және дүниелік мәселелерге келер болсақ, Аллаһ Тағала оны рұқсат етіп қойды, әрі кез келген дүниелік нәрселердің тыйым салынғандығына дәлел келмейінше, ол рұқсат етілген болып қала береді. Бұл ережеге көптеген дәлелдер бар. Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол (Аллаһ) сондай – жер бетіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты» («әл-Бақара» сүресі, 29-аят).

Имам әш-Шәукани былай деп жазған: “Осы аят жаратылғанның барлығы өз негізінде хәлал екеніне дәлел болады, тек қана оны осы негізден тыс шығаратын дәлел келмесе ғана. Әрі бұда жануарлар мен басқа кез келген пайдалы заттардың арасында ешқандай айырмашық жоқ. Әрі «жер бетіндегі барлық нәрсе» деген сөздер бұған өте күшті дәлел болып табылады”. Қараңыз: “Фәтхул-Қадир” 1/98.

Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Аллаһ Тағала Өз Кітабында рұқсат еткен нәрсесі – рұқсат етілген, ал тыйым салған нәрсесі – тыйым салынған. Ал Аллаһ Тағала айтпай кеткен нәрселерге келер болсақ – олар да рұқсат етілген. Ендеше, осыны Аллаһтан қабылдаңдар, өйткені, расында, Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды!”, - деді де, «Раббың ұмытпайды» («Мәриям» сүресі, 65-аят), - деген аятты оқыды. әл-Хаким 2/375, әл-Бәззар 123. Хадистің сенімділігін имам әл-Бәззар, имам әд-Дарақутни, имам әл-Хаким, қады Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби, имам ән-Нәуауи, шейх Ибн әл-Қайим, хафиз Ибн Кәсир, имам әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани растаған.

Бидғаттың түрлері туралы
Бидғат сенімде, сөздерде және амалдарда болады
Діни бидғат сенім мәселелерінде, сөздерде және амалдарда болады. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Бидғат екі түрлі болады: сөздерде, сенімде, сондай-ақ амалдар мен құлшылықта”. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 22/306.

Шейх ‘Али Мәхфуз: «Бидғат екі түрлі болады: сенімде және амалдарда. Сенімдегі бидғат – бұл Пайғамбар мен сахабалар сенген нәрсеге қайшы келетін нәрсеге сену. Әрі мұндай сенімдегі бидғат амалдағы бидғаттармен қоса көрініс табады ма, жоқ па – бұл маңызды емес», - деп айтқан. Қараңыз: «әл-Ибда’» 54.

Сенімдегі бидғаттың мысалы ретінде хауариждердің, му’тазилилердің, қадарилердің, рафидилердің, муржилердің және т.б. сол сияқты ағымдардың бидғаттарын келтіруге болады.

Амалдардағы бидғатқа келер болсақ, ол туралы шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай деген: «Амалдардағы бидғат – бұл дінде Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бекітпеген құлшылықты бекіту. Шариғатта орындалуы парыз немесе мустахаб екендігін көрсететін бұйрық болмаған кез келген құлшылық – амалдардағы бидғатқа жатады». Қараңыз: “Фәтауа әс-Са’дия” 63-64.

Сөздердегі бидғатқа келер болсақ, оларға жоғарыда айтылған ағымдардың сенім мәселесіндегі адасушылығынан келіп шығатын сөздері жатады. Сондай-ақ сөздердегі бидғатқа Аллаһты еске алу сөздерінің (зикр) шариғатта бекітілмеген кез келген түрі жатады.
Бидғаттың Исламнан шығарып жіберетін және шығарып жібермейтін түрлері бар
Бидғат түрлерінің ішінде ең қауіптісі – сенімдегі бидғат, себебі сенімдегі бидғаттың ішінде Исламнан шығарып жіберетіндей сенімдер бар. Шейх Ибраһим әр-Руһайли хафиз Ибн Ахмад әл-Хакамиге сүйеніп, былай дейді: «Діндегі бидғат екі түрлі болады: діннен шығаратын және діннен шығармайтын. Діннен шығаратын бидғаттың шекарасы туралы айтар болсақ, оған мынадайлар жатады: ол туралы көптеген жолдармен жеткен әрі дін ережелерінен белгілі болған бірауызды келісім (ижма’) бар амалды жоққа шығару. Мысалы, қандай да бір міндетті жоққа шығару немесе міндетті емес нәрсені міндетті ету. Тыйым салынған нәрсені рұқсат ету немесе рұқсат етілген нәрсені тыйым салу. Аллаһқа қатысты Аллаһ, Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және Құран теріске шығаратын сенімге ие болу, ол сенім мейлі бекіту болсын, мейлі жоққа шығару болсын – бәрібір. Өйткені осыда Құран мен Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) елшілігін өтірік деп жариялау бар. Оған мысал ретінде Аллаһтың сипаттарын жоққа шығаратын, Құранды жаратылыс деп есептейтін және Аллаһтың кез келген сипатын жаратылған деп санайтын жәһмилердің сенімін келтіруге болады». Қараңыз: «Мәуқиф әһл әс-Сунна уәл-жәма’а мин әһлил-әһуа уәл-бида’» 1/105.

Діннен шығаратын сенімдегі бидғатқа мысал ретінде шейхул-Ислам Ибн Тәймияның шектен шыққан жәһмилердің сенімі туралы айтқан сөздерін келтіруге болады: «Сәләфтар мен имамдардан Аллаһтың сипаттарын жоққа шығаратын анық жәһмилерді күпірлікте айыптау туралы хабарлар жеткен. Олардың «Аллаһ сөйлеспейді, көрмейді, Оның жаратылыстардан айырмашылығы жоқ, білімі жоқ, құдіреті жоқ, күші жоқ, Ол естімейді, өмір сүрмейді» деген сыңайлы сөздері бар. Олар «Құран жаратылған, тозақтықтар Аллаһты көрмейтіні сияқты жәннаттықтар да Аллаһты көрмейді» деген және т.б. осыған ұқсас сөздер айтады». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 3/358.

Исламнан шығармайтын, бірақ адасушылыққа салатын бидғаттарға келер болсақ, олар хафиз Ибн Ахмад әл-Хәками айтқандай, - бұрыс түсінік (тауил) пен әуес-қалаулардың (һәуа) салдары болып табылатын, бірақ Құранның немесе Аллаһ Өз пайғамбарына түсіргеннің ішінен еш нәрсені жоққа шығаруға алып бармайтын нәрселер. Қараңыз: “Мә’ариж әл-қабул” 2/617.

Муслим жеткізген хадисте (2/592): «Әрбір бидғат – бұл адасушылық», - деп айтылғандай, кез келген бидғат – адасушылық болғанымен, олар күнә мен күпірлік дәрежесі бойынша өзара ерекшеленеді. Имам әш-Шәтыби былай деп айтатын: “Бидғаттар айыптау мен тыйым салу тұрғысынан бірдей емес екендігі түсінікті болды, әрі олардың ішінде айыпты болып табылатындары да бар, сол сияқты тыйым салынған болып табылатындары да бар. Дегенмен, қалай болғанда да олар адасушылық деп аталады”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/362.


Бидғаттың ешқандай негізі жоғы және негізі бар нәрсеге қосылғаны болады
Бидғаттың ешқандай негізі жоғы (әл-бид’а әл-хақиқия) және шариғатта бекітілген белгілі бір құлшылыққа қосымша қосылғаны (әл-бид’а әл-идафия) сияқты түрлері бар. Қараңыз: “Танбих улил-әбсар” 96, “Нур әс-Сунна” 41.

Өкінішке орай, шариғатта ешқандай негізі жоқ бидғаттар (әл-бид’а әл-хақиқия) өте көп. Әрі олар – заңды екеніне не Құранда, не Сүннетте, не бірауызды келісімде нұсқауы болмаған нәрселер. Олардың қатарына Аллаһқа пірадарлық (монахтық өмір) арқылы жақындауды, хәлал етілген дүниелік нәрселердің әлдебіреулерін өзіне тыйым салып, осыны игілік деп санауды және т.б. жатқызуға болады. Мысалы, имам Мәлик (біреулер) күннің астында тұруды, сөйлемеуді немесе белгілі бір жерге жаяу баруға нәзір беруді құлшылыққа жатқызған кезде, мұны күнә деп атап, оларға тыйым салатын. Имам әш-Шәтыби имам Мәликтің сөзін келтіріп былай деген: «Мәликтің күннің астында тұруды, сөйлемеуді және Шамға, не Мысырға жаяу баруға нәзір етуді тыйым салғаны, әрі бұлардың барлығын күнә деп атағаны жайлы ой толғаңдаршы! Бұл амалдар өз негізінде хәлал болып табылады, алайда (біреулер) оларды дінге теліп, сол арқылы Аллаһқа құлшылық етуді шешкен кезде, имам Мәлик оларды күнә деп атады”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/534.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия: “Жүннен тоқылған киімді Аллаһқа құлшылық ретінде кию – бидғат”, - деп айтқан. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 11/555.

Имам әш-Шәтыби дінге енгізіліп, кейіннен шариғаттың бір бөлігіне айналдырылған бидғаттың түрлерін атап, былай деді: “Бұлардың қатарына белгілі бір нәрселерді қатаң белгіленген үлгіде ұстану жатады, мысалы, Аллаһты көпшілік болып бір дауыспен зікір ету немесе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күні – мәулітті мейрам (‘ид) етіп алу”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/39.

Ал шариғатта негізі бар құлшылыққа қосымша қосылған бидғат (әл-бид’а әл-идафия) туралы айтар болсақ, имам әш-Шәтыби оның мағынасын түсіндіріп, былай деді: «Құлшылықтың негізі бекітілген, бірақ әлгі қосымшасы (тиісті) дәлелдің жоқтығы себепті шариғи негізден шығады». Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/140.

Сөйтіп, «қосымша қосылған бидғат» дегенде шариғатта негізі бар бір әрекетке араласып кеткен бидғат туралы сөз болады. Мысалы, азанның немесе намаздың (шариғат тарапынан) заңдастырылған сөздері айтылып біткен соң, оларға қосымша қосылатыны немесе тұрақты түрде орындалатыны туралы дінде еш нәрсе айтылмаған нәрселер қосылады. Имам Ибн Хәжар әл-Хайтамиден тура азан сөздерінің ішінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту туралы сұраған кезде, ол былай деп жауап берді: «Мұның (азан айтудың) негізі Сүннет болып табылады, бірақ осы түрі (азанның ішінде Пайғамбарға салауат айту) – бидғат!» Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-хадисия” 1/131.

Сондай-ақ ғалымдар бидғаттың мұндай тарауына (шариғат тарапынан) заңдастырылмаған үлгіде жасалатын намаз, ораза т.с.с түрлі құлшылық түрлерін де жатқызған. Мысалы, «рағайып» деп аталатын намаз. Бұл – кейбір білімсіз адамдар ражаб (ережеп) айының алғашқы жұмасында оқитын он екі ракағаттан тұратын намаз. Мұндай намаздың шариғатта ешқандай негізі жоқ және барлық мазһаб имамдарының пікірі бойынша, ол намаз бидғат болып табылады. Қараңыз: “әл-Фәтауа әл-кубра” 2/239, “әл-Мәдхал” 1/294.

Немесе Шағбан айының ортасына орындалатын «саләтул-бараа» (бараат намазы) деп аталатын намаз. Ол да шариғатта ешқандай негізі жоқ діндегі бидғатқа жатады. Қараңыз: “әс-Сунан уәл-мубтади’ат” 156.

Бұл мәселе барынша түсінікті болу үшін, шейх ‘Али Махфуздың өте пайдалы сөздерін келтірейік: “Жалпылама мәтіндерді Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетімен немесе істемей қалдыруымен түсіндіргеніне назар аудармай, оларға ілесу – Аллаһ Тағала тыйым салған күмәнді, анық емес (муташәбиһ) нәрсеге еру болып табылады! Өйткені егер біз нақтылауға қарамай, тек жалпылама мәтіндерге жүгінер болсақ, түбі таусылмайтын бидғатқа айқара есік ашып береміз. Мынау – біз айтып отырған нәрсеге мысал: әт-Табаранидің жинағында «Ең жақсы амал – бұл намаз» деген хадис келген. Егер осы хадистің жалпылама мәтінін алсақ, онда қалайша біз рағайып намазы мен шағбанның ортасындағы намазды (саләтул-бараа) қайтарылған бидғат дей аламыз?! Өйткені бұлар жалпылама хадистің мәтініне сүйеніп тұр ғой. Алайда ғалымдар осы екі намазды жиіркенішті, айыпты бидғат деген!

Екінші мысал: Аллаһ Тағала: «Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр!», - дейді. Ол сондай-ақ тағы бір жерде: «Аллаһты көп еске ал!», - дейді. Енді осыларға сүйеніп, екі айт намазына, күн тұтылғанда оқылатын намазға және тарауық намазына азан шақыруды шешкен біреуді елестетіп көріңізші?! Ал біз: «Сіз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан істемеген және өзгелерге де істе деп бұйырмаған істі қалайша істейсіз?», - десек, ол бізге: «Расында, муаззин (азаншы – ред.) шақырушы және Аллаһты еске алушы болып табылады!», - дейді. Енді сіз ол кісіге қалай дәлел әкелесіз, әрі оның бидғатын қалай теріске шығарасыз?!

Үшінші мысал: Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ та, Оның періштелері де Пайғамбарға салауат жолдайды. Әй, иман келтіргендер, оған салауаттар мен сәлем жолдаңдар!», - дейді. Осы сырттай және жалпылама бұйрыққа сүйеніп, намазда тұрғанда да, рукуғта да, сәждеде де және Пайғамбар өзіне салауат айтуды бекітпеген жағдайлардың барлығында салауат айтумен Аллаһқа жақындауға болады! (Бірақ) бізге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Намазды мен сендердің көздеріңше орындағандай етіп орындаңдар!», - деген хадисі белгілі бола тұра, осындай (амалдар) арқылы Аллаһ Тағалаға жақындауды орнатқан адамның намазы дұрыс бола ма?!» Қараңыз: «әл-Ибда’» 25.

Айтып жатқанымызға мысал ретінде Ибн ‘Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен мына хадисті келтірсек болады: “Бірде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтып тұрғанында, түрегеліп тұрған бір адамға көзі түсіп, ол жайында сұрады. Адамдар: “Ол – күннің астында тұруға, отырмауға, (аптаптан) көлеңкеге паналамауға, сөйлемеуге және ораза ұстауға нәзір берген Әбу Исраил ғой”, - деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оған сөйлесін, (аптаптан) көлеңкеге жасырынсын және отырсын деп бұйырыңдар, ал оразасын соңына дейін жалғастыра берсін», - деді”. Әл-Бухари 6704.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамға тек ораза ұстауды ғана бұйырып, қалғандарына тыйым салды, өйткені ораза – бұл Аллаһ жақсы көретін құлшылық. Ал оның оразадан өзге істеген амалдары – Аллаһқа жақындататын құлшылық емес еді, тіпті егер біреу оны солай деп есептесе де». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 11/614.

Имам әш-Шәтыби былай деп айтқан: “Ақиқатында, (негізі жоқ) «бид’а хақиқияның» күнәсі (негізі бар құлшылыққа қосылған) «бид’а идафиядан» гөрі ауырырақ, себебі ол анық тыйым салынған, әрі қадарилердің адасушылығы, немесе «хабар әл-ахад» хадистерді қабылдамау, немесе бірауызды пікірді мойындамау, немесе арақ-шарапты хәлал ету, немесе имамдарды күнәсіз деп айту және сол іспеттес нәрселер сияқты Сүннетке айқын қарама-қайшылық және одан шығып кету болып табылады”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/145.

Шейх Мухаммад Са’ид Раслән «бид’а идафияға» қатысты үкімдерді түсіндіріп, амал белгілі бір негізі бар құлшылықты шариғатқа деген алты тарапты сәйкессіздіктің біреуі жағынан қосу, бұрмалау немесе өзгерту себебімен бидғатқа айналады деген:

1. Себебі
Егер белгілі бір құлшылықтың шариғатта заңды етіп бекітілмеген себебі пайда болса, ол қабылданбайтын бидғатқа айналады. Оған мысал ретінде кейбір адамдардың ережеп (ражаб) айының жиырма жетінші түнін ұйықтамай өткізуін келтіруге болады. Олар мұны осы түні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілгенімен негіздейді. Таһажжуд (түнгі намаз) құлшылық болып табылады, бірақ ол әлгі себепке байланыстырылған кезде, бірден бидғатқа айналды, себебі бұл құлшылық шариғатта орнатылмаған себепке негізделіп құрылған. Әрі осы сипаттама, яғни себептің шариғатқа сәйкес келуі өте маңызды, өйткені ол арқылы қателікпен Сүннет деп саналып жүрген көптеген бидғаттар танылады.
2. Түрі (тегі)
Амал аталған құлшылықтың түрі мен тегінде шариғатқа сәйкес келуі тиіс. Егер адам Аллаһқа шариғатта бекітілмеген құлшылық түрімен жақындауға тырысса, оның істеп жатқан сол құлшылығы қабыл болмайды. Бұған мысал ретінде кісінің Айт күні жылқыны құрбандыққа шалуын келтіруге болады. Оның құрбандығы дұрыс болып саналмайды, өйткені шариғатқа деген сәйкессіздік бұл жерде құрбандыққа шалынатын малдың түрі мен тегінде болып тұр, себебі Құрбан айтта (‘Ид әл-Адха) үш түрлі малдың еркегі мен ұрғашысын ғана шалуға болады, олар: түйе, сиыр және қой (ешкі).
3. Мөлшері (саны)
Егер шариғат белгілі бір құлшылықтың мөлшерін (санын) бекітіп қойған болса, онда орындау кезінде оның мөлшерін көбейтуге де, азайтуға да болмайды. Егер біреу бекітілген парыз намаздарға қосымша тағы да парыз намазды жүктегісі келсе немесе бекітілген парыз намаздардың ракағат санын көбейткісі келсе, оның намазы қабыл болмайды, себебі ол шариғатта бекітілген мөлшерге қайшы келіп тұр. Мысалы, адам бесін (зуһр) намазының парызын бес ракағат етіп оқитын болса, оның намазы қабыл болмайды.
4. Кейіпі (орындалу тәртібі)
Дінде бекітілген белгілі бір құлшылықтың ретін (тәртібін) өзгертуге болмайды. Мәселен, намазды ташаһһудпен бастап, содан кейін рукуғ пен сәжде жасауға болмайды. Сондай-ақ егер кісі дәрет алуды аяқты жуудан бастап, содан соң басына масих тартып, сосын екі қолын жуып, бетін жуумен аяқтаса, онда ғалымдардың ең дұрыс пікірі бойынша оның дәреті жарамсыз болады. Өйткені дәрет алудың (мұндай) тәртібі осы құлшылықты орындаудың Құран мәтінімен бекітілген үлгісіне қайшы келеді.
5. Уақыты
Мысалға, егер бір кісі құрбандықты зул-хижжа айының алғашқы күндерінде шалатын болса, оның құрбандығы қабыл етілмейді, өйткені шариғат бұл құлшылыққа нақты бір уақыт белгілеп қойған.

Құрбан Айт күнінде құрбан шалу (әл-удхийя), немесе әл-Харамдағы Қаситетті мешітке жіберілетін малдарды құрбан шалу (әл-хадьи), немесе бала туылуына байланысты құрбан шалу (әл-ақиқа) арқылы Аллаһқа жақындау шариғатта бекітілген екенін білу қажет. Ал құрбан шалудың Аллаһқа құлшылық ету және жақындау мақсатымен және осы үшін сауап алуды үміт етіп жасалатын қандай да басқа түрлеріне келер болсақ, олар бидғат болып табылады.

Ал ет үшін мал союға келер болсақ, бұл кез келген уақытта рұқсат етілген, әрі бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ.
6. Орыны (мекені)
Егер адам мешіттен басқа жерде иғтикаф2 жасаса, немесе қажылық кезінде Арафат тауында тұру ниетімен Арафат тауынан басқа жерде тұрса, немесе Қағбадан басқа жерде тауап жасаса, оның істеген құлшылықтары шариғат бекіткен орында жасамағандығы себепті қабыл болмайды.

Амал ізгі әрі Аллаһтың алдында қабыл болуы үшін негізгі екі шартқа сай келуі қажет, олар: ықыластылық және Сүннетке сай болу. Ал амал осы алты тармаққа сәйкес келмейінше Сүннетке сай болуы мүмкін емес. Сондықтан да амал себебінде, не түрінде, не мөлшерінде, не тәртібінде, не уақытында, не орнында шариғатта бекітілген (үлгіге) сәйкес келмесе, ол Сүннетке сай келу шартына сәйкес болмауы себепті жарамсыз болады. Толығырақ “Рисалә фил-бид’а уәл-мубтади’ин” 360-362 кітабын қараңыз.


Діни бидғаттың қауіптілігі және ол қатал түрде тыйым салынғандығы жөнінде


Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет