Діндегі бидғат (әл-бид’а) және оның түрлері туралы


Егер бидғаттан сақтандырмаса, онда білімсіз адамдар оны ақиқат деп қабылдап қалады



бет5/8
Дата10.12.2016
өлшемі1,65 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8

Егер бидғаттан сақтандырмаса, онда білімсіз адамдар оны ақиқат деп қабылдап қалады

Имам әл-Әуза’и былай деп айтқан: «Егер бидғаттар таралса және білім иелері мұны сөкпесе, онда адамдар бидғатты Сүннетке айналдырады». Қараңыз: “Шәрафу әсхабил-хадис” 19.

Имам Ибн Қутайба былай деген: «Ақиқатында, өтірік туралы үнсіз болсаң, ол бекемдей береді!» Қараңыз: “әл-Ихтиләф фи-лләфз” 60.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Өтірік айтылып, ақиқат айтылмай үнсіз қалған кезде, бұл ақиқатты білмеушілікті туындатады және адамдардардың адасуына алып келеді !» Қараңыз: “әс-Сауа’иқ әл-мурсала” 1/315.



Адасқандарды теріске шығарып, олардаң сақтандыру тыйым салынған ғайбатқа жатпайды

Исламды іштей қорғау өте маңызды, әрі бұл Ислам ілімін қателесіп немесе саналы түрде бұрмалайтын кісінің арынан да маңыздырақ! Имам әш-Шәфи’и былай деген: «Ғалымдар тыйым салынған ғайбаттың түрінен рұқсат етілген ғайбатты бөліп шығарған, тіпті олардың ішінде міндетті болып табылатындары да бар. Бұған шариғат мәселесінде қателескен кісінің қателігін түсіндіру жатады, себебі жеке тұлғаның қол сұғылмаушылық құқынан гөрі, діннің қол сұғылмаушылық құқығы маңыздырақ!» Қараңыз: “әл-Умм” 7/90.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Хасан әл-Бәсри және басқа да имамдар айтқанындай, егер адам күнәні ашық әрі айқын жасайтын болса, оның бидғаты мен бұзықтығын әшкерелеп, ол туралы хабарлау ғайбатқа жатпайды. Мұндай адам мұсылмандардың жазалауына лайықты, әрі адамдар одан сақтанып, аулақ болу үшін, оған ең кем дегенде сөгіс білдірілуі керек. Егер ол адамға тиесілі азғындығы күнәлары немесе бидғаттары айыпталмаса және атап айтылмаса, адамдар оған алданып, осыда оған еріп кетуі мүмкін». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 15/268.
Бидғатқа шақыратын және бидғатқа шақырмайтын бидғатшының арасындағы айырмашылық туралы
Кез келген бидғат адасушылық екеніне қарамастан, олар күнәсінің дәрежесі бойынша әртүрлі болатыны жайлы жоғарыда айтылып кеткен болатын. Имам әш-Шәтыби былай дейтін: «Бидғаттар сөгіс білдірілуі және тыйым салынғандығы тұрғысынан тең емес екені анық болды, әрі олардың ішінде сөгіс білдірілетіндері де бар, тыйым салынғандары да бар. Дегенмен, қалай болғанда да, олар бәрі-бір адасушылық деп аталады». Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/362.

Өз бидғатында күпірлік шегіне жеткендердің бидғаты құлшылық амалдарында бидғат істеушілердің, мысалы, бір мәжілісте бір дауыспен Аллаһты зікір ететіндердің, рағайып намазын оқитындардың бидғатындай емес екеніне күмән жоқ.

Бірақ мұсылмандардың ішінде бидғатшылардың айырмашылығын ескермей, барлығын бір қатарға қоятындар бар. Мәселен, олардың ойынша Аллаһты зікір еткенде саусақпен емес, тәспімен санайтын адам мен өз бидғатында қайтыс болған ұстаздарынан дұға тілейтін сопы бірдей. Бұл өрескел қателік. Сәләфтар мен имамдар бидғатқа шақыратын адам мен қарапайым бидғат істеушінің арасын жиі бөліп қарайтын. Әбу Дәуд былай деген: “Имам Ахмадтан: «Қадариден хадис жазып алуға болады ма?», – деп сұраған кезде, ол: «Егер ол өз бидғатына шақырмайтын болса ғана», - деп жауап берген”. Қараңыз: “Суалат Әби Дәуд” 198.

Дәуд ибн әл-Хусайн туралы имам Ибн Хиббан: «Ол хауариждердің көзқарастарын ұстанған, бірақ ол жеткізген барлық хадистерді қабылдамай қалдырған адам – қателеседі, себебі ол өз мазһабына шақырушылардан емес еді», - деген. Қараңыз: “әс-Сиқат” 6/284.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: «Бидғатқа шақырушы адамның (соттағы) куәлігі қабылданбайды, оған ұйып намаз оқылмайды, одан білім алынбайды, оған (қамқорлығыңдағы әйел кісілер) күйеуге берілмейді деген кейбір сәләфтардың сөздері ақиқат. Олар өз істерін тоқтатпайынша, бұл олар үшін жаза болып табылады. Сол себепті сәләфтар бидғатқа шақырушы мен бидғатқа шақырмайтын адамның арасында айырмашылық жасаған, өйткені (өз көзқарастарын) жасырушы кісіден айырықша, (бидғатқа) шақырушы өз күнәларын ашық жария етті, әрі сол үшін жазаға лайықты болды». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 28/205.

Шейх Раби’ әл-Мәдхали былай деп айтқан: «Әлдебіреуді бидғатшыларға телу сәләфтар мен имамдар үшін бірдей болмаған. Керісінше, олар бидғатқа шақыратын бидғатшы мен бидғатқа шақырмайтын бидғатшының арасында айырмашылық жасаған. Олар бидғатқа шақырушыдан сақтандырып, онымен бірге отыруға және одан білім алуға тыйым салған. Бұдан қалса, егер ондай кісі өз қасарушылығын одан әрі жалғастырып, бидғатқа шақыруын тоқтатпаса, оны өлім жазасына кесуге шешім қабылдаған, өйткені ондай адам олар үшін сонысымен Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы соғысатын жол бойындағы қарақшылардан да жаман болған. Ал енді бидғатқа шақырмайтын кісіге келер болсақ, егер ол шыншыл, әрі сенімге лайықтылардың қатарынан болса, олар белгілі бір білім жоғалып кете ме деп қауіптенгендіктен және шариғатты сақтап қалу үшін, ондай кісіден білім (хадистер) алған». Қараңыз: “әл-Мәжму’ әл-уәдых” 53.

Дегенмен, бидғаты оны Исламнан шығарып жібермейтіндей болған кісінің артынан намаз оқуға болатынын ескерте кеткен жөн, себебі кез келген мұсылманның артынан ұйып оқылған намаз дұрыс болып есептеледі, тіпті ол ең пасық күнәһар болса да. Имам Ибн Хазм былай деген: «Біз Мухтарға, ‘Убайдуллаһ ибн Зайд пен Хажжажға ұйып намаз оқудан бас тартқан бірде-бір сахабаны білмейміз. Және осы үшеуі пасықтардың ішіндегі ең нашар пасықтар екеніне қарамастан, сахабалар олардың артынан ұйып намаз оқитын болған!» Қараңыз: “әл-Мухаллә” 4/214.

Хасан әл-Бәсриден бидғатшыға ұйып намаз оқу туралы сұраған кезде, ол: “Ұйып оқи бер, ал оның бидғаты өзіне қалады”, - деп жауап берген. Әл-Бухари 1/238.


Бидғат істеген әрбір адам бидғатшы бола бермейтіні туралы
Осыдан алдынғы «Бидғатты жақтаушылардың Исламдағы үкімі туралы», сондай-ақ «Діни бидғаттың қауіптілігі және оған қатаң тыйым салынғандығы туралы» тарауларынан Ислам дінінде бидғат пен бидғатшының жағдайы қаншалықты қауіпті екенін және бұл күпірлік пен көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә екені айқын болады. Сол себепті бидғатта айыптау (табди’) Исламда ешқандай да жеңілтек іс бола алматынын ұғынып алу қажет! Сүннет имамы – Ахмад ибн Хәнбал: «Адамдарды Сүннеттен шығару – салмақты іс!», - деген. Әл-Халләл “әс-Сунна” 2/373.

Егер кісі өз негізінде әһлю-Сунна мен сәләфиядан болса, бірақ қателессе немесе тіпті бидғат жасап қойса да, ол бірден бидғатшы бола қалмайды. Сондықтан шейх әл-Әлбани жиі-жиі: «Бидғат істеген әрбір адам бидғатшы бола бермейді!», – деп айтатын. Тыңдаңыз: “әл-Бид’а уәл-мубтади’ун”.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия қателері кешірілетін кісілерді атап өтіп, былай деді: “Қатесі кешірілетіндердің қатарына дінге жаңалық енгізіп, бірақ сол бидғаты арқылы Исламның бірлігін бұзбай, әрі сол бидғатын достықтың немесе қастықтың негізі етіп алмаған кісілер жатады. Мұндай қателеліктер әдейі істелмеген қателіктердің қатарына жатады, ал Пәк Аллаһ Тағала мүміндердің ондай қателіктерін кешіреді. Мұндай қателіктерді Кітап пен Сүннетте бекітілген нәрсеге қайшы келетін өзіндік ижтиһад негізінде қалыптасқан көзқарастары болған осы үмметтің сәләфтары мен жетекшілерінің көпшілігі істейтін еді, оларға қарама-қайшы болғандар - өздерімен келісетіндермен достасып, өздеріне қайшы келетіндермен қастасып, әрі осылайша мұсылмандардың бірлігін бұзатындар”. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 3/349.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия сондай-ақ былай деген: “Сәләфтар мен кейінгі ұрпақтардан болған көптеген мужтәһидтер бидғатқа жататын сөздер айтқан, не істер істеген. Олардың өйтулерінің себебі: әлсіз хадистерді сенімді хадис деп есептегендіктен; немесе аяттың (шынайы) мағынасына сай тәпсірлемегендіктен; немесе өзі пайымдаған қате пікіріне байланысты оларға Құран мен Сүннеттің мәтіні жетпегендіктен. Әрі егер кісі Раббысынан өз мүмкіндігінше қорықса, ол Аллаһ Тағала олар туралы: «Раббымыз, егер ұмытсақ, не жаңылсақ бізді жазалай көрме!», - деп айтқан кісілердің қатарына жатады. Ал хадисте: «(Аллаһ): «Мен мұны істеп қойдым!», - деп жауап», - берді деп айтылады”. Қараңыз: “Мә’ариж әл-усул” 43.

Ал егер бидғаттың кейбір түрлерінен тіпті сәләфтардың ішіндегі ғалымдардың өздері де қорғалмаған болса, онда өзгелер туралы не айтуға болады?!

Имам әз-Зәһаби былай деп айтқан: “Егер қандай да бір имам жеке бір мәселелерде дербес шешім шығарып, кешірілетін қателікпен қателескен әрбір жағдайда біз оған қарсы бас көтеріп, оны бидғатшы деп айыптап, онымен қарым-қатынасты үзетін болғанымызда, онда бұдан Ибн Нәср да, Ибн Мәндах та, олардан үлкендері де құтылмас еді!” Қараңыз: “Сияр а’ләм ән-нубала” 14/39.

Шейх Муқбил ибн Хади былай деп айтқан: «Егер Суннетті жақтаушы қате жіберсе, оған көзді жұмып қарау қажет. Ал оның ақиқатқа оралуына келер болсақ, бұл адамгершіліктен!» Қараңыз: “Қам’ әл-му’анид” 475.

Шейх Раби’ әл-Мәдхали былай деген: «Егер араларыңдағы біреу Сүннет жалауын көтеріп жүрушілерден болып, біз оны қатесі үшін құлататын болсақ, онда бұл хауариждердің мазһабы болады!» Тыңдаңыз: «Жәласа мә’а фәдыләту-ш-шейх Раби’», «В».

Сонымен қатар, бидғатта айыптаумен қарапайым мұсылмандар емес, бидғат, оның түрлері мен оның шарттары туралы білетін осы үмметтің ғалымдары айналысуы керек екенін де білу керек. Өйткені ғалым емес біреу білімсіздігімен өзге біреуді өз негізінде бидғат та болып табылмайтын, немесе бидғат болса да, бірақ оны істеген адам ақтауға лайық болатын, т.с.с. нәрсе үшін бидғатта айыптауы мүмкін. Сол себепті шейх Ахмад ән-Нәжми былай деген: «Белгілі бір кісіні ғалымдар бидғатта айыптағаннан кейін ғана оны бидғатпен сипаттауға және бидғатшыға бойкот жасауға болады. Әрі сендер, әй, жас білімгерлер, кез келген адамды бидғатқа айыптауға асықпаңдар, тіпті ол шынымен бидғат істейтін болса да! Алдымен ғалымдарға көрсетіңдер, әрі олар сендерді құптасын, онсыз еш нәрсе істемеңдер!» Қараңыз: “Фәтауа әл-жәлия” № 93.

Кісі бидғатшыға айналатын шарттар

Шейх Нәсыруддин әл-Әлбани былай деп айтқан: «Бидғатшыға қатысты екі шарттың болуы қажет:



Біріншісі, ол кісі мужтаһидтердің қатарынан болмауы тиіс, керісінше, әуес-қалауға ерген болуы шарт.

Екіншісі, бидғат ол кісінің табиғаты мен әдеттегі кейіпі болуы шарт». Тыңдаңыз: “Силсила әл-һуда уа-ннур” № 785.
Бидғатшылармен дос болудың, араласудың және тартысудың, сондай-ақ олардың еңбектерін оқудың, үнтаспаларын тыңдаудың, сайттарына кірудің қауіптілігі туралы
Бидғатшылармен дос болудың қауіптілігі туралы
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Адам өз досының дінінде. Сондықтан әрбірің өз жақын достарыңның кім екеніне қарасын!» Әбу Дәуд 4833, әт-Тирмизи 2378. Хадистің сенімділігін имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хәжар, имам Ибн Муфлих, хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани растады.

Хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр былай деп жазған еді: «Бұл хадистің мағынасы, - бірақ Аллаһ жақсырақ біледі, - мынада: адам өз досынан көрген нәрсеге үйреніп қалады. Дінге де үйреніп қалуға болады, міне, сондықтан мұсылман адам тек жақсы нәрсе көрсете алатын адаммен ғана дос болуға бұйырылған, өйткені жақсы нәрсеге де үйреніп қалуға болады». Қараңыз: “Бәхжатул-жәлисин” 2/751.

Имам әл-Хаттаби былай деген: «Адам өз досының дінінде» деген сөз – сен тек діні мен тақуалығына разы болған адаммен ғана дос болуға рұқсат етілетіндігін білдіреді. Досың міндетті түрде сені өз дініне, өз жолына тартады, сондықтан өз тақуалығыңа сеніп, алданып қалма, өзіңді қатерге душар етпе және діні мен жолына разы болмаған біреуді өзіңе дос қылма! Суфьян ибн ‘Уяйна осы хадиске қатысты былай деп айтылғанын жеткізеді: “Перғауынға және оның қасында болған Хаманға қараңдар! Әл-Хажажға және одан да жаманырақ болған Йәзид ибн Әбу Муслимге көз салыңдар! Сулайман ибн ‘Абдул-Мәликке және оны үнемі түзетіп отыратын серігі Ража ибн Хайға қараңдар!” Махаббаттың «хилләт» деп аталуының себебі – махаббат пен ұнату сезімі адамның жүрегіне кіріп, өз тамырын жайып нығаятындықтан деп айтылады, әрі бұл бауырластық сезімінің ең жоғарғы сатысы. Негізінен, адамдар бір-біріне бөтен, ал егер олар танысып, одан әрі достаса бастаса, бір-біріне жақын болып кетеді. Егер араларында ұқсастық байқалса, олар бір-бірін жақсы көретін достарға айналады. Егер бұл сезім әрі қарай нығайса, онда олардың арасында «хилләт» деп аталатын нәрсе пайда болды деуге болады”. Қараңыз: “әл-‘Узла” 56.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүміннен басқа досың болмасын және тамағыңды тақуадан басқа ешкім жемесін!» Әбу Дәуд 4832, әт-Тирмизи 2395. Хадистің сенімділігін Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Зәһаби, Ибн Муфлих және әл-Әлбани растады.

Ибн Мәс’уд былай айтады: “Адам туралы оның досына қарап бағалаңдар, өйткені адам өзіне ұқсайтын адамдарды ғана дос тұтады!” Қараңыз: “Тәфсир әл-Қуртуби” 4/281.

Әл-Ә’маш былай деп айтқан: «Сәләфтар белгілі бір адам туралы тек мына үш сұрақты қоятын еді: ол қай жерлерде жүреді, ол кімді зиярат жасайды және қандай адамдарды жақсы көреді». Ибн Батта “әл-Ибана” 2/452.

Суфьян әс-Сәури былай деген: «Адамның әдепсіздігіне немесе ізгілігіне достан артық әсер ететін ешкім жоқ!» Қараңыз: “әл-Ибәнә” 2/476.

Танымал табиғин-имам Са’ид ибн Жубайр былай деген: «Мен үшін баламның құлшылықта ынталы бидғатшымен дос болғанынша, күнәһар суннитпен дос болғаны жақсырақ!» Ибн Батта “әл-Ибана” № 89.


Бидғатшылардың жиналыстарында болудың және олармен араласудың қауіптілігі туралы
Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қадарилер осы үмметтің отқа табынушылары. Олар ауырып қалса, зиярат етпеңдер, ал қайтыс болса, жаназасына бармаңдар!» Әбу Дәуд 4691, әл-Хаким 1/15, Ибн Әбу ‘Асым 339. Хадисті имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи, хафиз Ибн Хәжар мен шейх әл-Әлбани жақсы деді.

Әл-Фудайл ибн ‘Ийяд былай деген: «Расында, Аллаһ зікір етілетін жиналыстарды іздейтін Аллаһтың періштелері бар! Ендеше, кімдермен бірге болғаныңа қара! Бидғатшылармен бірге болма, өйткені, шын мәнінде, Аллаһ Тағала оларға қарамайды! Бидғатшылармен бірге болу – екіжүзділіктің белгілерінен. Мен адамдардың ішіндегі ең жақсыларын көріп үлгердім, олардың барлығы әһлю-Суннадан еді және олар бидғатшылармен бірге болуға тыйым салатын!» Қараңыз: “Хильятул-әулия” 8/104.

Ол сондай-ақ былай деп айтқан: «Жүрегіңді бүлдіретіндермен бірге отырудан сақ бол!» әл-Ләлакаи 262.

Суфьян әс-Сәури: «Кімде-кім біле тұра өз құлағын бидғатшыға бұрса, Аллаһтың қорғауынан тыс қалып, өз-өзіне тапсырылады!», - деп айтатын. Әз-Зәһаби “әс-Сияр” 7/261.

Қаншама мұсылман белгілі бір адамның жақсы мінез-құлқына алданып, тура жолдан ауытқып кетті! Ғибрат ретінде Яхъя ибн Мә’инның айтқанын келтірейік: “Бір күні мен ‘Абдур-Раззақтың аузынан шиғалар айтатын бір сөзді естіп қалып: «Сенің хадистерді жеткізген ұстаздарыңның барлығы сенімге лайықты еді, әрі олар әһлю-Суннадан болды: Мә’мар, Мәлик, Ибн Журайж, әс-Сәури, әл-Әуза’и. Ал мына мазһабты кімнен алдың?», – деп сұрадым. Сонда ол: «Бірде бізге Жә’фәр ибн Сулайман келген болатын, мен оны лайықты әрі жақсы мінез-құлықты екенін көрдім. Осыны содан алдым», - деді”. Қараңыз: “әт-Тахзиб” 611.

Әһлю-Сунна имамы Ахмад ибн Хәнбал адамдарды Харис әл-Мухасабидің ақидасынан сақтандырып, тіпті онымен бірге отыруға да тыйым салған. Ал оған Харис Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтатындығы әрі діндар екендігі туралы айтылғанда, Ахмад қатты ашуланып: “Оның жуастығы мен жұмсақтығы сендерді адасушылыққа салмасын! Расында, ол жаман адам. Сендер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтатын кез келген бидғатшымен бірге отыра бересіңдер ме?!”, – деді. Қараңыз: “Табақат әл-хәнабила” 1/233.

Имам Ибн әл-Жәузи былай деп айтқан: «Қарапайым адамдармен араласу – бұл адамның иманына әсер ететін азғыру, тек егер олармен сөйлескен кездерінде ол өзін-өзі сақтамаса. Ол өзі сөйлеуі тиіс, ал оларға тек тыңдаттырып қою қажет». Қараңыз: “Сайд әл-хатыр” 419.

Егер бұл имам қарапайым адамдармен сөйлесудің өзі мұсылманның иманы үшін қауіпті екенін байқаған болса, онда бидғатшылармен және күнәһарлармен дос болу адамның иманына қаншалықты қауіпті екені туралы не айтуға болады?!

Шейх Салих әл-Люхайданнан Сүннетті жақтаушыларымен де, бидғатшылармен де бірге отыра беретін, әрі: «Үмметті бөлуге болмайды, сондықтан мен олармен бірге отырмын!», - дейтін шариғи білім алып жүрген студенттер туралы сұраған кезде, ол былай деп жауап берді: «Ол бидғатшы! Кім ақиқат пен жалғаннан арасын ажыратпаса, әрі осыны мұсылмандардың сөзін біріктіру үшін істеп жатырмын деп мәлімдесе, сол бидғат енгізген болады. Мен Аллаһ Тағаладан оны тура жолға салуын сұраймын». Тыңдаңыз: “Дәрс бә’да салә әл-фәжр”.
Бидғатшылармен тартысудың қауіптілігі туралы
Бірде Мухаммад ибн Сиринге бір бидғатшы келіп, онымен сөйлескісі кеп тұрғаны туралы хабарланды. Бұған Ибн Сирин: “Оған: «Жоқ!», – деп айтыңдар! Маған келмей-ақ қойсын! Ақиқатында, Адам ұрпақтарының жүректері әлсіз, әрі мен одан бір сөз естіп, содан соң жүрегім бұрынғы орнына қайта келмей қала ма деп қорқамын!”, – деп жауап берді. Ибн Уәддах 60, Ибн Батта 399.

Сондай-ақ Мухаммад ибн Сирин бидғатшылардың сөздерін естігенде, саусақтарымен құлағын бітеп: «Олармен сөйлесу рұқсат етілмеген!», – деп айтқаны жеткізіледі. Қараңыз: «әл-Ибана» 2/473.

Бір күні бидғатшы бір кісі Айюб әс-Сахтияниге: “Әй, Әбу Бәкр, мен сізден бір сөз жөнінде сұрайын деп едім”, - деген кезде, Айюб қолын сілтеп: “Жоқ, тіпті жарты сөз де (айтпа)!”, – деді. Қараңыз: “әл-Ибана” 2/472.

Егер тіпті сәләфтардың қатарындағы осындай ұлы имамдардың өзі бидғатшылармен тартысудан, әрі тіпті олармен жай сөйлесудің өзінен қауіптенген болса, онда тіпті діннің қарапайым негіздерін білмейтін кісінің бидғатшылармен тартысуы туралы не айтуға болады?!

Имам Ахмад былай дейтін: «Бізде Сүннет негіздері болып табылатыны: өз әуес-қалауларына ерген адамдармен бірге отыруды тастау, әрі дінге қатысты тартыстар мен дау-дамайларды тастау». Қараңыз: “Усулю-с-Сунна” 23.

Бірде бір кісі имам Ахмадтан бидғатшылардың жалған көзқарастарын әшкерелеуге рұқсат сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Біз ғалымдардың адасқан көзқарастарға ерген кісілермен сөйлесіп, бірге уақыт өткізуді тыйым салғанын естідік те, көрдік те. Бидғатшылар мен адасқандардың көзқарастарын әшкерелеу үшін олармен бірге отыру емес, Аллаһтың Кітабындағы және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіндегі нәрселерді орындаумен шектелу қажет. Шын мәнінде, олар сені абдырауға салып қоюы мүмкін, бірақ өз бидғаттарынан қайтпайды. Сондықтан Аллаһ қаласа, олармен бірге отырмау әрі олардың бидғатын талқылауға кіріспеу жақсырақ болады». Қараңыз: “әл-Ибана әс-суғра” 1/44.

Имам Ахмад сондай-ақ былай деген: «Сүннетті, хадис пен фиқһты оқып-үйренулеріңіз керек, өйткені олар сендерге пайда әкеледі, әрі бидғатшылармен талас-тартысқа, салғыласушылыққа түсуден сақ болу қажет!» Қараңыз: “әл-Ибана” 2/532.

Біреу: «Үмметіміздің имамдарының өздері бидғатшыларды жиі теріске шығаратын бола тұра, қалайша олармен тартысуға тыйым салады?», - деп сұрауы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын «Бидғатшыларды жоққа шығарып, олардан сақтандырудың маңыздылығы туралы» атты тақырыптан таба аласыздар.

Негізінен сәләфтар адасқан бидғатшылардың өздерімен тартысқа түспегенін, ал олардың бидғатының мәнін жұртқа түсіндіріп әшкерелегенін білу қажет. Қарапайым адамдарға осыны түсіндіріп, оларды қасіреттен аман сақтап қалу – ғалымдардың басты мақсаттарының бірі. Бұл туралы жоғарыдағы тарауларда айтылған болатын.

Ал бидғаттар мен өз құмарлықтарын жақтаушылардың өздеріне келер болсақ, олармен тартысудың және оларға бір нәрселерді дәлелдеп отырудың әрі сол арқылы білімді қорлаудың және өзіңді күмәнға салу қауіпіне түсірудің қажеті жоқ, өйткені егер Аллаһ қаласа, Ол оны ақиқат жолына салады. Бидғатшылармен таласқа түсу – оларға өз бидғаттарын нығайтып таратуға көмектеседі. Әбу Қилаба былай деп айтатын: “Өз әуес-қалауларын жақтаушыларды тыңдау арқылы оларға көмектеспеңдер! Әл-Ләлакаи 246.

Бидғатшыларды теріске шығарудың ең жақсы әдісі – оларды елемеу! Бұл туралы Айюб әс-Сахтияни былай деген: «Бидғатшыларды теріске шығарудың сөйлемеуден күштірек әдісі жоқ». Қараңыз: “әш-Шәри’а” 56.

Себебі кісі бидғатшылармен тартысқаннан кейін, олардың келтірген дәлелдерімен әсерленіп, өз дінінде босаңсуға жол беруі әрі өз сенімін (ақидасын) оларға ұнайтындай етіп «түзете» бастауы мүмкін. Бұған мысал ретінде жәһмия сектасының негізін салушы Жәһм ибн Сафуанды келтіруге болады. Оған Дирхамның бұзық идеялары жеткен кезде, ол діни мәселелердің барлығын ақылымен түсінуге тырыса бастады деп жеткізіледі. Бірде ол Үндістаннан келген «суммания» деп аталатын құдайсыздармен кездесіп қалды. Әңгімелесу барысында олар оған: «Сіз мұсылмансыз ба? Сіз Аллаһ бар дейсіз бе? Ал сіз Оны көрдіңіз бе, Оны естіп көрдіңіз бе?» деген сұрақтар қойды. Соңғы екі сұраққа Сафуан: «Жоқ, көрген жоқпын, естіген жоқпын», - деп жауап берді. Сөйтіп әлгі дінсіздер сұрақтарын жалғастырып, «Сен Аллаһты ұстап көрдің бе?» деген секілді сұрақтарды қоюды жалғастырды. Ал Сафуан: «Жоқ», - деп жауап беріп отырды. Сонда әлгілер: «Ендеше сіз Оған қалайша сенесіз?», - деп сұрады. Осы кездесудегі дінсіздердің кесірлі сұрақтарының себебімен Сафуан күдіктерге бой беріп, қырық күн бойы намаз оқымай және басқа да парыздарды орындамай, үйіне тығылып алды.

Алайда, егер бидғатшылардан біреу-міреу шынымен-ақ таласуды емес, ақиқатты білгісі келсе, онымен сол тақырыпты білетін, даналық пен жұмсақтық таныта алатын адамның пікір-талас жүргізуінде еш айып жоқ. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Раббыңның жолына даналық пен көркем үгіт арқылы шақыр! Әрі олармен көркем түрде тартыс жүргіз!» (Нәхл сүресі, 125-аят).

Имам әл-Хатыб әл-Бәғдади былай деген: «Ибн ‘Аббас ‘Али ибн Әбу Талибтің бұйрығымен хауариждермен пікірталасқа түсті. Бірде-бір сахаба ақиқатқа жету мақсатында пікірталас жүргізуге тыйым салмаған!» Қараңыз: “әл-Фәқиһ уәл-мутафақих” 1/234.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім Дәжжалдің шыққанын естісе, одан қашсын, өйткені Аллаһпен ант етейін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, содан соң оның тарататын күмәндары себепті оған ілесіп кетеді». Ахмад 19968, Әбу Дәуд 4319, әл-Хаким 4/576. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахихул-жәми’» 6301.

Имам Ибн Батта осы хадиске қатысты былай деген: “Бұл Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі! Уа, мұсылмандар, Аллаһпен ант етейін, сендердің біреулеріңнің өзі туралы жақсы ойда болуы және мәзһабының дұрыстығы оны әуес-қалауларының жақтаушыларымен бірге отырып: «Олармен айтысқым келеді, немесе оларды адасушылықтан шығарып, тура жолға салғым келеді», - деп айтып, өз дініне зиян тигізуге итермелемесін. Шын мәнінде, бидғатшылардан келетін фитна – Дәжжалдан келетін фитнадан да жаман, себебі олардың сөздері қышыма ауруынан да тезірек жұғады және олар жүрек үшін қызба ауруынан да ыстығырақ! Мен бидғатшыларды лағынеттеп, өздерінің жиналыстарда оларға сөгіс және қарсылық білдіріп, оларды ұрысатын қаншама адамдарды көрдім. Алайда олар бидғатшылармен сөйлесуін тоқтатпады, ал азғыру байқаусыз және күпірлік ап-айқын, соңында әлгі кісілер бидғатшыларға қосылып тынды!” Қараңыз: “әл-Ибана” 3/470.

Имам әл-Әжурри бидғатшылармен сөйлесудің қауіптілігін және олармен қарым-қатынасты үзу қажет екенін атап өтіп, былай деді: “Ал егер адам: «Ал не үшін онымен (бидғатшымен) пікірталас жасап, оның айтқандарын теріске шығармасқа?», - десе, оған былай деп жауап беру керек: «Өйткені, сіз өзіңізді одан қауіпсіз сезіне алмайсыз, себебі сіз одан қандайда бір сөздерді естіп, жүрегіңізді бүлдіріп алуыңыз мүмкін! Ол сондай-ақ сізді өзінің шайтан оған сәндеп көрсеткен өтіріктері арқылы адасушылыққа салуы да мүмкін. Бірақ мұндай адаммен оның үстінен дәлелді қою үшін пікірталас жүргізу қажеттілігі әрі бұл (пікірталас) билеушінің (әмірдің) немесе сол сияқты біреудің қатысуымен жүруі (бұл қағидадан тыс) ерекшелік болып табылады. Басқа жағдайларда мұны істемеу қажет! Әрі мен сізге айтқан осы сөздерім мұсылмандардың ертедегі имамдарының Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сай келетін сөздері болып табылады!»” Қараңыз: “әш-Шәри’а” 3/574.
Бидғатшылардың еңбектерін оқудың, үнтаспаларын тыңдаудың және сайттарына кірудің қауіптілігі туралы
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умар ибн әл-Хаттабтың қолында Кітап иелері жазған парақшаларды көргенде, қатты ашуланып, оған былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сен не, әй, әл-Хаттабтың баласы, менің алып келген нәрсеме қатысты күдіктесің бе?! Олардан (Кітап иелерінен) еш нәрсе сұрамаңдар, себебі олар бір ақиқатты айтып, ал сендер оны жалған деп есептеулерің мүмкін, немесе олар бір жалғанды айтып, ал сендер оны ақиқат деп санауларың мүмкін. Әрі Аллаһпен ант етемін, тіпті егер Мұса Пайғамбардың өзі біздің арамызда болғанда, ол мен ұстанған нәрсеге ілесуге міндетті болар еді!» Ахмад 3/378, 471, әд-Дәрими 2/371. Шейх әл-Әлбани хадисті жақсы деді.

Ибн Баз басқарған Тұрақты Комитет ғалымдарына «Інжілді (Евангелие) оқудың үкімі қандай?» деген сұрақ қойылды. Олар былай жауап берді: «Аллаһ Тағала хабарлағандай, көктен түсірілген бұрынғы Кітаптар бұрмалауға және қоспалар енгізуге ұшыраған. Сондықтан мұсылман адамға ондай кітаптардан қандай да бір нәрселерді оқуға рұқсат етілмейді, тек егер ол осы Кітаптардағы бұрмалаулар мен қарама-қайшылықтарды түсіндіріп бергісі келетін бекем білімге ие адам болмаса ғана». Қараңыз: “Фәтауа әл-Ләжна” 3/311.

Имам Мәлик былай дейтін: «Өз әуес-қалауларын жақтаушылардың, бидғатшылардың және жұлдыздарға қарап бал ашатындардың кітаптарынан қандай да бір нәселерді рұқсат етуге болмайды!» Қараңыз: “Жәми’ әл-бәян әл-‘илм” 416

Имам әл-Мәруази былай баяндайтын: “Бірде мен Әбу ‘Абдуллаһқа (имам Ахмадқа): «Сөгіс білдірілетін нәрселер жазылған бір кітапты кездестірдім. Қалай ойлайсыз, оны өрттеп жіберу керек пе?», - дедім. Сонда ол: «Иә!», - деп жауап берді”. Қараңыз: “әл-Әдәб әш-шәр’ия” 1/229.

Бір күні Әбу Зур’адан өз заманының атақты қиссашысы – Харис әл-Мухасаб пен оның кітаптары туралы сұраған кезде, ол: “Ол кітаптардан сақ бол! Бұл кітаптар бидғат пен адасушылық болып табылады. Сәләфтардан жеткен хабарларға еріңдер, ақиқатында, ол хабарларда бұл кітаптарға жүгінбеу үшін жетіп асатын нәрселер бар!”, – деді. Оған: “Бірақ бұл кітаптарда ғибрат бар ғой”, – деген кезде, ол: “Кім үшін Аллаһтың Кітабында ғибрат болмаса, оған осы кітаптарда да өсиет болмайды!”, – деп жауап берді. Содан соң ол: “Адамдар нендей тез бидғатқа қарай ұмтылады!”, - деді. Қараңыз: “әс-Сияр” 13/99, “әл-Әнсаб” 4/99.

Сөз етіп жатқан нәрсемізге сондай-ақ мысал ретінде имам әл-Ғазалидің «Ихья ‘улюм әд-дин» (Діни ғылымдардың жаңғыруы) атты танымал кітабын келтіруге болады. Бұл едәуір пайдалы еңбек, оның ішінде Құран аяттары, хадистер мен сәләфтардың сөздері келтірілген. Әрі осы еңбектің пайдалы болуы себепті көптеген ғалымдар оған түсіндірмелер жазған, аталмыш еңбекті ықшамдаған, онда келтірілген хадистердің, хабарлардың сенімділігін тексерген.

Алайда, бұған қоса, осы кітаптың ішінде көптеген адасушылықтар бар болатын! Имам әз-Зәһаби осы кітаптың қателіктерін әшкерелеп, одан сақтандырған көптеген имамдардың сөздерін келтірген. Мысалы, имам әл-Жәузи әлгі кітап туралы былай дейтін: “«Әл-Ихья» кітабына келер болсақ, оның ішінде ғалымдардан басқа ешкім білмейтін көптеген қателіктер бар! Сол қателіктердің ең кішісі – онда өтірік хадистердің болуы”.

Имам әт-Туртуши, әл-Мәзири мен шейхул-Ислам Ибн Тәймия сынды ғалымдар да аталмыш кітапта әдеп пен зуһдтық туралы айтылған көптеген пайдалы сөздерден басқа, таухид (бірқұдайшылық) пен пайғамбарлыққа қатысты көптеген философиялық көзқарастар, көп сопылық ойлар мен сопы ғалымдарының дәйексөздері, көптеген өтірік, әлсіз хадистер және т.б. нәрселер келтірілгендігін айтқан. Қараңыз: “әс-Сияр” 3/327-338, “Мәжму’ул-фәтауа” 10/55.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай дейтін: “Бидғатшыларды бойкот жасау (әдістерінің) құрамына азғырудан қауіптеніп олардың кітаптарын оқуды тастау және оларды адамдардың арасында таратпау жатады! Адасушылық орындарынан алыс болу міндетті болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Дәжжалдің шыққанын естісе, одан қашсын, өйткені Аллаһпен ант етейін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, содан соң оның тарататын күмәндары себепті оған ілесіп кетеді». Алайда, егер бидғатшылардың кітаптарын оқудың себебі олардың адасушылығын біліп, оларды теріске шығару үшін болса, онда бұның дұрыс ақидаға ие әрі оларды теріске шығара алатындай адам үшін ешқандай проблемасы жоқ. Тіптен, мұндай нәрсені істеу міндетті болуы да мүмкін, өйткені бидғатты теріске шығару – парыз, ал онсыз парызға жету мүмкін болмайтын нәрсе де парыз!” Қараңыз: “Шәрх Люм’а әл-и’тиқад” 159-160.

Шейх Салих әл-Фаузанға «Бидғатшылардың кітабын оқып, олардың үнтаспаларын тыңдаудың шынайы үкімі қандай?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Бидғатшылардың кітартарын оқып, олардың үнтаспаларын тыңдауға болмайды, тек егер мұны олардың қателіктерін әшкерелеп, адасушылығын түсіндіргісі келген адам істемесе ғана. Ал қарапайым адам мен білім ізденуші студент, немесе бидғатшыларға қарсы жауап қайтару үшін емес, керісінше жай біліп алу үшін ғана оқитын кісіге келер болсақ, оларға бұны оқуға тыйым салынады! Оның оқығаны жүрегіне әсер етіп және сол жамандық оның істерінде көрінуі мүмкін ғой! Сондықтан да адасқандардың кітаптарын мұны теріске шығаратын және (адамдарды) олардан сақтандыратын білім иелерінен болған мамандардан басқа, ешкімге оқуға рұқсат етілмейді!” Қараңыз: “Фәтауа фи-ссияса” 18.
Ашық бидғат жасап және оған шақырған адам қалай тәубе ету керек?

Бүкіл ғалымдар тәубе етудің үш шарты бар екеніне бірауызды келіскен. Әлгі күнәсін тоқтату, істеген күнәсі үшін Аллаһтың алдында шынайы өкіну, әлгі күнәні ешқашан жасамаймын деп бел байлау. Алайда бидғатарды немесе басқа күнәларды ашық жасаған немесе сол күнәларды рұқсат етілген деп жариялаған, немесе бидғат жасау арқылы басқа адамдарды адасушылыққа түсірген әрбір адам тәубенің тағы бір шартын орындауы қажет: ашық түрде тәубе етуі, істеген ісі адасушылық және күнә екенін жұртқа түсіндіруі тиіс! Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Расында, Біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін оларды жасырғандарға Аллаһ лағынеттейді әрі бүкіл лағынет етушілер лағынеттейді. Бірақ тәубе еткендер, істегендерін түзеткендер және шындықты баян еткендер басқа. Мен солардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен - ерекше Мейірімдімін» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: «Кім күнәні жасырын істесе, жасырын тәубе етсін және ол өз күнәсі туралы жариялап айтпауы керек. Ал егер Аллаһтың құлы күнәні жария істесе, онда ол тәубесін де жария істеуге міндетті». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 15/302.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Бидғатқа шақырған кісінің тәубесінің шарттарының бірі – ол сол адасушылық пен бидғатты түсіндіріп беруі және тура жолға нұсқауы қажет!» Қараңыз: «‘Уддату-ссабирин» 93.

Хасан ибн Шақық былай деген: “Бірде біз Ибн әл-Мубаракпен бірге болған кезде, оған бір кісі келді. Ибн әл-Мубарак оған: «Сен әлгі жәһмисің бе?!», - деді. Ол: «Иә», - деді. Сонда Ибн әл-Мубарак: «Менің қасымнан кет, әрі ешқашан қайтып келме!», - деді. Әлгі кісі: «Мен тәубе еттім ғой!», - деді. Бұны естіген Ибн әл-Мубарак: «Сенің бидғатың қандай айқын болған болса, тәубең де тура солай айқын болмайынша - жоқ!», - деді” Ибн Батта “әл-Ибана әс-суғра” 154.

Исламда жақсы бидғат (бид’а хасана) жоқ екендігі туралы

және олардың күмәнді дәйектеріне қарсы жауап


Егер оқырман осы тарауға дейін мұқият оқып шыққан болса, Аллаһтың қалауымен, ол «Исламда жақсы бидғат бар ма?» деген сұрақтың жауабы сөзсіз «Егер бұл ақидаға және ғибадаттың рәсімдік түрлеріне қатысты болса, онда Исламда жақсы бидғат деген жоқ» деген жауап болатынын анық түсінеді.

Алайда, бидғат пен әуес-қалаулардың жақтаушыларында Исламда жақсы бидғат бар дегенге бірнеше күмәнді дәйектері бар, әрі олар осылайша діннің түрлі салалары мен мәселелеріндегі өз адасушылықтары мен бидғаттарын ақтауға тырысады. Суфьян әс-Сәури: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ!», - деп, ақиқатты айтқан. Қараңыз: “әл-Хужда фи баян әл-мәхажа” 2/484.

Яғни кез келген адасушылық дәлел және негіздеме сияқты бір нәрсеге ие болады: ол әлсіз немесе ойдан тоқылған хадистер; немесе шариғат талап ететіндей етіп түсіндірілмеген сахих хадистер; немесе діннің белгілі бір саласында ақиқаттан ауытқыған қандай да бір имамдардың сөздері болуы мүмкін.

Аллаһ Тағаланың рұқсатымен осы мәселені жан-жақты қарастырып, Исламда жақсы бидғат бар дейтіндердің дәлелдерін талдайық:




Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет